Сабақ жоспары Сабақ: Сауат ашу 1 Бөлім: Өзім туралы Мектеп


Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады



бет4/5
Дата12.05.2020
өлшемі0,56 Mb.
#67494
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
сауат ашу
ШЖМ Е МАДИНА
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
(Т) «Маңыздылық диаграммасы»

Оқушылар 5 топқа бөлінеді. Әр оқушының топ ішінде өз міндеттері болады және оқушының алдындағы парақта орындайтын міндеті жазылып тұрады. (Спикер, бақылаушы, хатшы, уақытты қадағалаушы.)



«Бәйтерек туралы аңыз»

Оқушыларға мәтінді оқып беру.

-Ерте заманда бүкіл әлем үшке бөлінген деген наным болған. Аспан әлемінде құдайлар, Ортаңғы әлемде адамдар, ал Төменгі әлемде зұлым күштер өмір сүрген деседі. Барлық үш әлемнің арасын Бәйтерек байланыстырған екен. Ағаштың тамырлары жын-перілер әлемінде, ұшар басы Темірқазық жұлдызына дейін жететін құдайлар әлемінде орналасыпты. Бәйтеректің ұшар басында Самұрық құс ұя салып, қасиетті алтын жұмыртқа салады екен. Егер кенеттен әлемді түнек басса, құс жұмыртқаны тағы да салып, қайтадан әлемді тіршілік жайлайды. Ағаштың етегінен әртүрлі өзендер бастау алған екен.

- Балалар мәтінде не туралы айтылған?

- Бәйтеректің ұшар басында қандай құс ұя салып, қасиетті жұмыртқа салған екен?

- Жұмыртқаның қандай қасиеті болған екен?

- Балалар қалай ойлайсыңдар неге Бәйтерек монументің «Бәйтерек» деп атаған? (оқушылардың ойларын тыңдау)

- Ойларың керемет екен! Бәйтерек монументі- Қазақстанның елордасы Астанада тұрғызылған. Ол Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасы бойынша салынды. Монумент Қазақстанның негізгі көрікті және бетке ұстар ғимаратына айналды. Бәйтерек өз тарихи тамырын сақтаған және болашаққа ұмтылған қазақ халқының нышаны болып табылады. Монумент жобасының авторы – әйгілі ағылшын сәулеткері Норман Фостер. Ғимараттың биіктігі 97 метрді құрайды. Оқушылар аңыздағы кейіпкерлерді қасиетіне байланысты диаграммаға орналастырады.

(топтар өзара бағалайды)






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет