Сабақ жоспары ашық сабақ: Қазақтың салт-дәстүрлері Мектеп: «№236 орта мектебі»кмм күні



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі373,98 Kb.
#18025
түріСабақ
  1   2
Ашық сабақ жоспары


АШЫҚ САБАҚ:

Қазақтың салт-дәстүрлері



Мектеп: «№236 орта мектебі»КММ

Күні:

Мұғалімнің аты – жөні: Даулетова В.С.

СЫНЫП: 7

ІІІ тоқсан



Қатысқан оқушылар саны:16

Қатыспағандар:жоқ

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

«Қазақтың салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша:

А4. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау және талқылау;

А5. Сенімді жəне еркін жауап беру.


Сабақ мақсаттары:


Барлық оқушылар орындай алады: мәтінді түсініп, сөз тіркестерін құрай алады, «жіңішке» сұрақтарға жауап бере алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: мәтін бойынша сөйлеседі, өз ойларын жеткізе алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: «жуан» сұрақтарға жауап бере алады, мәтін бойынша өз ойын ауызша жеткізе біледі, шығармашылық тапсырмалар орындай алады.

Тілдік мақсат:


Оқушылар орындай алады: оқылған мәтін бойынша сенімді жəне еркін жауап бере алады, өз ойларын айта біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор ( сөз тіркестері ) мен терминдер: азан, ақсақал, лайықты, көңіл бөлген, нәресте, арнайы, қорғап, күзету, бесік, бөлейді, ыңғайлы, көздің қарашығындай.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?

Жаңа туған нәрестеге байланысты қандай рәсімді білесіңдер?

Неге баланы бесікке салу сыйлы әжеге тапсырылады?

Салт-дәстүр неге тәрбиелейді?



Пәнаралық байланыстар:

АКТ, орыс тілі мен әдебиеті.

Алдыңғы оқу:


Наурыз туралы не білетінін айқындау.

Дескрипторлар:



Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс түрі

Ресурстар

Сабақтың басы

6 минут


«Наурыз мейрамы» тақырыбын «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша тексеру:

Наурыз мейрамы қашан тойланады?

Неліктен Наурыз мейрамы 22 наурызда тойланады? Наурыз мерекесіне ұқсас қандай мереке бар?

Наурыз қандай мейрам?

Наурыз қалай тойланады? /ән айтады, би билейді, наурызкөже пісіріледі, салт-дәстүрлер көрсетіледі/.

Сендер қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?


Интербелсенді тақтада суреттер беріледі/флипчарт/: шілдехана, бесікке салу, ат қою, тұсау кесу.

ШІЛДЕХАНА

БЕСІККЕ САЛУ

АТ ҚОЮ

ТҰСАУ КЕСУ
Сұрақ қою арқылы сабақ тақырыбы анықталады.

Қалай ойлайсыңдар, біз неге бұл суреттерді алдық?

/ Наурыз мерекесінде қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіледі, сондықтан біз салт-дәстүрлермен танысамыз /.

Қай сурет артық? Неге? / «Тұсау кесу» артық, себебі бұл бала өскен кезде, ал қалған салт-дәстүрлер бала туғанда өткізіледі/.



Мақсаты хабарланады.

Сынып «ПАЗЛ» әдісі арқылы үш топқа бөлінеді.





Интербелсенді тақта, флипчарт

Салт-дәстүрге байланысты суреттер


Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет