Сабақ жоспары: Жалпы рецептура. Рецепт, құрылысы


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет2/3
Дата11.09.2022
өлшемі28,57 Kb.
#149200
түріСабақ
1   2   3
Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер


Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».


Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
1. Дәрілік зат, дәрілік препарат, дәрілік түр, дәрілік шикізатқа түсінік беру. Дәрілердің өндіру көздері.
2. Галендік және жаңа галендік препараттар, олардың анықтамасы және өзара ерекшеліктері.
3. Рецепт, құрылысы. Рецепттерді құрастыру ережелері. Рецептуралық бланктардың түрлері. Рецепттерді официнальді және магистральді түрде жазу ерекшеліктері.
4. Доза жайлы түсінік, дозаның жіктелуі. Жас балалар және қарт адамдарға дәріні дозалау принциптері.
5. Қатты дәрілік түрлерге анықтама беру (ұнтақтар, таблеткалар, дражелер, капсулалар, гранулалар, микродражелер, жинақтар).
6. Жұмсақ дәрілік қалыптар. Жұмсақ дәрілік қалыптардың түрлері. Рецепттердің жазу және құрастыру ережелері. Қалыптүзуші заттар.
ІІ-ші деңгей:
1. Дексаметазонның (Dexamethasonum) 0,001 дозадағы 50 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 3 рет күніне тағайындаңыз.
2. Нитроглицериннің (Nіtroglycerіnum) 0,0005 дозадағы 10 таблеткасын, 1 таблеткадан тіл астына, стенокардия ұстамасын басу үшін тағайындаңыз.
3. “Беллатаминал” (“Bellatamіnalum”) 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 3 рет күніне тағайындаңыз.
4. Хлозепидтің (Chlozepіdum) 0,01 дозадан 50 дражесін, ішке 1 дражеден 4 рет куніне тағайындаңыз.
5. Фенацитин (Phenacetіnum) және ацетилсалицил қышқылының (Acіdum acetylsalіcylіum) 0,25 дозада, кофеиннің (Coffeіnum) 0,05 дозадан 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан бас ауырғанға тағайындаңыз.
6. Рифампициннің (Rіfampіcіnum) 0,15 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 40 ұнтағын, ішке 2 капсуладан 2рет күніне асқа дейін тағайындаңыз.
7. Метациклиннің (Metacyclіnum) 0,15 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 40 ұнтағын, ішке 2 капсуладан 2 рет күніне.
8. Диазолиннің (Dіazolіnum) 0,05 дозадан, 20 дражесін, ішке 1 дражеден 2 рет күніне астан соң тағайындаңыз.
9. Оксацилин натрий тұзын (Oxacіllіnum natrіum) 0,25 дозадан, желатинді капсулаға қапталған 10 ұнтағын, 1 капсуладан 2 рет күніне тағайындаңыз.
10. Дигитоксиннің (Dіgіtoxіnum) 0,0001 дозадан, 20 таблеткасын, ішке 1 таблеткадан 1 рет күніне тағайындаңыз.
ІІІ-ші деңгей:
1. 10%-10,0 ксероформ жағындысын дайындау үшін, тең мөлшерде ланолин мен вазелиннен қанша қосу қажет?
2. 10%-60,0 анестезин пастасын 25% қоюлықта дайындау үшін, мырыш тотығынан қанша қосу қажет?
3. 15%-40,0 жағынды дайындау үшін ксероформнан қанша қосу қажет?
4. 1%-25,0 жағынды дайындау үшін, эритромициннен қанша қосу қажет?
5. 10%-30,0 жағынды дайындау үшін, анестезин мен вазелиннен қанша қосу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет