Сабақ жоспары Күні



бет2/9
Дата28.01.2022
өлшемі153,97 Kb.
#115535
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1 қыркүйек сынып сағаты

Сабақтың көрнекілігі: Абай,Әл -Фарабидің суреті, шығармалары, презентация

Сабақтың эпиграфы: Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, құрбы,жақсы ұстаздан болады.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Баяу күй орындалып тұрады, оқушылар орындарынан тұрып сәлемдескеннен соң сабақ басталады.



Мұғалім: Құрметті оқушылар!

1 Қыркүйек - Білім күні. “Ұлы тұлғалар -Әбу Насыр әл-Фараби мен Абай Құнанбайұлы ”атты бүгінгі сабағымызға қош келдіңіздер.

Көп адамдар өмірге бой алдырған,

Бой алдырған аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған.

Абай мен Әл –Фараби аталарымыз бүкіл жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жасасып келеді.

Мұғалім: Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?

Жырымен жан сусынын қандырған кім?

Қастерлеп сөз асылын өлеңменен

Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?



Мұғалім: Ерте оянып, ойланып, ер жеткен кім?

Талабын тас қияға өрлеткен кім?

Құба жон, құбақан құм, құла қырды,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?



Абай: Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім,

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма.



Мұғалім: Ұлы ғұламаларымыз Абай Құнанбайұлы мен Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы қысқаша мағлұматтар.

Абай Құнанбайұлы-1845 жылы 10 тамызда Семей облысы Жидебай жерінде Шыңғыстау етегінде дүниеге келген. Негізгі хатқа түскен аты Ибраһим болса да, әжесі Зере еркелетіп «Абай» деп атап кеткендіктен, біз де солай айтып жүрміз.Абай Құнанбайұлы кім деген сұраққа бірнеше жауап бере аламыз.





Абайдың 1890-1898 жылдар арасында жазған шығармалары «қарасөз» деп аталады. Жалпы саны қырық бес бөлек шығарма.



Абайдың қарасөздері адамды адам болуға, ізгі ниетті адамгершілік қасиеттерінің мол болуына, жаман дағдыларын аулақ болуға үйретеді.

Ал Әл-Фараби жайлы айтатын болсақ: Әбу Насыр әл - Фараби – ұлы ғалым, ұлы ақын. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз, ойшыл.
Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі.
Әбу Насыр әл - Фараби – қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі – аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.
Отырарды арабтар Фараб деп атаған. Осыдан барып Әбу Насыр әл – Фараби атанып кеткен.


Әбу Насыр әл – Фараби бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алды. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол 150 тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет