Сабақ жоспары Бөлімнің атауы: Көне түркі жазбалары және қазақ жазуы Орфография



бет3/4
Дата25.11.2022
өлшемі139,24 Kb.
#159803
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
ескерткіштер ел тарихы

Көне түркі жазулары (басқаша Орхон-Енесей жазулары) — б.з. V ғ. — б.з. Xғғ аралығындағы түркі тайпаларының тасқа қашап жазған жазбалары.
Орхон-Енисей ескерткіштері алғаш Орхон өзеніні бойынан (Екінші түркі қағандығы кезі) табылды, кейін Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым тауып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.
Тыңдалым мәтінінен кейін, сұрақтар қоямын.
1.Көне түркі жазулары басқаша қалай аталады?
2. Қай ғасыр аралығында жазылған?
3. Түркі тайпаларының неге жазған жазуы?
1- тапсырма. Оқулықтағы тапсырма. Өз қалаңдағы немесе ауылыңдағы мәдени ескерткіштер туралы шағын мәтін құрастыр және мәтіннің орфографиялық нормаға сай жазылғанын дәлелде.


Дескриптор

2- тапсырма. Бейне материал.
Кері байланыс: Бейне материалды пысықтау барысында бейнематериалдан топ- топтарға сұрақтар қойылады.

  1. Көне түрік ескерткіштері туралы мәліметті ең алғаш берген ғалымдар?

  2. Орхон-Енесей бойынан табылған ескерткіштер шамамен қай ғасырларды құрайды?

  3. Қандай жырлар кездеседі?



3- тапсырма. Көне түркі жазба ескерткіштері туралы өз болжамыңды жаз.


Дескриптор:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет