Сабақ жоспары №1 Сабақтың тақырыбы: Рационал сандарға амалдар қолдану



Дата19.10.2019
өлшемі59,8 Kb.
#50273
түріСабақ
Байланысты:
1 сабақ Рационал мандарға амалдар қолдану
obem 0, $ализ дкр 2 ж.ж. 1-2 курс каз гр по матем, 0005ac2c-7897b9e9, 0005ac2c-7897b9e9
«Бекітемін»

«Алматы облысының қызмет көрсету және

тамақтандыру саласындағы инновациялық

технологиялар колледжі» МКҚК – ның

директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Л.В. Кадничанская_____________________


Курс 1

Сабақ жоспары № 1


Сабақтың тақырыбы:

Рационал сандарға амалдар қолдану.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:



Білім алушыларға рационал сандарға амалдар қолдануға және таңбалар ережесін пайдаланып есептер шығару арқылы білімдерін бекіту.

Дамытушылық:

Шапшаң ойлау қабілетін дамыту, топпен, өз бетімен жұмыс істей білуге бейімдеу.

Тәрбиелік:

Өзге адамның ой – пікірін тыңдауға, тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі:

Алған білімдерін пысықтау, бекіту сабағы

Сабақтың әдісі:

Сөздік, сұрақ - жауап, практикалық

Сабақтың типі:

аралас

Сабақтың формасы:

Топтық ,жеке, жұптық

Пән аралық байланыс:

Физика, тарих, өндірістік сабақ

Сабақтың көрнекілігі:

Презентация, үлестірмелі материалдар, проектор, компьютер




Уақыт

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Білім алушының

іс-әрекеті

Керекті жабдықтар

2 мин

Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, білім алушылармен танысу және олардың сабаққа дайындығын тексеру, сабақ мақсатымен таныстыру.

Амандасу.




8 мин

Актуалдау

а) ауызша есептер. Слайдта ауызшаға шығаруға арналған есептер көрсетіледі.

ә) сұрақтар

Ағашқа жазылған сұрақтар:

-Санның модулі дегеніміз не?

-Оң сандар дегеніміз не?

-Теріс сандар дегеніміз не?

Рационал сандар дегеніміз не?



Бүтін сандар дегеніміз не?

-Қарама-қарсы сандар дегеніміз не?


Ауызша есептерді шығарады, сұрақтарға жауап береді.

2, 3,4-слайд

10 мин

Сабақты еске түсіру. Білім алушыларға жұмбақ жасырылады.

Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда

(Рационал сан) Жұмбақтың шешімін тапқаннан кейін, білім алушыларға тақырып хабарланып, білім алушылардың өздеріне сабаққа мақсат қойғызады. Бұл білім алушылардың коммуникативті құзіреттілігінің дамуына оң ықпал береді.

Жұмбақтың жауабын табады, сабаққа мақсат қояды, конспект жасайды.


5, 6 слайд

18 мин

Сабақты бекіту

Тақтаға есептер шығарады. Жұптастырып деңгейлік тапсырмалар орындайды. Тест жұмысын орындайды.

Үлестірмелі карточкалар

2 мин

Үйге тапсырма беру. №690 (4, 5, 6), 143 бет. 5 сынып

Күнделікке жазады №690 (4, 5, 6), 143 бет. 5 сынып




2 мин



Рефлексия

Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.

Insert кестесі


1 мин

Сергіту сәті

Әр қатар оң сан мен теріс санды жарнамалайды.




2 мин

Бағалау. Білім алушылардың жауаптарына, білім деңгейлеріне және сабаққа қатысуына байланысты бағалау

Күнделіктеріне баға қойдырады

Бағалау парағы

Не сәтті өтті?




Не сәтсіз болды?




Нені дамыта алар едім?




Бүтін сан, бөлшек сандар

Барлығы да бар онда

Бұл қандай сан айтыңдаршы

Оң, теріс сан бәрі сонда

(Рационал сан)

Рационал сандар деп    (a∈ P, b∈ P, b ≠ 0) сандарын атаймыз. Мысалы

Рационал сандар жиының  R  деп белгілейміз.

Кез келген бүтін  c  саны рационал жиынына еңеді да, яғни рационал саны да болып табылады. Өйткені с = , соңдықтан P ⊆ R деп жазылады.



Анықтама: қатынасы түрінде жазуға болатын сандар рационал сандар жиынын құрайды

Мысалы: 7; -9;  ; 0,3; -0,19 рационал сандар

Кез келген рационал сандар санды бүтін санның натурал санға қатынасы түрінде жазуға болады. Рационал сандар жиыны Q әрпімен белгіленеді. Q әрпі француз тіліндегі quotient (қазақшаға аударғанда «қатынас»)
 «Кім жылдам» 

I- қатар

II- қатар

III- қатар

 1)   -2,75+(-0,25)= 

 2)   -5*(-5):5

 3)   18+(-10)=

 4)   -8*(-5)=

 5)   100+(-100)=

 6)    -13*(-5)=



 1)   0+(-999)=

 2)   -0,72*(-1)=

 3)   0:100=

 4)   0*(-10)=

 5)   -56 –(-35)=

 6)   -18+10=



 1)   -12:3=

 2)   -64: 8+34 =

 3)   -5*(-5):(-5)=

 4)   -10*10= 

 5)   -25:(-5)=

 6)   -100+99=







Есептеңдер

жауаптары

1

- 90 + (- 3) – (-7)

- 86

2

8,2 (- 1,5)

-12,3

3

35 – (- 7) 6

77

4

-1,4 : (-7) + (- 0,8)

-0,6

5

(0,6 – 1 ) (-1,5)

0,6

6

- 6 (1,5 +4)

-33

7

(-2)

36

Тест

1.Екі теріс санның қосындысы-

а)оң сан;     ә)теріс сан;    б)аралас сан;   в)бөлшек сан;



2.Қарама-қарсы екі санның қосындысы-

а)оң сан;     ә)теріс сан;    б) 0-ге тең;   в)бөлшек сан;



3)(-)*(+)=

a)(+);      ә)(+;-);    б) (+;+);      в) (-).



4)   (-)*(-)=

a)(+);      ә)(+;-);    б) (-);      в) (+;+).



5)    (+)*(+)=

a)(+);      ә)(+;-);    б) (+;+);      в) (-).



6)(-)*(+)=

a)(+);      ә)(+;-);    б) (+;+);      в) (-).



7)(-)*(-)=

a)(+);      ә)(+;-);    б) (+;+);      в) (-).



8)(+)*(-)=

a)(-);      ә)(+;-);    б) (+;);      в) (+;+).

584 есеп.


  1. 8*(-3)+(-7) 3) (-2)*(-5)-12

  2. 32÷(-4)+5            4) 35-(-7)*6.

585

1) (0,6-1)*1,5                      2) (0,25-1):(-5);

3) (1,3-0,5)*(-3,5)                4)1,7(-7)+(-0,8);

 Қайталау сұрақтары:

(+)*(+)=(+)            (+):(+)=(+)

(–)*(–)=(+)              (–):(–)=(+)

(+)*(–)=(–)              (+):(–)=(–)

(–)*(+)=(–)              (–):(+)=(–)

 (–)*(+)=(–) 

(–)*(–)=(+)

(+)*(–)=(–)

(–)*(+)=(–)

Білім алушыларға сергіту сәтін өткізу. Білім алушыларға жақсы көңіл күй түдыру.

Жарнама. Әр қатар оң сан мен теріс санды жарнамалайды.

Мысалы :


  • оң сан ұтыс, оң сан жылылық, оң сан биіктік тб,

  • теріс санмен ұтылыс, салқындық, тереңдік тб



Оқытушының қолы: ___________Жангарашова М.К.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет