Кедергілерді өлшеу
Жоспары:
Ом заңының шығу тарихы.
Кедергілерді өлшеуге арналған құрал.
Аспаптардың құрылысы.
Неміс физигі Георг Симон Ом 1787 жылы 16 наурызда Эрланген қаласында дүниеге келген. Көп жылдар ұстаздық еңбек еткен. Оның еңбектерінің негізгі бағыты электр, оптика, акустика салаларына арналған. Ол бірнеше эксперименттер жүргізіп, 1827 жылы электр тізбегінің негізгі заңын ашты. Кедергінің бірлігі 1881 жылдан бері Ом есімімен аталып келеді. Георг Ом 1854 жылы 7 шілдеде қайтыс болды.
Пропорционалдың коэффициенті өткізгіш материалының тегіне және оның өлшеміне тәуелді екендігін, бірқатар тәжірибелер нәтижесінде тапқан.
Электрлік кедергі – электр тізбесінің немесе өткізгіштің электр тогына қарсы бағытталған әсерін сипаттайтын шама. Тұрақты кернеу жағдайында тізбек бөлігіндегі электрлік кедергі R-скаляр шама, ток көздерінің электр қозғаушы күші бұл бөлікте болмаған кезде оның ұштарындағы U кернеудің І ток күшіне қатынасына тең болады.
p · l
S
R=
Мұндай электрлік кедергі омдық немесе активті кедергі деп атайды.
S
l
R=
Мұндағы R – меншікті электрлік кедергі, ол өткізгіш материалын сипаттайды. Көп жағдайда (негізінен электрлік кедергінің физикалық табиғатын қарастырғанда) орнына меншікті электрлік өткізгіш алынады. Электрлік кедергі омметрмен немесе өлшегіш көпірлермен өлшенеді.
Электрлік кедергінің бірліктердің халықаралық жүйесіндегі өлшеу бірлігі – Ом.
Өлшеуіш аспаптың шкаласын бөліктерге бөліп белгілеуді градустау дейді. Осы жағдайда біз аспаптың шкаласын Омдарға бөліп белгілегенде, сондықтан оны омметр ретінде қолдана аламыз.
Қорытынды:
Сұрақтар.
Кедергілер қандай аспаппен өлшенеді ?
Бұл аспап қандай бөліктерден тұрады ?
Өлшеуіш аспаптың шкаласын бөліктерге бөліп белгіленуі не деп аталады ?
|