Сабақ жоспары Оқытушы: Дакен Маржан Пән: Информатика Топ: 1изо



Дата24.07.2017
өлшемі198,53 Kb.
#22002
түріСабақ
АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ» МҚКК



КЕЛІСІЛДІ

Директордың инновациялық

технологиялар жөніндегі орынбасары __________Р. Аубакирова


БЕКІТЕМІН

Директордың оқу-әдістемелік

ісі жөніндегі орынбасары

_________ Н. Нургазиева






АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ
Пәні: Информатика

Тақырыбы: Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері


Оқытушы Дакен М


Физика және информатика пән бірлестігінің жеткешісі

_____________А. Абдулова


Сабақ жоспары
Оқытушы: Дакен Маржан

Пән: Информатика

Топ: 1изо

Мерзімі: 09.03.2017


Тақырыбы: Power Point бағдарламасының мүмкіндіктері

Сабақ түрі, өткізу үлгісі (жаңа білім, дағды және біліктілік беру сабағы; жаңа білімді, дағдыны және біліктілікті бекіту сабағы; білімді жалпылау және жүйелеу сабағы; бақылау сабағы, білім тексеру сабағы; конференция-сабақ; сайыс-сабақ; өздік жұмыс сабағы, іскерлік ойын; т.б.үлгілері)



Сабақтың мақсаттары:
Білімділігі:Power Point программасында презентация жасау дағдаларын жетілдіре отырып, білімдерін бекіту.
Дамытушылығы:Студенттердың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа деген қызығушылығын арттыру, ойын еркін жеткізе білу дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілігі:Логикалық сауаттылығын, компьютерлік іскерлігін дамыту және тиянақтылықпен білімділікке, сабақта техникаға деген ұқыптылыққа, жылдамдыққа, ізденімпаздыққа, жауапкершілікке баулу сонымен қатар өздігімен жұмыс істеуге тәрбиелеу; 
Әдістері:Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық зерттеу әдісі;
Сабақ жабдығы: Оқулықтар, интерактивтік тақта, таратпа қағаздар, компьютерлер.
Пәнаралық байланыс: ағылшын, өзін-өзі тану, тарих
Әдебиет:
Негізгі: Информатикадан 30 сабақ, К.Балапанов


Сабақтың барысы және уақытының өлшемі




Сабақ кезеңдері

Кезең мазмұны

Уақыты

1

Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу, студенттердің қатысуын және аудиторияның дайындығын тексеру, сабақ өткізу жоспары

3 минут

2

Білімдерін тексеру (астын сызу)

Білім бағалау өлшемі



Жалпы сұрау, нұсқа бойынша сұрау, тестілеу, тақта алдында сұрау, жағдайлық есептер, графикалық диктант, сөздік диктант, іскерлік ойын.

10 минут

3

Жаңа тақырыпты жеткізу әдісі

(астын сызу)

Әлемнің ақпараттық бейнесі. Техникалық қауіпсіздік ережесі.


Ауызша, конспект арқылы, қосымша баяндама арқылы, аудио-дәріс, бейнедәріс, қойылған сұрақтар бойынша тақырыпты өздігінен игеру, рефератифтік


5 минут

4

Студенттердың өздік жұмысы

Рефераттар жазу, ғылыми мақалаларды конспектілеу, жазбаша шығармашылық жұмыстарды орындау.

10 минут

5

Тақырыпты бекіту

Жалпы сұрау, тестілеу, үлестірмелі жазбаша тапсырмалар, графикалық диктант, дағды мен біліктілікті іс жүзінде көрсету

10 минут

6

Сабақ қорытындысы

Түсінік бере отырып, бағалау

5 минут

7

Үй тапсырмасы

Информатикадан 30 сабақ, К.Балапанов

2 минут

Оқытушының қолы ___________________________________


Ұйымдастыру кезеңі: (Сәлемдесу, Алаш қозғалысының 100 жылы, еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығының құрметіне бүгінгі сабағымызды ән ұран айтумен бастаймыз. Қазақтың ұлттық құрал жаудықтарын тарату арқылы топқа бөлу.)
"БІЛІМДІ БОЛУҒА ОҚУ КЕРЕК.

БАЙ БОЛУҒА КӘСІП КЕРЕК.

КҮШТІ БОЛУҒА БІРЛІК КЕРЕК.

ОСЫ КЕРЕКТІҢ ЖОЛЫНДА

ЖҰМЫС ІСТЕУ КЕРЕК" (Ахмет Байтұрсынұлы)

(нақыл сөзді талдау, мағанасын айту)
І Үй тапсырмасын тексеру (Әр топ үйге берілген «Алаш қозғалысы туралы слайд жасау» тақырыбы бойынша жасаған жұмыстарын қорғайды.)

Кестені толтыру:



  1. Файл-Файл-File- стандартты меню. пошталық хабар жіберу, оған презентациялар орнату, презентацияны Word-қа командаларына қосып жіберу

  2. Редакциялау-Редактирование-Editing - Командалар: операция нәтижесін орындатпау, қиып алу, көшіру, кірістіру, табу, ауыстыру, басқа файылдармен байланыс жасау және обьектіні редакциялау.

  3. Кірістірме- Вставка-insert- Презентацияға әр түрлі обьектілерді кірістіру командалары

Қайталау сұрақтары:

1. Power Point бағдарламасының атқаратын қызметі ...

Жауабы: Электрондық презентациялар құру

2. Саймандар тақтасының қай тобында ағымдағы презентация дизайнын өзгертуге болатын батырма орналасқан? Жауабы: Формат

3.Слайдтарды көрсету ретін қалай орналастыруға болады?

Жауабы: Слайдтарды көрсетуЕркін көрсетілім

4. Презентацияны көрсетуді қай команданың көмегімен орындауға болады? Жауабы: F5

6. Бос презентация қандай команда көмегімен құрылады?

а) Файл→Құру→ Жаңа презентация

7. Презентация деген не? Жауабы: Белгілі тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы

8. Слайд деп нені айтамыз? Жауабы: тақырыптарды, мәтінді кестелерді, графикалық обьектілерді, ұйым схемаларын, дыбыстық үзінділерді, бейнеклиптерді және гиперсілтемелерді іске қосы алатын күрделі обьект.

9. Бос презентация деген не? Жауабы: презентацияны 0-ден құрады және кәсіби пайдалануышының жұмыс істеуіне арналған.

ІІІ. «Біліп ал» - Жаңа сабақты игеру.

Студенттер біз алдыңғы сабақта слайд дегеннің, презентация дегеннің не екенін, презентация жасаудың жолдарымен, оны сақтаумен, баспаға беру жолдарымен танысқан болатынбыз.

Power Point 2000 бағдарламасының мүмкіндіктері өте көп. Слайдқа объектілер енгізіп, оларды ерекшелеп, содан кейін оның өлшемдерін, орналасуын, түсін, шекарасын және т. б. өзгертулерді қарастырдық.

Бүгін оған қоса слайдтарға анимация қоюды қарастырамыз. Ол үшін, объектіні тышқанмен белгіліп, Показ слайдов – Настройка анимации командасын орындаймыз. Сол кезде терезенің оң жақ жоғарғы шетінде «Эффекты анимации» деген өріс пайда болады. Сол өрісте шертсек объектінің слайдқа кіруіне және слайдтан шығуына анимациялар қоюына мүмкіндіктер пайда болады. Бұл бағдарламада анимация түрлері өте көп. Объектілерге анимацияны қойғанда арнайы әсерлер аудиторияның назарын аударатындай тартымды, әдемі болғаны жөн.

Cлайдқа сол сияқты музыка немесе дыбыс қосуға болады. Ол үшін, слайдты ашып, Вставка – Фильмы и звук командасын орындау керек.

Және де слайдқа автофигураларды, Word Art объектісін кірістіруге болады. Ол үшін, Вставка – Рисунок – Автофигуры және Вставка - Рисунок - Объект Word Art командасын орындаймыз.

Объектілердің слайдта пайда болу ретін басқару үшін мына әрекеттерді орындаймыз:

1. Анимацияның Показ слайдов – Настройка командасын орындау.

2. Тізімнен объектті таңдап, оның реті мен пайда болу уақытын, түрін өзгертіп, дыбыстық сүйемелдеуін және т. б. таңдау.

3. Осыны әр объект үшін кезек бойынша қайталау.

Анимация әсерлерін бергенде тиісті инструменттер панелін пайдалануға болады. Слайдтар алмасуын және көрсету кезінде пайда болған арнайы әсерлерді таңдау: Показ слайдов – Смена слайдов командасының көмегімен орындалады.

Power Point бағдарламасы слайдтар көрсетуін тоқтатуға немесе жалғастыруға мүмкіндік береді. Ол үшін слайдтарды көрсету кезінде тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, Экран - Пауза немесе Завершить показ слайдов командасын таңдау керек.

Слайдтар көрсетуді жүргізу кезінде келесі басқару құралдары қолданылуы мүмкін:

1. Келесі слайдқа өту - тышқанмен шерту, «Page Down»,» «Enter» батырмалары,

2. Алдыңғы слайдқа оралу – «P, Page Up» пернесін басу.

3. Белгілі слайдқа өту – слайд нөмерлерін теріп, «Enter» пернесін басу.

4. Қара экранды жасау, орындатпау - «В» пернесін басу.

Слайдтарды көрсету түрінде демонстрация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:

1. Презентацияны ашу.

2. Файл – Сохранить как командасын орындап, Тип файла тізімінде Демонстрация PowerPoint командасын таңдау. Көрсету түрінде сақталған файлдың – pps кеңейтілуі бар. Оны жұмыс орнынан ашқанда слайдтар көрсетілуі автоматы түрде жүктеледі, ал ол сақталысымен PowerPoint жабылып, жұмыс орын қалпына келеді. Егер слайдтар көрсетілуі PowerPoint бойынша іске қосылатын болса, ол аяқталғанда презентация ашық және оны редакциялауға болады.

«Орындайық» Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары:

А) «Алаш қозғалысының 100 жылдығы» тақырыбындағы презентациядан бірнеше слайд көшірмесін алып, жаңа слайд - фильмдер жасау.

Ә) MS Word құжатында сақталған «Алаша қайраткерлері» тақырыбындағы құжаттан суреттер алып, сол тақырыпты қойып, жаңа слайд - фильмдер жасау.

1. Суретті слайдқа кірістіру, анимация қою

2. Алаш қайраткері атын және тұлғалар түрін көрсетіп Word Art объектісімен жазу, оның мүмкіндіктерін қолдану және анимация қою.

3. Жарнамажасау. Мысалы: Компьютер, шаңсорғыш, қысқатолқындыпештер, ұялытелефондар, интернет туралы

Бекіту. Сонымен, Студенттер бүгінгі сабағымыздағы жаңа тақырыпты меңгерген болсақ алдымыздағы плакатка Power Point бағдарласының мүмкіндіктерін талдап беріңіздер.

1. қандай менюлер бар? Меню жолында

2. Бас менюдің мүмкіндіктері қандай?

3. Кірістіру менюі мен не істеуге болады?

4. Анимация түрлерін қалай қоямыз?

5. Слайдты көрсету командасықандай?

V. Үйге тапсырма: Белгілі бір тақырыпты алып, жаңа презентация құру бағытында материалдар жинақтап келу.

VI. Бағалау
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет