Сабақ жоспары №8 Пән : Информатика Топ № сақӨМ-50 Мерзімі



Дата07.02.2022
өлшемі26,3 Kb.
#86992
түріСабақ
Байланысты:
№8
№1КАЗ




Бекітемін
«Текелі кәсіптік колледжі» МКҚК
директордың оқу жұмысы
жөніндегі орынбасары
_______________М.Б.Ерманова



Сабақ жоспары №8


Пән: Информатика

Топ № САҚӨМ-50

Мерзімі:









Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Сабақтың мақсаты:

білімділік:білім алушыларғакомпьютердің бағдарламалық қамтамасыз ету туралы түсіндіру;




дамытушылық:білім алушылардыңлогикалық ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін дамыту;




тәрбиелік:білім алушыларды жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі:

жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі:

теориялық сабақ

Оқыту әдістері:

түсіндіру, сұрақ- жауап

Пәнаралық байланыс:

Математика, геометрия,технология

Оқыту құралдары:

Интерактивті тақта, дербес компьютер және оның құрылғылары,инструкциялық нусқаулық карта.





Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Білім алушылармен амандасу, оқу құралдарын түгендеу, компьютерді іске қосу.
2. Жаңа тақырыпты меңгерту
Дәріс 5.Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы
3. Бекіту
1 тапсырма Сұрақ-жауап

    1. Праграммалық жабдықтама түрлерін атаңыз.

    2. ОЖ қызметкері қандай?

    3. Қолданбалы бағдарламалар дегеніміз не?

    4. Физикалық ресурстарға нелер жатады?

2 тапсырма
Ақпарат және программа сөзіне сипаттама жазу.


4. Сабақты қорытындылау
(білім алушыларды бағалау)
5.Үйге тапсырма
&4, 27 бет Тәжірибелік тапсырма.

Пән оқытушысы: ____________ Ахметова М.Б.


Дәріс№5


Сабақтың тақырыбы: Ақпараттық және программалық қамтамасыз етудің диалектикасы

Компьютерге арналған программалардың жиынтығы программалық жабдықтаманы құрады. Қызмет ету қасиеттері бойынша программалық жабдықтаманың келесі түрлерін ажыратады.



  1. Жүйелік

  2. Қолданбалық

Жүйелік жабдықтама деп өзіне:

операциялық жүйелердің негізгі қызметі:

  • физикалық;

  • логикалық

  • есептеуіш жүйелердің процестері ресурстарын басқару болып табылады.

Физикалық ресурстарға: жедел жад, процессор, монитор, баспа құрылғысы, магниттік және оптикалық дискілер жатады. Логикалық ресурстарға: программаларды, файлдарды, оқиғаларды және т.б. жатқызуға болады.
Желілік программалық жабдықтама желілік есептеуіш жүйелердегі жалпы ресурстарды: магниттік дискілердегі желілік жинақтауышарды, принтерлерді, сканерлерді, жіберілетін хабарламаларды және т.б. басқаруға арналған.
Желілік программалық жабдықтамаға:

  • желілік ОЖ

  • желілік емес ОЖ-лерде бар кейбір желілік программаларды жатқызады.

Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама аталады.
Операциялық жүйелердің мүмкіндіктерін кеңейту үшін және қосымша қызметтер жиныны ұсыну үшін сервистік программалар қолданылады. Сервистік программалардың ішінен утилиталарды қарастырамыз. Утилиталар пайдаланушыларға компьютер мен оның жабдықтамасына қызмет көрсету құралдарын ұсынады.
Олар келесі әрекеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді:

  • магниттік дискілерге қызмет көрсету;

  • файлдар мен каталогтарға қызмет көрсету;

  • компьютер ресурстары жайлы ақпарат ұсыну;

  • ақпаратты шифрлеу;

  • компьютерлік вирустардан қорғау;

  • файлдарды архивтеу және басқалары.

Программаларды жасау құрлдары жүйелік те, қолданбалы да жаңа программалық жабдықтамаларды жасау үшін пайдаланылады.
Қолданбалы деп белгілі бір қызметтер саласының белгілі бір мақсаттық мәселелерін шешуге арналған программалық жабдықтама деп аталады. Көбінесе мұндай програмамларды қосымшалар деп атайды.
Қызмет салаларының спектрі қазіргі кезде өте кең және кем дегенде өзіне: өндірістік өрекәсіпті, инженерлік тәжірибені, ғылыми зерттеулерді, медицинаны, басқаруды, іс-жүргізуді, баспа қызметін, білім беруді және т.б. қосады.
Типтік қолданбалы программалық жабдықтамаға келесі программаларды жатқызады:

  • мәтіндік процессорларды;

  • кестелік процессорларды;

  • безендіру және іс қағаз грфика жүйелері;

  • деректер базасын басқару жүйелері;

  • сараптау жүйелері;

  • математикалық есептеулер, эксперименттік деректерді модельдеу және талдау программалары жатады.

Программалық жабдықтама нарығында ұсынылатын қосымшалар, жалпы жағдайда, жеке программалар немесе біріктірілген жүйелер ретінде орындалуы мүмкін.

Ақпарат

Программа


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет