Сабақ жоспар Сабақтың тақырыбы Калашников автоматын (қол пулеметін) атуға дайындау


Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары



бет4/7
Дата08.02.2022
өлшемі27,43 Kb.
#119325
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
15-16 сабақ

Автоматтың (пулеметтің) қалыпты жағдайын бұзатын негізгі ақаулары мыналар болып табылады:
- қарауыл майысқанда немесе соғылғанда, бір жағына төменге немесе жоғарыға қарай орнынан жылжығанда – оқтар қарауыл ұшының орнына қарама-қарсы жаққа ауытқиды;
- көздеу тақташасы майысқанда немесе қисайғанда – оқтар көздеу тақташасы қырының кесігі ауысуы жағына ауытқиды.
- ұңғы майысқанда – оқтар ұңғының ауыз жағындағы қайырма жағына ауытқиды.
- ұңғы арнасының қажалуы, ойық өрістері бұрыштарының дөңгеленуі мен тозуы, көздеу тақташа, қарауыл, дүм тербетілуі – мұның барлығы оқ шашырауын көбейтеді.
Жауынгерлер мен сержанттардың автоматты (пулеметті) тексеріп қарау тәртібі
Күнделікті қарау кезінде автоматтың (пулеметтің) барлық бөліктерінің болуына көз жеткізіп, сыртқы бөліктерінде таттың, балшықтың, сондай-ақ майысу, сызат түскен және механизмдердің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін басқа да зақымдардың болуын сүмбінің бекітілуінің беріктігін, автоматтың майлану жағдайын, белдігінің, керек-жарақтарының, оқжатардың, олар салынатын сөмкелердің болуы тексеру керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет