Даңғара – үні жаугершілік кезінде сарбаздарды жинап, сапқа тұрғызуға, ұрандатуға, шайқасты тоқтатуға бағытталған.
|
|
Асатаяқ – абыздар мен бақсылардың қолданған аспаптарының бірі болған.
|
Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ.Қасымов, А.Ермеков, О.Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.
Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары:
Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т.б.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын.
Тапсырма №1 (125-бет, ауызша)
Мәтінді оқып, мазмұнын айту, мәтінеге байланысты сұрақтарға жауап беру.
Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.
Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.
Сұрақтар:
-
Қалықтың музыкалық аспаптары қандай болады.
-
Ертеде аспаптарды неден жасаған?
-
Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?
-
Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынды?
Тапсырма №2
Мәтін ішіндегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Қобызшылар тобы
Қазақтың музыкалық аспаптары – ғасырлар бойы ұрпаақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.
Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
музыкалық – дара, туынды, қатыстық сын есім
аспаптары – дара, негізгі, жалпы, -тар – көптік жалғау, -ы – т.ж.ІІІ жағы
ғасырлар – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғаулы зат есім
бойы – дара, негізгі, жалпы, -ы – т.ж.ІІІ жағы, зат есім
ұрпақтан – дара, негізгі, жалпы, шығыс септік тұлғалы зат есім
ұрпаққа – дара, негізгі, жалпы, барыс септік тұлғалы зат есім
ауысып – болымды, салт, -ып – көсемше тұлғалы етістік
келе – болымды, салт, -е – көсемше тұлғалы етістік
жатқан – болымды, салт, -қан – есімше тұлғалы етістік
мәдени - дара, негізгі, сапалық сын есім
мұра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
Күйшілер тобы
Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А.Жұбанов болды.
Қазақтың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
халық – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
аспаптар – дара, негізгі, жалпы, -тар – көптік жалғаулы зат есім
оркестріне – дара, негізгі, жалпы, -і – т.ж.ІІІ жағы, -не – барыс септігі
домбыра – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
мен – жалғаулық шылау
қобыздың – дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
алғашқы – мезгіл үстеу
үлгілерін – дара, негізгі, жалпы, -лар – көптік жалғау, -ін – табыс септігі
ұсынған – болымды, салт, -ған – есімше тұлғалы етістік
профессор – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
А.Жұбанов – дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
болды – болымды, -ды – жедел өткен шақ
Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын.
Тапсырма №3
Берілген сызбаны дұрыс орналастырыңыз.
Ж етіген - ... өте нәзік, құлаққа жағымды.
Аспап ағаштан қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан, жеті
ішекті шертпелі музыкалы аспабы.
Аспаптың үні көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен
насихатталып келеді.
Жетіген аспабы құрастырылып жасалады.
Тапсырма №4
Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз.
♫ Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) –
домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
♫ 8-9 жасында домбыраны тартуды үйренген.
♫ 1870 жылы Құрманғазымен кездескен.
♫ Динаның күйлері – «Байжұма», «Бұлбұл» т.б.
♫ 1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.
♫ Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
♫ 31.01.1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.
Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақты кубизм әдісі арқылы бекітемін.
-
Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.
(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т.б. )
-
Қ азақтың әйгілі күйшілері мен қобызшыларын атаңыз. (Қорқыт, Құрманғазы, Дина, Махамбет, Кенен)
-
Домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор. (Ахмет Жұбанов)
-
Домбыра қандай аспап? (екі ішекті аспап)
-
Қазақтың музыкалық аспаптары неше топқа бөлінеді? (3 топқа бөлінеді: үрмелі, ішекті, ұрмалы)
-
Ішекті аспаптарға қандай аспаптар жатады? (домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз).
Үйге тапсырма:
Деңгейлік тапсырма
ІІІ деңгей
Сызба бойынша «Қазақтың музыкалық аспаптары» тақырыбына сөйлем құраңыздар.
ІІ деңгей
Тірек сызбалар негізінде әңгіме құрыңыздар.
І деңгей
-
Ұнататын музыкалық аспаптарын жөнінде әңгімелеңдер.
-
Лицейдегі өнер мектебі (мәтін құру).
Бағалау:
Сабақта белсенділік танытқан оқушыларды бағалаймын.
|