Сабақ жоспары №24 Пәні: Қазақ тілі Мерзімі Тобы: оогх-30 Сабақтың лексикалық тақырыбы



бет2/2
Дата21.07.2017
өлшемі276,05 Kb.
#21726
түріСабақ
1   2

4-аялдама: «Ханшатыр» аялдамасы. Осы аялдама жету үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.

Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып жазыңдар. 5 мин

Парламент үйі қаланың ортасында тұр. Көшенің бойы... ағаштар отырғызылған. Әуежай қаланың сырты... орналасқан. Мектептің қасы... үлкен саябақ бар. Саябақтың іші... қызыл, жасыл, көк гүлдер өсіп тұр. Саябақтың қасы... жаңа тұрғын үйлер салынған. Ескерткіштің арты... үлкен ғимарат тұр. Ғимараттың алды... әдемі гүлдер егілген. 

«Ханшатыр» аялдамасына да келдік.

5-аялдама: «Бәйтерек» аялдамасы. Міне, соңғы аялдамаға да келіп жеттік. «Бәйтерекке» көтерілгенімізше келесі тапсырманы орындайық: «Синквейн» әдісі бойынша бес жол өлең құрастырып жазу керек.

Синквейн құру тәртібі: 
Бірінші тармақ – зат есім (1 сөз); 
Екінші тармақ – сын есім (2 сөз); 
Үшінші тармақ – етістік (3 сөз); 
Төртінші тармақ – сөйлем; 
Бесінші тармақ – бірінші тармақтағы сөзбен мағыналас сөз (синоним). 

Мысалы:
1. Астана 
2. Көрікті, әсем

3. Көркейген, гүлденген, жаңарған. 
4. Астана- Сарыарқа жерінде орналасқан. 
5. Елорда

Енді “Бәйтерек” монументі туралы өздеріңнің ойларыңды ортаға салыңдар.

Бәйтерек – бас қаламыздың символы. Монументтің биіктігі – 97 метр.

Бәйтерек – Есілдің сол жақ жағалауында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. Бәйтерек - әлемдегі ең соңғы үлгідегі керемет. Мұндай әсем ескерткіш Түркия астанасы Анкара және Австралияның Сидней қаласында бой көтерген.
V. Бекіту. Тест. 
1.Астана қаласы Қазақстанның қай жерінде орналасқан? 
а) Сарыарқа в) шығыс с) батыс д) оңтүстік 
2. Астана қаласының символы: 
а) Ту в) Елтаңба с) Гимн д) Бәйтерек 
3. Астана .... қала.
а) көне в) ескі с) бас д) таза 
4. Астана – Қазақстан Республикасының нешінші астанасы? 
а) бірінші в) алтыншы с) екінші д) төртінші 
5. Астана қаласының тұсаукесер тойы: 
а) 1998 в) 1991 с) 1997 д) 1995 
6. Астананың бұрынғы аты: 
а) Ақтобе в) Алматы с) Ақмола д) Орал 
7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? 
а) Еділ в) Есіл с) Қарасу д)Жайық 
8. Астана қаласында қанша ұлт өкілдері тұрады? 
а) 100 –ден астам в) 130-дан астам с) 200-ден астам д) 50-ден астам 
9. «Астана – столица Казахстана» сөзінің аудармасын тап: 
а) Астана күшті қала в) Астана – Қазақстанның астанасы с) Астана – Қазақстан қаласы д) Астана жас қала
10. Астананың туған күні: 
а) 6 шілде в)10 шілде с)10 маусым д) 6 маусым 
Жауабы: 1-а, 2-д, 3-с, 4-д, 5-а, 6-с, 7-в, 8-а, 9-в, 10-а.

VІ. Қорытындылау.

Сабақты «ақылды таяқшамен» қорытындылау.


Бүгін біз Астана қаласы туралы қаншама деректерді білдік. 
Арманы асқарындай астанамыз,
Елорда,
алтын орда - бас қаламыз.
Жыл сайын жеткен жеңіс,
асқан асу,
Ерен ерлік үлгісі
- дастан аңыз.
Сананы түйткілдерден тазартайық,
Айтпаған шындық сөзді тартар айып.
Авторы,
сәулетшісі Астананың-
Елбас
ымыз Нұрсұлтан Назарбаев!– дей отырып, сабағымызды аяқтаймыз.
VІІ. Бағалау. Сабақта белсенділік танытқан студенттерге баға қою.

VІІІ. Үйге тапсырма: 72 бет, 4-тапсырма.

Пән оқытушысы: Б.Мукашева
Каталог: uploads -> doc -> 0714
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0714 -> ШҚО,Ұлан ауданы,Мамай батыр ауылы «М. Ломоносов атындағы орта мектеп» кмм
0714 -> СабақТЫҢ тақырыбы: " мағжан жұмабаевтың шығармашылығЫ"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет