Сабақ жоспары: Ұйықтататын дәрілер. Құрысуларға, эпилепсияға, қарсы қолданылатын дәрілер


Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары



бет8/11
Дата31.01.2022
өлшемі47,53 Kb.
#116715
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
4-практика
4-практика, Адалдық сағаты Қараша, Адалдық сағаты Қараша, Адалдық сағаты Қараша, Ядролық физика ,Емтихан тесті,2021, 5-кредит, Түсінік хат, витамин, травмотология сессия, АПН, 3-такырып, Бактыкожа Алишер техникалық реттеу туралы заң, Стандарттау туралы заң
Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер
Сабақтарды өткізу тәртібі:

- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;

- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;

- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;



- семинар – «дөңгелек стол».
Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):

І-ші деңгей:

  1. Дәрілердің орталық нерв жүйесіне тигізетін әсерінің түрлері.

  2. Нейромедиаторлардың сипаттамасы.

  3. Орталық нерв жүесіне әсер ететін дәрі-дәрмектердің жіктелуі.

  4. Ұйықтататын дәрілер. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Ұйықтататын дәрілердің салыстырмалы сипаттамасы, әсердің даму жылдамдығы және әсерден кейінгі өзгерістер, кумуляциясы, әдеттену. Ұйқының құрамына тигізетін әсері.

  5. Ұйықтататын дәрілермен улану. Көрсетілетін жәрдем.

  6. Эпилепсияға (қояншыққа) қарсы қолданылатын дәрілер. Жіктелуі. Жеке пре-параттардың сипаттамасы. Әсер ету механизмі.

  7. Эпилепсиялық статус басатын препараттар. Эпилепсияға қарсы қолданылатын дәрілердің жағымсыз әсерлері.

  1. Ауырсыну сезімін өткізетін жолдар.

  2. Опиатты рецепторлар және эндогенді нейропептидтер (энкефалиндер, эндорфиндер) туралы түсінік.

  3. Анальгетиктер туралы түсінік. Наркотикалық анальгетиктердің салыстырмалы қасиеттері.

  4. Наркотикалық анальгетик дәрілері. Олардың әсер механизмі.

  5. Морфиннің фармакодинамикасы. Қолдану көрсетпелері, жағымсыз әсерлері. Нашарқорлықтың әлеуметтік проблемалары.

  6. Есірткелік (наркотикалық) анальгетиктермен жедел уланғанда көрсетілетін көмек шаралары.

  7. Синтез жолымен алынған анальгетиктердің салыстырмалы сипаттамалары.

  8. Бейнаркотикалық анальгетиктердің химиялық құрылысына қарай жіктелуі, (қабынуға қарсы стероидты емес дәрілер).

  9. Осы препараттардың анальгезиялаушы, қабынуға қарсы және дене қызуын төмендетуші әсерлерінің механизмі.

  10. Наркотикалық анальгетиктердің негізігі қасиеттері және салыстырмалы сипаттамасы.

  11. Бейнаркотикалық анальгетиктердің қолданылуы және қолдануға қарсы көрсетпесі.

  12. Жағымсыз әсерлері және олардың алдын-алу.

  13. Иммунды жүйеге әсер ететін дәрілердің классификациясы.

  14. Антиаллергиялық дәрілердің классификациясы.

  15. Тез дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылатын дәрілер.

  16. Антигистаминді дәрілер әсерінің механизмі.

  17. Антигистаминді дәрілерді салыстырмалы сипаттамасы.

  18. Анафилаксия шогін емдеуге қолданылатын дәрілер.

  19. Баяу дамитын аллергиялық реакцияларда қолданылатын дәрілер. Әсерінің механизмі, жағымсыз әсерлері.

  20. Иммунды жүйені қуаттандыратын дәрілер-иммуностимуляторлар. Классификация қолданылуы.

  21. Левомизол. Иммунды жүйені қуаттандыратын әсерінің механизмі, қолданылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет