Сабақ жоспары Пәні: Технология Тақырыбы



Дата13.02.2017
өлшемі35,55 Kb.
#9208
түріСабақ
Сабақ жоспары

Пәні: Технология

Тақырыбы: Практикалық жұмыс № 10. Бұйымды соңғы рет әрлеу, әшекейлеу. ЫЖӨ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға ылғалды - жылулық өңдеу жұмыстары туралы түсінік беру, ылғалды - жылулық өңдеу құралдарымен таныстыру.Бұйымды сонғы өлшемнен өткізу жұмысымен танысу. Тәрбиелілік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру,ұқыптылыққа, үнемшілдікке, тазалыққа баулу. Дамытушылық: Теориялық білімдерін тұрмыста, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету. Оқушылардың үтіктеу жұмысына қандай талаптар қойылатындығын әңгімелейміз. Бұйымдарының денелеріне қонымдылығын қадағалау.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Баяндай отырып, сарамандық жұмысты орындату.

Көрнекіліктер: Дайын бұйымдар, үтік т.б.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1.Оқушылармен амандасу 2. Оқушыларды түгелдеу 3. Оқу құралдарының дайындығын тексеру

II. Жаңа сабақты түсіндіру.

Киімді көркемдеп сәндеу жұмыстары. Киімді композициялау элеметтерінің бірі - сәндеу. Киімді сәндеу барысында киімнің сызықтарына, пішіміне, матасына, құрлысына, түсіне үйлестіре таңдау керек. Сәндеу бұл киімге қосымша әдемілік беру мақсатында қолданылады.Бірақ сәндеу кез - келген кастюмге қолданылмайды. Тарихи кезеңдер де киімді сәндеу элементтері кілем тігуде негізгі рол атқарды. Ал сызықтарына мысалы, шашақтар, моншақтар, гүлдер, туймелер қолданылады.

Киімді көркемдеп сәндеуге қазіргі кезде, мата, трикетаж, фурнитура, кесте, апликация, жиектер, баулар, лента, машина тігістері, бисер пайдаланылады.

Қазіргі кезде мода ағымына байланысты киімді сәндеуде және оны пайдалануда өз ерекшеліктері болады. Адамдар ерте кезден - ақ киімдерін, тұрмыстық заттарын сәндей берген. Сәнді бұйым жасауға талпынған халықтың өнері қайталанбас өрнектер тудырд. Өнер қазынасының сарқылмас мұхйты болып есептелген халқымыздың “Адам өнерімен,аң жүнімен әсем” - деген қанатты сөзі қандай тапқырлықпен айтылған. Халқымыздың ұлттық киізімізді ою - өрнекке әшекейлеу адамның жас ерекшелігі, қоғамдағы орнын ескеріп, ою - өрнек сырт бейнесін ажарландыра түскен. Киімге әшекей бұйымдар да лайықты үлес қосқан. Халық өнері ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып, бүгінгі өмірімізде ұлттық мақтанышымызға айналып отыр.

Бұйым сапалы болу үшін ылғалды - жылулықпен өңдеу жұмысын ұқыпты түрде жүргізген дұрыс. Бұйым тек дайын болған кезде емес, әрбір операцияны орындап болған сайын үтіктеп отырады. Үтіктелеген кезде матаның түріне байланысты қажетті температураны белгілеп, үтіктеп қыздырамыз.

- 200 С - тан жоғары емес температура (мақта - мата және зығыр); - 150 С - тан жоғары емес температура (жүннен жасалған және жібек маталар); - 100 С - тан жоғары емес температура (синтетикалық мата).

Көптеген дайын бұйымдардың зат белгілерінде ылғалды - жылулық өңдеуге қажетті температура көрсетіледі. Ол үтікті қажетті температурада қыздыруға көмектеседі.

Үтіктің беті қарайып кетсе қыруға болмайды. Қырған жағдайда сызылып, бұйымды үтіктеген кезде, бұйым бетінде жіптерін іліп алу не жырып өтуде мазаңызды алатындай болады. Бұндай жағдайда Ақ қағазға ас тұзын салып, үтікті қыздырып, қағаздағы тұздың үстіне үтікті үйкелеп аламыз. Үтіктің бетіндегі қара дақтан құтыламыз.

1. Балалар мен әйелдердің жеңіл белдемшелерін әзірлеген кезде дымқыл - жылулық өңдеу едәуір орын алады және бұйымның бүкіл өңдеудің маңызы зор, ол жұмысыңның шамамен 15 - 20% - ын құрайды.Бұйым сапасы мен оның сыртқы көрінісі көп жағдайда бұйымды тігу барысында да, сондай ақ оны ақырғы өңдеу кезінде де дымқыл - жылулық өңдеудің қалай орындалуына байланысты болды.

2. Дымқыл - жылулық өңдеу, негізінен, мына мақсатта қолданылады: - бұйым бөлшектеріне көлемді - ауқымды пішім беру және әр түрлі тігіс түрлерін өңдеу; - бөлшектерді желіммен қосу.

3. Тұтас дымқыл - жылулық процесс екі сатыдан тұрады: - талшықтарды дымқылмен және жылумен жұмсарту; - алынған пішімді дымқылмен, жылумен және қысыммен бекіту.

4. Өңдеу процестері үтіктеу, басу және булау болып үшке бөлінеді.



Сарамандық жұмыс:

Жұмыстың орындалу реті:

Жіптердің барлық қалған соңғы ұштарын алып тастаймыз:

Дайын бұйымды үтіктейміз:



Дайын бұйымның сапасын тексеру:

III. Жаңа тақырыпты бекіту. Сұрақи - жауап арқылы және

IV. Ұйге тапсырма: Бұйымдарын өз бетінше үтіктеу.

V. Бағалау: Оқушының түсінігін, үтіктеу кезінде қауіпсіздік ережесін есте ұстауын қадағалаймыз.
Каталог: uploads -> doc -> 0639
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0639 -> Сабақтың тақырыбы Үш таңбалы сандарды бір таңбалы сандарға разрядтан аттамай көбейту


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет