Сабақ жоспары «Бекітемін» Оқу ісінің меңгерушісі


Жаратылыстану-математикалық бағыт



бет2/10
Дата06.02.2017
өлшемі1,66 Mb.
#8794
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жаратылыстану-математикалық бағыт

Сабақтың тақырыбы: Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау. Бұлтты технология



Сабақтың мақсаты:

  • Құрылымдық, модульдік, нысанға бағытталған программалау, бұлтты технологияға қатысты ұғымдарға мағлұмат беру

  • Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  • Пэнге деген қызыгушылықтарын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: тұсаукесер.

Сабақтың әдістері: сөйлесу, сұрақ-жауап, көрнекілік қолдану, тәжірибелік эдіс. Сабақтың типі: тәжірибелік элементі бар жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы.

Өтілетін орны: информатика сыныбы.

Сабақтың барысы

  1. ¥йымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастырып, сыныпта оқушыларды түгендеу.

  1. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

Үйге берілген тапсырманың орындалуын тексеру.

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе кезеңі

Теория

Көлемі жағынан орташа программаларды құруда құрылымдық программалау қолданы- лады. Оның негізгі идеясы, оны шешу алгоритмі ағымдағы мэтінге анық корінуі үшін шешілетін тапсырманың құрылымын программа кұрылымы корсетуі тиіс. Ол үшін жай үш оператордың көмегімен кұрылатын программа құралдары ғана емес, сонымен қатар алгоритмнің құрылымын нақты бейнелейтін құралдар қажет. Осы мақсатпен программа- лауда ішкі программа ұғымы енгізілген. ішкі программа қажетті әрекетті орындаушы жэ- не ағымдағы кодтың басқа бөліктеріне тэуелді емес операторлар жиынтығы. Програм­ма бірнеше кішкене ішкі программаларға бөлінеді, олардың әрқайсысы ағымдағы тап- сырмамен қарастырылған әрекеттердің бірін орындайды. Құрылымдық программалау идеясы 70-жылдары IBM компаниясында пайда болды, оны эзірлеуде атақты ғалымдар Э.Дейкстра, Х.Милс, Э.Кнут, С.Хоор қатысты. Құрылымдық программалау программа- лық өнімнің модульдік құрылымына жэне эртүрлі программалық модульдердің мәлімет- терін оңдеу алгоритмдерінің типтік басқару құрылымдарына негізделген. Құрылымды басқару типтері:

  • реттілік;

  • альтернатива (таңдау шарты);

  • цикл.

Құрылымдық программалауға жататын программа эзірлеудің екі эдістемесі кең таралған:

  • Жоғарыдан томенге программалау

  • Төменнен жоғарыға программалау.

Жоғарыдан төменге программалау, программаны эзірлеудің бұл эдістемесінде эзірлеу мэселені шешу мақсатын анықтаудан басталып, одан кейін нақты программамен аяқ- талады. Ең алдымен ең ауқымды тапсырмаларды шешетін бірнеше ішкі программалар ерекшеленеді, одан кейін осы модульдердің әрқайсысы өз кезегінде бірнеше басқа ішкі программаларға бөлініп, барлық тапсырма жүзеге асқанша жалғаса береді. Бұл жағдайда программа жоғарыдан төменге қарай құрастырылады, басты программадан ең төмен- гі ішкі программаларға дейін, сондай-ак эрбір деңгейде тек қарапайым инструкциялар, циклдер жэне шартты тармақталулар қолданылады.

Төменнен жоғарыға программалау, бұл жалпы сызбаның жұмысы аяқталмай жатып, ішкі программаларды (процедуралар, функциялар) дайындаудан бастайтын программа әзірлеу- дің эдістемесі. Бұл эдістеме алдыңғы эдістемеге қарағанда тиімсіз болып саналады, өйт- кені қолайсыз нэтижелерге, қайта жөндеулерге жэне әзірлеудің уақытын созуға жиі әкеліп соғады. ішкі программалардың ең маңызды мінездемесі оларды қайта қолдану мүмкіндігі. ішкі программалардың екі түрі бар: процедуралар жэне функциялар. Олардың айырмашы- лығы, процедура операторлар тобын жай орындайды, ал функция сонымен бірге қандай да бір мэнді есептейді жэне оны басты программаға кайтадан жібереді (мэнді қайтарады). Ол мэннің арнайы типі болады. ішкі программаның жұмысы мағыналы болу үшін оған сырт- қы программалардан мэліметтер алу керек. Мәліметтер ішкі программада параметрлер не- месе аргументтер түрінде жіберіледі, олар әдетте айнымалылар сияқты оның бастапқы бө- лігінде сипатталады. ішкі программалар қажетті параметрлермен олардың жай атауын жа- зу арқылы шақырылады. ішкі программалар оларды шақыру кезінде гана белсенді болады. ішкі программаның ішіндегі операторлар, егер олар нақты шақырылса гана орындалады. Кейбір программалау тілдерінде ішкі программаларды өзінің ішінен шақыртуга болады. Мұндай тәсіл рекурсия деп аталады. Ол программаның бір орында тұрып қалуына экелуі мүмкін. Құрылымдык программалаудың артықшылыктары:

  • Программалардың сенімділігі артады (жаксы құрылымдау жэне жобалау аркылы программа тестілеуге жеңіл болады жэне іске косуда қиындықтар тугызбайды);

  • Программаның тиімділігі артады (программаны құрылымдау қателерді тез табуга жэне түзетуге мүмкіндік береді, ал жеке ішкі программаларды басқаларына қарамас- тан өзгертуге болады);

  • Программа әзірлеудің уакыты жэне багасы азаяды;

  • Программаны оку жақсарады.

  • Сонымен, құрылымдык программалау программалық кешендерді эзірлеуде келесі принциптерге негізделеді:

  • Программалау жоғарыдан төменге жүзеге асуы тиіс;

  • Барлық жоба ішкі программаларға бөлінуі тиіс;

  • ішкі программа үш негізгі құрылымнан тұруы тиіс, ол ретпен орындау, тармақталу (if, case) жэне қайталау (for, while, repeat);

  • Программаның кез келген нүктесіне кошу операторы қолданылмайды (goto); Құжаттама программалаумен бірге программаға коментарийлермен бірге бір уақытта құрылуы тиіс.

Құрылымдык программалау алгоритмдік мінездемесі бар математикалық есептерді шы- ғаруда тиімді қолданылады.

Модульдік программалау дегеніміз - программаны логикалық боліктерге болу үдерісі Программа бірнеше модульдерге бөлінеді жэне мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:

  1. модульдің дұрыс болуы жэне оның контекстерден тэуелсіз болуы қажет;

  2. модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып, эртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет. Мысал ретінде стандарт математикалық функциялардык есептелу программасын қарастыруға болады. Программалаушы sin(x) функциясыь программаның кез келген жерінде қолдана алады жэне оған функцияның есептелуі- не қай әдістің қолданып тұрғанын білудің қажеттілігі жоқ. Модуль өлшемі 60 жолда аспауы керек жэне модульдер өзара тэуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді эртүрлі модульге жинау керек. Модуль- дерді қолдана отырып программа күрделілігін төмендетуге болады.

Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағыт- талған программалау тілі дейміз. Нысанға бағытталған технологияда қолданушы үш базалық элементпен: нысандар, хабар жэне кластармен жұмыс істейді.

Нысандар - бірнеше рет колданылатын программалык модульдерден, яғни байланысқан мәліметтер мен процедуралардан тұрады. Нысан құрылымы екі бөліктен тұрады: айны- малылар жэне эдістер. Әдістерді нысан функциясының алгоритмін аныктайтын проце- дуралар мен функциялар жиыны құрайды. Нысанды айнымалылар жай мэліметтерден (сан, жиым, мэтін) жэне күрделі қүрылымды ақпараттардан (график, дыбыс, т.б.) тұра- ды. Нысандардың өзара байланысуына хабарлар қолданылады жэне үш бөлімнен тұра­ды: нысан идентификаторы, ағымдағы нысанда колданылатын эдіс аттары жэне таңдал- ған эдіс режімін қалпына келтіретін қосымша ақпараттар. Күрделі программалар бірне­ше бір типті нысандарды қолдануы мүмкін. Бүл жағдайда эр нысан үшін эдістер мен ай­нымалылар туралы акпаратты жазу тиімсіз. Бүл мақсатқа нысандар класы деген түсінік енгізілген. Класс дегеніміз - бір типті нысандарга арналган шаблон жэне нысанды айны­малылар типтері мен эдістерін аныктайтын ақпараттардан тұрады.

Нысанға бағытталған технологияга негізделген программалау тілдері: SmallTalk/v, Object Pascal, АСТ++, C++, Simula, Actor, Classic-Aga жэне т.б.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі үш принципі бар: инкапсуляция, тұқым қуалау, полиморфизм.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері:

  • Нысан.

  • Нысанның қасиеті.

  • Нысанның эдісі.

  • Нысандар класы.

Мысалы, автокөлік нысан болады, өйткені түс, модель, жылдамдық сияқты қасиеттері бар. Екпін, аялдама автомобильдің іс-эрекетіне, эдісіне қатысты. Сонымен, қасиет деге­німіз - нысанның сипаттамасы, эдіс дегеніміз - нысанның іс-эрекеті.

Нысанға бағытталған программалауда нысанмен жұмыс істеу үшін келесі жазу пішімі қолданылады:

  • Нысан: эдіс.

  • Нысан: қасиет.

  • Нысан: қасиет, эдіс.

Оқиға - нысан жағдайының қайсыбір эрекетке жауап ретінде өзгеруі.

Мысалы, пайдаланушының Word мэтіндік проңессорындағы эріптік-сандық батырманың басу эрекетіне жауап ретінде символ пайда болады. Нысандар кластарға біріге алады. Класс- эдістер немесе қасиеттер дегеніміз - ортақгығымен сипатталатын нысандар жиынтығы.



Бұлтты технология

Информатика пәніне ақпараттанудың күрт дамуына орай, түрлі жаңа терминдер мен тех- нологиялар қосыла бастады. Осындай соңғы кездегі кеңінен колданылатын жаңа техно- логиялардың бірі - бұлтты технология. «Бұлт» термині деректерді ғаламтор арқылы өңдеу технологиясының жетістіктерінің негізінде пайда болған. Бұл термин ағылшын- ша «Cloud technology» немесе «Cloud computing» (Cloud - бұлт; technology - технология;

computing - есептеулер) «бүлт/бүлттық есептеулер» немесе «бүлт/бүлттық технология, қызметтер» деп аударылады.

Бүлтты технология дегеніміз - қызмет корсететін эртүрлі үғымдардан тұратын үлкен бір түжырымдама. Мысалы, программалык жасақтама, инфрақүрылым, платформа, де- ректер, жүмыс орны жэне т.б. Бүлтты технологияның басты функциясы тұтынушыға ғаламтор аркылы деректерді оңдеуге толык мүмкіндік беру Бұлтты технология деп - компьютер ресурстарында Интернет қолданушыға онлайн жагдайында деректерді оңдеу технологиясын айтамыз.

Бүлттық есептеулерді қарапайым созбен былай түсіндіруге болады: түтынушы оз компьютерінде белгілі бір программаны іске косқанда негізгі есептеулер мен онда- ғы дереккөздер Интернеттегі шалғай серверлерде орындалып, сол жерде сақтала- ды да, ал жұмыс нэтижесі жаңағы түтынушының компьютерінде стандартты web- браузердің терезесіне шығарылып корсетіледі. Cloud computing-ді жүзеге асыратын серверлерді «есептегіш бүлттар» деп атайды. Бүлттық технологияда жүмыс істеу- дің әдеттегі программалармен жүмыс істеуден басты айырмашылығы - түтынушы оз компьютерінің ресурстарын емес, өзіне Интернет-қызметі ретінде берілген шал- ғайдағы мықты серверлердің ресурстарын пайдалануында. Сол аркылы түтынушы оз дереккөздерімен жүмыс істеуіне толық мүмкіндік алады, ал бірақ сол дереккөз­дер орналасқан амалдык жүйеге, программалар базасына, есептегіш серверлердің жүмысына еш кедергі келтіріп, оны өзгерте алмайды.

Бұлтты технологияны пайдаланудың тиімді жақтары:

үлкен ресурстарды қажет ететін қиын есептерді шешу үшін түтынушы өзінде жоқ көптеген серверлерді, программаларды бүлттар тарапынан пайдалана алады;

  • түтынушы кез келген жерден, кез келген уақытта Интернетке қосылган кез келген компьютерлік қүрылғымен оз дереккөздерімен жүмыс істей алады;

түтынушы компьютерлік қүрылғының осалдыгына немесе оның сынып бүзылу- ына немесе жүмыс істейтін программаның тоқтап, бүзылып қалуына тэуелді бол- майды;

  • түтынушы өз дереккөздерімен басқа адамдармен еш қиындықсыз бөлісіп, сол дерек­көздерімен олармен бірге қосылып жүмыс істей алады;

  • жеке компьютердегі программалармен салыстырганда бүлттық қызметтер көбінесе тегін немесе багалары айлық жарна ретінде өте арзан келеді;

  • кейбір жобаларды «бүлтқа шығарудың» эсіресе ірі компанияларга тиімді болатын жагы - аппараттық жэне программалык қамтамасыз етулерді администрациялауга, қолдауга, жаңартуға, лицензиялауга кететін шыгындарды үнемдеуінде болып табы- лады;

  • сондай-ақ сол программаларды жүргізетін білікті мамандар тапшылыгы мэселесін сол жобаны «бүлтқа шығару» аркылы шеше алады.

«Бұлттық технология» мақсатына карай төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  • Жеке бұлттар (Private cloud) - жеке кәсіпорындарының өзіне ғана, сондагы жеке тұлгалар мен олардың тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналган ішкі қүрылым. Жеке бүлттар сол кәсіпорынның өздеріндегі серверлерде орнатылуы мүмкін немесе сыртқы түлғаларда - ірі провайдерлердің сервер орталықтарында (Data-center) орна- ласып, VPN-каналы арқылы қолжетімді болуы мүмкін.

  • Ортақ бұлттар (Public cloud) - көпшілікке арналган, олардың Интернетте еркін жү­мыс істеуіне арналган қүрылым. Интернет желісіндегі Google, Yahoo, т.с.с. электрон-

дық пошта жүйелері, Facebook, Twitter сияқты элеуметтік желілерді Ортақ бұлттар- дың мысалы ретінде қарауға болады.

  • Қоғамдық бұлттар (Community cloud) - ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтыну- шыларға арналған құрылым.

  • Аралас бұлттар (Hybrid cloud) - екі немесе одан да көп бұлт түрлерінің (жеке, ор­тақ, қоғамдық) аралас тэсілдерін атауға болады. Бұлт түрінің осы моделін геогра- фиялық түрде эр жерде орналасқан филиалдары бар немесе көптеген программалық жүйелері бар ірі компаниялар қолдануы мүмкін.

Бұлттық технология қолданушыға қызмет корсету моделі мақсаты мен қүрамына байла- нысты мьінадай негізгі үш түрге бөлінеді: IaaS, PaaS, SaaS.

IaaS (Инфраорта сервис ретінде) - моделін тек ірі кәсіпорындар пайдалануы мүмкін. Оның жеке түлғаларға қажеттілігі шамалы. Сонымен IaaS моделі дегеніміз - тұтынушы озіне керекті эртүрлі компьютерлік инфраортаны пайдалану мүмкіншілігіне не бола алатын бизнес-модельдің үшінші бір түрі. Мүндай компьютерлік инфраортаға сервер- лер, мэлімет сақтау жүйелері, желілік құрылғылар, осы ресурстарды басқаруға арнал­ған программалар, амалдық жүйелер жэне т.с.с. кіреді. Бұл сервисті пайдаланған кәсі­порындар қымбат қүрылғылар мен программаларды сатып алу қажеттілігінен құтыла- ды да, тек пайдаланған инфраортаның кұрамы мен пайдаланған уақытына гана сэйкес қаражат төлейді. Мүндай модельді үйымдастыру кезінде бұлт иелері виртуалдау техно- логиясын қолданады, яғни белгілі бір қүрылғылар мен программаларды виртуалды бө- ліктерге боліп, бірнеше түтынушыларға пайдалануға бөліп беруі мүмкін. IaaS моделін пайдаланудың мысалы ретінде онлайнды MS Office программасын, «1C: Кэсіпорын» жэне кейбір антивирусты шешімдерді айтуға болады.

PaaS (Тұғырнама сервис ретінде) дегеніміз - тұтынушы өзінің негізгі программалары мен жаңадан жасалатын немесе сатып алатын программаларын бұлттарға қою мүмкінші­лігіне ие болатын бизнес-модельдің екінші бір түрі. Мүндай тұғырнамаға көбінесе прог­рамма жасауға, оны сынауға, орындауға арналған қүрал-жабдықтар, дереккоздерін бас- қаратын жүйелер, программа жазатын орта мен қүрылғылар кіреді. Қазіргі кезде көпте­ген программалар бір ортада жазылып, екінші ортада сынақтан өтіп, үшінші ортада іске қосылып жататыны жасырын емес. PaaS моделінің арқасында жоғарыда аталған құрас- тыру, сынау, іске қосу операцияларын интеграцияланған бір ортада өткізуге болады. Со- ның арқасында жаңағы айтылған эрбір ортаға, тұғырнамаға, сервер сатып алуға кететін шығындарды үнемдеуге болады. Осы модельдің жарқын мысалы ретінде web-сайттарға арналған хостинг қызметтерін айтуға болады.

SaaS (Программалар сервис ретінде) дегеніміз - тұтынушы «бұлттарда орналасқан» бұлт иелерінің меншігіндегі программалармен жұмыс істеу мүмкіншілігіне ие болатын бизнес-модельдің бір түрі. Тұтынушы кез келген жерден Интернетке қосылған кез келген компьютерлік құрылғымен өз дереккөздерімен жұмыс істей алады. Программаның үздік- сіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жэне оған кететін шығындарды толығымен бұлт ие­лері оз мойнына алады да, ал тұтынушы (егер сервис ақылы болса) тек сол бұлтты сер­висті қолданғаны үшін гана айлық жарна төлеп тұрады. Осылайша, тұтынушы озіне ке­ректі программаның лицензиясын сатып алуға бірден көп ақша шығармайды да, ал прог­рамма құрастырушылар өз өнімдерінің заңсыз таралуынан жэне заңсыз пайдалануы- нан сақтандырылады. SaaS моделінің тағы бір логикалық жалғасы ретінде соңғы кезде (Desktop as a Service, қысқаша DaaS) моделі шығып жүр. DaaS моделін пайдаланғанда тұтынушылар өз қызметіне қажетті толығымен дайындалған стандартталған «виртуалды жұмыс орнын» ала алады. Эр тұтынушы осы ұсынылган «виртуалды жұмыс орнын» өз қажетіне ыңғайлы етіп өзгерте алады. SaaS моделінен өзгешелігі - тұтынушы белгілі бір программа ғана емес, программалар жиынтығымен жұмыс істеуіне мүмкіншілік ала алады. Осыған ұқсас тағы бір (Workspace as a Service, қысқаша WaaS) деген модель де кездесіп жүр. Оның DaaS моделінен өзгешелігі - тұтынушы тек программамен жұмыс іс- теуге ғана мүмкіншілік алады да, ал барлық есептеулер тұтынушының өз компьютерін- де жүргізіледі. Тагы да бір аты аталып жүрген «Барлығы сервис ретінде» (Everything as a Service, қысқаша EaaS) моделі жоғарыда аталған барлық қызмет көрсету модельдері- нің элементгерінен құралады. Бірак бұл модель қазір нақты істейтін кызмет емес, тек қа- на концепция болуы мүмкін. Байқағанымыздай, бұлттық есептеулердің түрлері мен қыз- мет көрсету модельдері өте көп, солардың барлыгы да бизнеске арналган. Сонын ішін- де қарапайым жеке тұлғаларға арналган SaaS түріндегі шешімдер қазір көптеп кездеседі. Бір қызыгы, солардың көпшілігін қазір күнделікті өмірде колданып жүргенімізбен, бірак солардың «бұлттық» шешімдер екеніне көбіміз біле бермеуіміз мүмкін.

  1. Бекіту кезеңі

  2. Қорытынды кезең

  • Құрылымдық программалау деген не?

  • Модульдік программалау деген не?

  • Бұлтты технология деген не?

  1. Үйге тапсырма беру кезеңі Тақырыпты оку.


САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2014 ж __________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «А»

Жаратылыстану-математикалық бағыт



Сабақтың тақырыбы: Алгоритм және визуалды программалау технологиясы

Сабақтың мақсаты:



  • Алгоритмдеу жэне программалауға, алгоритм түрлеріне түсініктеме беру.

  • Visual Basic тілінің ерекшеліктерін, нысанга багытталган программа технологиясын т сіндіру.

  • Нысан туралы түсінікпен, нысанга багытталган программалаудың негізгі түсініктерімен таныстыру.

  • Нысанның қасиеттеріне мысалдар келтіру арқылы ойлау өрістерін қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: нысанга багытталган программаларды басқа программадан ажыратуды.

Оқушылар меңгеруі тиіс: нысандардың қасиеттерін, әдістерін, технологиясын сипаттай білуді.

Сабақтың барысы



  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін анықтау

  3. Білімді өзектендіру

Мүғалім оқушыларға төменде берілген сүрақтарды қою арқылы жаңа тақырыпты түсін- діреді.

  • Осыған дейін қандай программаларды оқыдыңдар?

Нысанға бағытталған программаны қай сыныпта оқыдыңдар?

  • Нысан деген не?

Қандай түрлерін білесіңдер?

  • Қандай мысал келтіре аласыңдар?

  1. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Теория

Қазіргі дамыған заман талабына сай адамдар атқаратын жұмыстарын (жазу, математикалық есептер шығару, суреттер салу модельдер кұруды т.б.) компьютерді пайдалану арқылы орындайды. Сондықтан кез келген атқаратын жүмыстың алдын ала жазылған алгоритмі болуы қажет. Алгоритм арқылы істің нәтижесіне жетуге болады жэне алгоритмнің негізінде программа қүрылады. Программалаушылар программаны орындау кезінде, ал­дын ала алгоритмді ойластырып алады.

Негізгі үғымдар:

Орындалатын іс-әрекеттің немесе алга қойылган мақсаттың нэтижеге жету жолын реттелген тізбектер түрінде орындау алгоритм деп аталады.



Алгоритм орындаушысы дегеніміз - қүрастырылган алгоритмді басқарушы адам неме­се машина.

Программа - алгоритм, ол арнайы программалау тіліне негізделіп жазылады. Программалау тілі - алгоритмдерді жэне алгоритмдік тілде жазылған амалдар тізбегін орындау үшін қолданатын, компьютерге түсінікті арнайы тіл.

Визуалды программа технологиясы нысанға бағыталған программа ортасында жұмыс істеуден басталады.

Windows амалдык жүйесіндегі программалар пайдаланушыларга (Graphical Use: Interface) өздерінің графикалық интерфейстерімен таныс. 1991 жылы Стивен Гибсонны:- (компьютерлік технологияның және компьютерлік қауіпсіздіктің бас маманы, програү- маларды ойлап табушы) программа жазуы бойынша Visual Basic тілі пайда болды.

Visual Basic тілі не? деген сұраққа жауап іздейтін болсақ:

Visual Basic тілі - визуалды графикалық интерфейс кұру кұралы. Құралдар арқыль пайдаланушы программа жазғанда уақытты үнемдейді.


  • Visual Basic тілі қазіргі кезде оку кұралы болып саналады. Себебі ол корнекті, логи- калы, карапайым, жеңілдігімен ерекшеленеді.

  • Visual Basic тілі «Microsoft» фирмасының таңдап алған тілдерінің бірі, ол Microsof фирмасының жаңадан шыгатын жүйелеріне (Windows 7, Windows 8) келтіріліп шы- ғарылады. Visual Basic тілінің жаңа Visual Basic Applications шыгарылымында Excel Access қосымшаларын, ал Visual Basic Script - Интернет қосымшаларын құруға мүм- кіндік береді.

  • Нысанға бағытталған программа - нысан қасиеттеріне сай келетін, кұрылым ретін- де қарастырылатын нысан ұгымы бар программа құрудың тәсілі.

Нысанға бағытталған программалаудың негізгі түсініктері: нысан, нысанның қасиеті. Нысанның әдісі; оқиға, нысандар класы.

V Жаңа білімді бекіту

Жаңа аныктамаларды оқушылар дәптерлеріне жазып отырады.

Бірнеше нысандарды карастырып, олардың қасиеттерін, әдістерін сипаттайды, аныкта маларды қысқаша айтып отеді.



  1. Қорытынды кезең Сабақтан білгеніміз:

  • нысанға бағытталған программаның не екендігін;

  • программа технологиясын;

  • нысанның негізгі түсініктерін.

  1. Үй тапсырмасы

  • Кез келген 3 нысанды алып қасиеттерін, эдістерін сипаттап дәптерге жазып келіңдер. Оқулықтағы анықтамаларды жаттау.

Оқулықтағы бақылау сүрақтарына жауап беруге дайындалу.

САБАҚ ЖОСПАРЫ «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«___________» ________2014 ж ___________________

Пән аты: Информатика

Класы: 10 «А»

Каталог: uploads -> doc -> 0c26
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c26 -> Сабақтың тақырыбы: Нақты санның n-ші дәрежелі түбірі және оның қасиеттері Сабақтың оқыту мақсаты
0c26 -> Сабақтың тақырыбы: Қарапайым мәтіндік редакторы. Редактор интерфейсі. Мұғалімнің аты-жөні
0c26 -> Сабақтың тақырыбы: «Информатика алғырлары»
0c26 -> С. Сатыбалдин атындағы орта мектеп шағын орталығы Тәрбиеші: А. Б. Магмурова


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет