Сабақ жоспары Бөлімнің атауы: Көне күндерден жеткен жәдігерлер



Дата06.02.2022
өлшемі25,39 Kb.
#80667
түріСабақ
Байланысты:
Сабақ жоспары..
~$П Английский язык 2 класс дұрысы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Бөлімнің атауы:Көне күндерден жеткен жәдігерлер

Мектеп:«№194 НОМ» КММ



Күні:



Мұғалімнің аты-жөні:Темиралиев Казыбек Бахтиярович

Сынып: 7
Пәні:қазақ әдебиеті

Қатысқандар:



Қатыспағандар:



Сабақтың тақырыбы

Тарихи және көркем шындық

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7. А/И1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру

Сабақ мақсаттары



Барлық оқушылар орындай алады: жырдың мазмұнын, шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
жыр кейіпкерлерінің өзара байланысын анықтап, мінездемелеріне салыстыру жүргізеді.

Кейбір оқушылар орындай алады:жыр бойынша Төлеген мен Жібектің бақытты болмауына сын-пікірлер айта біледі.

Бағалау критерийі



  • Шығарма эпизодтары мен бейнелерді біледі

  • Кейіпкерлер мінездемелерін салыстырады

  • Ойларына дәлел келтіріп айтады

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:жеті тылсым дария, теріс бата, пәуеске, жамбы, ділдә, оба, індет.

Мәтін талдау барысында қолданылатын тіркестер: Менің ойымша...; Салыстыра қарағанда...; Өмірмен байланыстыратын болсам...;
Бұл оймен келісемін/ келіспеймін, себебі...

Құндылықтарға баулу

жұптық және топтық жұмыстар орындау барысында өзіне және айналадағы адамдарға деген құрмет;

  • өз пікірін білдіру барысындағы ашықтық;

Пәнаралық байланыс

Тарих, кино.

АКТ-ны қолдану дағдылары

Таныстырылым

Алдыңғы білім

Оқушылар көркем шығармадағы кейіпкер бейнесін ашып, үзінділерді жатқа айта алады.





Жоспар

Жоспарлан
ған
уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың
басы
5 мин



Қызығушылықты ояту
«Тұлғаны танып біл» ойыны
Кейіпкерлер рөлін сомдаған өнер адамдарын анықтайды , білімдерін ортаға салады.
«Қыз Жібек» киносы туралы мәліметті сәйкестендіреді.

Тұлға суреттері,


сәйкестендіру тесті

Сабақтың ортасы

35 мин


Мағынаны тану
Сыныппен жұмыс (3 мин)
«Қыз Жібек» жыры- қазақ фольклорының інжу-маржаныфильмінен үзінді көрсету.
Жұппен жұмыс

  1. тапсырма (5мин)

«Шың» әдісі бойынша кейіпкерлер бейнесіне талдау жасайды.

  • Жібек пен Төлеген

  • Төлеген мен Бекежан

  • Сансызбай мен Хорен

  • Сырлыбай мен Базарбай



Бағалау критерийлері:

  • Эпизодтардан үзінді келтіріп, кейіпкерлер бейнесіне талдау жасай алады.

  • Жағымды, жағымсыз қасиеттерін дәлелдей алады.

Топпен жұмыс
2 - тапсырма (10 мин)
Сұрыптап талдау жұмысы 
1- топ: жырдағы суреттелетін эпизодтар.
2- топ: осы эпизодтардың жырға арқау болуына түрткі болған ой.
3- топ: екі немесе үш эпизодтың айырмашылығы туралы не айтасың?
4- топ: осы эпизодтарда адамдар бейнесі қалай көрсетілген?
Кері байланыс
Жеке жұмыс
3 – тапсырма(10 мин)
Концептуалды кесте



Жырдың эпизоды

Адамгерші
лік ұстанымдары

Менің пікі
рім












Бағалау критерийі:
Сын -пікір айта біледі, өз ойын түсіндіре алады.
4 – тапсырма (7мин)
ПОПС формуласы
Төлегеннің Жібекпен бақытты болмауына төменде келтірілген жағдайлардың қайсысы себеп болды деп ойлайсыңдар?

Кері байланыс



https://www.youtube.com/watch?v=XS_OEQ9kamU

Шың, шыңырау суреттері бар флипчарт


Жұптар сағат тілі бойынша бірін бірі
бағалайды.
«Бас бармақ»
әдісі

«От шашу»



Сабақтың
соңы
5 мин

Рефлексия«Табыс баспалдағы»
Кері байланыс «Бір сөзбен әдісі»
Үйге тапсырма:Меруерт Өтекешова, Құман Тастанбеков өмірінен қысқаша мәлімет жазу.





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет