Сабақ жоспары: «Қонақасы. Етістіктер»



Дата17.03.2017
өлшемі86,9 Kb.
#11670
түріСабақ
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысының Білім басқармасы

«Петропавл қаласының білім бөлімі» ММ

№8 орта жалпы білім беретін эстетикалық тәрбие мектеп-кешені




Сабақ жоспары:

«Қонақасы. Етістіктер»

Мәкішова Алмагүл Сарқытқызы



Петропавл, 2016 ж.


Сабақтың тақырыбы

Қонақасы. Етістіктер.

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрі тақырыбы бойынша білім деңгейін толықтыру, ұжымдық түрде білім алуға бағыттау, сөздерді байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен байланыстыру

Міндеттері

  • өз елінің салт-дәстүрлерін қастерлеуге үйрету;

  • қазақ халқының салт-дәстүрін дәріптеу;

  • ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға тәрбиелеу;

  • оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу

әрекеті дағдыларын шыңдау



Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер

сұрақ-жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ

(сатылай кешенді талдау технологиясы)



Негізгі әдіс

Ізденіс

Сабақтың көрнекілігі

Мәтін, слайдтар, суреттер

Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі

этнопедагогика, тарих, мәдениеттану

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың барысы




І дидактикалық кезең


Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы

Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру

Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар интерактивті тақтада берілген сөзжұмбақты шешу арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады.

Сөзжұмбақ тапсырмалары:

1.Бие сүтінен жасалатын дәмді сусын .....

2.Қант қосылған сүзбе (қоңыр түсті)......

3.Сиырдың сүтінен ұйытылады.................

4.Түйе сүтінен дайындалатын сусын............

5. Жылқының қабырғаларынан жиналатын аса шұрайлы, майлы ет.......

6. ..... - адамның арқауы.

7.Сүттен жасалатын нәрлі тағам .........

8.Жылқының ішегіне салып дайындайды.

Мұғалім сөзі:

Қонақасы деген не?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары:

Мұғалім сөзі:

осы қонақтарды қарсы алу үшін біз әртүрлі іс-әркет жасаймыз. Ол қандай іс-әрекеттер?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: қарсы аламыз, күтеміз, дайындаламыз, жасаймыз, тамақ пісіреміз, шай береміз, қымыз ұсынамыз, үйге шақырамыз ...... .

Мұғалім сөзі: осы іс-әрекеттер қандай сөз табына жатады?

Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: етістік.

Қайталауға арналған сұрақтар:

- Етістіктің түрлерін атаңыздар.

-Етістіктің қандай шақтары бар?

- Осы шақтың жасалу жолын кім түсіндіреді?

- Келер шақтың жасалу жолын кім түсіндіреді?

- Өткен шақтың жасалу жолын кім түсіндіреді?



ІІ дидактикалық кезең


«Қайталау – оқу анасы»

Міндеті: өткен сабақты еске түсіру.

Атқарылатын жұмыс түрі:

Модуль бойынша өткен тақырыптарда кездескен жаңа сөздерді сурет арқылы қайталап, еске түсіру. (Оқушылар интерактивті тақтадағы жасырын суреттерді ашып, толық жауап береді)



(слайд)

ІІІ дидактикалық кезең

«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»

Міндеті: ата-бабамыздан бері келе жатқан асыл мұра – салт-дәстүрлерімізді сақтау қажеттілігін көрсету.

Жаңа сөздер:

қонақасы - угощение для гостей

Жомарттық- щедрость

Арнайы - специальный (приглашенные)

Өнегелі - воспитанный (-ая, _ое)

Айып - грех, вина

Қыдырма - не ожиданный

Жаңа сөздерді оқу, оқыту;

Жаңа сөздермен етістікті сөз тіркестерін құрастыру (ауызша)

Қонақасы

Қонақасы– салт. Халқымыздың тарихи, әлеуметтік- тұрмыстық жағдайындағы ерекше бір қымбат дәстүрі – осы қонақжайлық. Үйіне келген қонақты құрметпен қарсы алып, мал сойып, қонақасы беру – жомарттықтың, тәрбиеліктің үлкен белгісі. Қазақ қашанда семіз қойын, басқа да тәтті тағамдарын әдейі сақтап, «қонақ келеді» деп күтіп отырған. Қонақ та

кез-келген үйге түспейді, қонақжай, дастарқаны мол,таза, өнегелі

ұл-қызы бар үйді таңдайды. Халық дәстүріне қонақ шақырмау, қонақты үйге түсірмеу үлкен айып болып саналады. Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі. Қыдырма қонақ деген де бар. Бірақ ол сыйлы қонақ емес.

- Мәтінді аудиожазба арқылы тыңдайды

- оқушылар кезекпен бір-бір сөйлемнен оқиды

- жаңа сөздермен жұмыс:

(интерактивті тақтадан қарап отырады, өзім оқимын, бір оқушы оқиды, кейін хормен оқимыз)

-жаңа сөздермен сөз тіркестерін құрастыру

-мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудару

- мәтіндегі сөйлемдер бойынша бір-біріне сұрақтар қойдырту, жауабын алу.

-мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу.



Тақырыбы: қазақ халқының салт-дәстүрі туралы

Идеясы: халық дәстүрлерін құрметтеу

ІV дидактикалық кезең

«Сауатты болу мақсатым»

Міндеті: грамматика бойынша сауаттылықтарын тексеру.

Атқарылатын жұмыс түрі: оқушылар лексикалық, СКТТ бойынша синтаксистік талдау жасайды.

Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі.

Лексикалық-грамматикалық талдау:



Қонақ та кез-келген үйге түспейді.

Түспейді

1.сөз табы - етістік

Сұрағы - не істемейді?

Тұлғасына қарай - негізгі

Мағынасына қарай - негізгі

Обьектіге қатынасына қарай - салт

Іс әрекеттің нәтижесіне қарай - болымсыз

Құрамына қарай - дара: түспейді түс- түбірі, негізгі етістік

пе- болымсыз етістіктің

жұрнағы

й- ауыспалы осы шақтың

жұрнағы

ді- жіктік жалғауының III жағы



Мұғалім сөзі: келесі тапсырманы орындау үшін етістіктің болымды, болымсыз түрлерін қолданып сөйлемдерді дұрыстаймыз.

«Дұрыс- бұрыс» ойыны (интерактивті тақтаға кезекпен шығады)

-Қазақ ешқашан қонақжай болған емес.

-Қазақ халқы семіз қойды қонақтарға соймаған.

-Қонақтар құдайы қонақ, арнайы қанақ, қыдырма қонақ деп бөлінбейді.

-Адамдар қыдырма қонақтарды сыйлы деп есептейді.

-Қонақтарды қарсы алмау айып болмайды.


V дидактикалық кезең

«Бекіту- нәтижеге бағытталған білім беру»

Міндеті: қайталау тапсырмалары арқылы жинақтаған білімдерін бірізділеу.

Атқарылатын жұмыс түрі:

Мұғалім сөзі: бүгінгі сабағымызды қорытындылайық, ол үшін сіздер тақырып төңірегінде (мәтін бойынша) суреттерге қарап өз ойларыңды жинақтап көріңдер.

Мұғалім сөзі: сонымен, осы дәстүр қазақ халқының қонақжай екендігін көрсетеді. Бүгінгі сабағымызды жерлес ақынымыз Манап Ысқақованың мына өлең шумағымен аяқтаймын.

YІ дидактикалық кезең

«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»

Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан-жақты дамыту

Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру

1.Жалпысыныптық жұмыс түрі: «Маған ұнаған салт- дәстүр....» эссе жазу

2. Жұппен жұмыс: «Ата-баба мұрасы» сурет көрмесін дайындау.

3.Жекелей жұмыс: СКТТ бойынша кез-келген сөйлемге синтаксистік талдау жасау.



YІІ дидактикалық кезең

«Бағалау – мақсатқа жету жолы»

Міндеті: сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.

Атқарылатын жұмыс түрі: алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру.

YІІLдидактикалық кезең

Рефлексия. Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикергежазып «Көңіл-күй» тақтасына жапсырады.


Синтаксистік талдаудың сызбасы

Қазақ оларды арнайы қонақ, құдайы қонақ деп бөледі.


I. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай:

хабарлы


II. Құрылысына қарай:


  1. жай сөйлем



  1. Сөйлем мүшелері:

а) бастауыш

ә) баяндауыш

б)толықтауыш

в) пысықтауыш


IV. Жай сөйлемнің түрлері:

а)жайылма

ә) толымды

б) жақты

V. Сөз тіркестері:

а) еркін тіркес: қазақ бөледі

арнайы қонақ деп бөледі

құдайы қонақ деп бөледі

оларды бөледі (етістікті)

VI. Сөздердің байланысу түрлері:

а) қиысу: қазақ бөледі

ә) меңгеру: оларды бөледі

б) жанасу :арнайы қонақ деп бөледі

құдайы қонақ деп бөледі

VII. Сөздердің байланысу тәсілдері:

а) интонация

ә)жалғаулар оларды бөледі

б)септеулік шылаулар

в) орын тәртібі: қазақ бөледі

арнайы қонақ деп бөледі



құдайы қонақ деп бөледі
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет