Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері



бет13/13
Дата23.10.2016
өлшемі0,81 Mb.
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


Сурет салатын қарындаштар қатты-жұмсақтығына қарай мынадай түрлерге бөлінеді: 6Т, 5Т, 4Т, 3Т, 2Т, Т, ТМ, М, 2М, 3М, 6М, бұлар латынша мыналарға сәйкес келеді: 6Н, Н, НВ, 2В, 3В, 4В, т.б. Сурет салған кезде қолды қағаз бетіне тигізбеу керек. Егер қажет болған жағдайда қолды сүйемелдеу үшін екі саусақтың ұшын (аты жоқ саусақ пен шынашақ) қағаз бетіне ептеп тигізуге болады. Сонда қолдың астындағы сурет былғанбайды, өшірілмейді. Сурет салудың негізгі тәсілдерінің бірі-сызық жүргізу. Жіңішке сызықтар жүргізу арқылы болашақ пішіннің нобайы жасалады. Осы сызықтармен негізгі пропорциялар белгіленіп, суреттің жеке бөліктері салынады. Сызық жүргізу арқылы сурет кейпі белгіленеді. Сурет әдетте жүйелі кезеңдермен біртіндеп бейнеленеді. Ол кезеңдер бейнеленетін заттардың көлемінің күрделігіне қарай 3-4 немесе одан да көп кезеңдерден тұрады. Бүгінгі біздің натюрморт екі заттан, яғни, призма мен шардан тұратын натюрморт.

III. Бекіту кезеңі.

Оқушылар енді 3 мин. бейнероликке назар аударайық, содан соң жұмысымызды, яғни, сурет слуды бастаймыз.

(Мальбертке қойылған 55х75 көлемді планшетке геометриялық дене қойылымын салу).

1-кезең. Алғашқы кезең-заттардың жалпы алатын орнын қағаз бетіне үйлестіріп белгілеуден басталады, шардың биіктігі мен енінің өлшемі, призманың биіктігі мен енінің өлшемімен салыстырғанда қандай, бір-бірінен қандай қашықтықта орналасқаны ескеріледі. Суреттегі шар призмадан екі еседей кіші және бізге жақын алдыңғы шетте тұр. Сондықтан шар призманың төменгі бір шеткі бөлігін жауып, әрі шамалы төмен орналасады. Бірінші кезеңде есте сақтайтын нәрсе заттар бейнесі қағаздың ортасынан, жан-жағынан өте көп орын алмауы тиіс немесе қағаз шетіне өте жақын орналаспауы керек.

2-кезең. Суреті салынатын геометриялық денелердің конструкциялық құрылымына назар аудару керек. Зат көлемін дұрыс бейнелеу үшін оның тасаланып көрінбей тұрған жерлерін де бейнелеу керек. Сөйтіп көмекші сызықтар арқылы заттардың дәл бейнесін анықтап бейнелейміз. Заттар бейнесінің дұрыстығын тексерген соң көмекші сызықтарды кетіріп тастаймыз. Егер геометриялық денелерді жазықтық бетіне тек сызықтармен бейнелеп қойсақ, онда ол денелер сымнан жасап қойған тәрізді болады. Осы денелер бейнесіне жарық, көлеңке реңін түсіріп бояу арқылы ол денелердің кеңістіктегі шынайы пішінін, көлемін, қандай материалдан жасалғанын жазықтық бетінде көрсетуге болады. Бейнеленетін обьектілердің жарық түсіріп тұрған жағы жарық деп, ал екінші қарама-қарсы жағы көлеңке деп аталады.

3-кезең. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтардың басқа сызықтардан (сызба сызықтарынан) айырмашылығы - мұның кеңістік сипаттары көбірек. Мәселен, сызықтар деп өзіндік дербес мәні бар ұзын сызықтарды айтсақ, ал штрих - қысқа сызық, әрі ол басқа штрихтармен бірлестікте ғана белгілі бір мәнге ие болады. Штрихтарды оңға, солға немесе төмен (өзіне қарай) сызуға болады, ал қарындаштың ұшын жоғары қарай (өзінен әрі қарай) жүргізуге болмайды. Заттарға түскен жарық пен көлеңкенің алып жатқан орындарын анықтап, олардың шекараларын белгілейміз. Суреттің өңін айқындағанда заттың ең жарық, ең қараңғы жерін анықтап алу керек. Яғни реңдік қатынасты дұрыс айқындауға үйрену керек. Затты штрихтауды меншікті көлеңкеден бастаған жөн. Меншікті көлеңке дегеніміз – заттың сәуле түспеген бетінде пайда болған көлеңке. Жарық деп–табиғи сәуле мен жасанды жарық түскен бетті айтамыз. Жылт дегеніміз – жарықтың аса мол мөлшерде түскен жері. Мұны шыны немесе жылтыр темір ыдыстарда айқын байқауға болады. Түспе көлеңке дегеніміз–нақты бейнеленген заттан жазықтықтың бетіне түскен көлеңке. Жартылай көлеңке дегеніміз–меншікті көлеңке мен жарықтың арасында пайда болған көлеңке. Рефлекс дегеніміз–заттың меншікті көлеңкесінің шет жағында, артқы жазықтық арасында пайда болған көмескі жарық тәріздес құбылыс. Заттардың жарық көлеңкесін штрихтау арқылы олардың пішінін, көлемін шығарамыз. Жарық заттарға сол жағынан түскендіктен, негізгі ең қою көлеңке заттардың оң жағында орналасқан, ал жарықтың тікелей түсіп ең жарықтанған жылт бөлігі заттардың сол жағында орналасқан. Штрихтың қоюлығы мен жиілігі, бағыты нәрсенің нендей материалдан істелгендігі мен оның бетінің өзіне тән ерекшелігін көрсететіндей болуы керек.

4-кезең. Бұл бейнелеген заттарды толықтай анықтау кезеңі деп аталады. Геометриялық денелердің түсі ашық болғандықтан, штрихтау барысында сурет салу ережелеріне сүйене отырып, кейбір елеулі артық кеткен жарық пен қараңғы дақтарды бәсеңдетеміз. Штрихты нәрсе көлеміне байланысты доға және көлбеу түсіру арқылы, заттың бейнелік көлемін әрі айқындай түсуге болады. Жұмыстың соңында натюрморттың композициялық бірлігін, жарық пен көлеңкенің жарасымдылығын қадағалап, мұқият тексеріп көрген жөн. Орындалған суреттің жарасымды болып шығуына баса назар аударамыз.

(Сурет салу барысында әуен косылып қойылады).

IV. Қорытындылау кезеңі

Оқушылыр, практикалық жұмысымызды аяқтадық, 4 – кезеңмен сурет салып үйрендіңіздер деп ойлаймын, енді теориялық алған білімімізді тексеріп көрейік.



Берілген материалды жүйелеу және қорытындылау

Жаңа сабақты қорыту. (тест сұрақтары арқылы оқушылар бірін-бірі бағалау, берілген уақыт аяқталған соқ интерактивтік тақтада көрсетілетін тесттің дұрыс жауабын қолдана отырып, көрші отырған оқушымен парақтарын алмастырып жауабын тексеріп баға қою). Бағалау критерийі төмендегідей болуы шарт:

10-12 сұрақ дұрыс – «5»

8-9 сұрақ дұрыс – «4»

1-7 сұрақ дұрыс – «3»

Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары:


1. Штрих дегеніміз не?
а) көптеген біртектес сызықтардың жиынтығы ә) заттың бейнесі б) заттың пішіні
2. Жай қарындаш түрлерін тап?
а) түрлі-түсті қарындаштар ә) жұмсақ, қаламұш, қарындаштар б) жұмсақ,қатты қарындаштар
3. Штрихтың үш негізгі түрі?
а) түзу сызықты, керегегөз, доғал сызықты ә) ирек, үшбұрыш, түзу сызықты

б) үшбұрыш, ирек, сынық


4. Натюрморт алғаш рет қашан және қайда пайда болды?
а) XVIII ғасырдың ортасында Францияда ә) XVII ғасырдың басында Голландияда

б) XX ғасырда Ресейде



5. Дұрыс сурет салу үшін не керек?
а) түстану ә) үйлестіру б) мүсіндеу

6. Цилиндр тәріздес заттарды бояғанда қолданатын штрих сызығы?
а) түзу сызық ә) доғал сызық б) ирек сызық

7. Сызық жүргізу арқылы нені белгілейміз?
а) заттың пішінін ә) заттың ұзындығын б) заттың түсін
8. Натюрморт салуда 2-ші кезең қалай аталады?
а) бейнеленген затты толықтай анықтау кезеңі ә) зат бейнелерінің қағаз бетіне орналасуын анықтау б) зат бейнелерінің құрылысын табу

9. Нәрсенің көлеңке бөлігіндегі әлсіз жарық қалай аталады?

а)жылт (блик) ә)жартылай көлеңке б) шағылыс (рефлекс)


10. Нәрсе бейнесіне жарық, көлеңке не үшін түсіріледі?

а)пропорциясын көрсету үшін ә) көлемін,пішінін шынайы көрсету үшін б)композициялық шешімін көрсету үшін


11. Өзінің натюрмортында қазақ қыздарының ұлттық бас киімі – сәукелені бейнелеген кім?
а) Ботакөз Ақанова ә) Айша Ғалымбаеваның б) Гүлфайрус Ысмайылова
12. Қалай штрихтауға болмайды?
а) қарындаштың ұшын жоғары қарай жүргізуге ә) оңға, солға сызуға б) төмен сызуға

Рефлексия:

Оқушылар, бүгінгі сабақта не үйрендік? Денелерді неше кезеңмен саламыз? Қандай штрих түрлерін пайдаландық? Сабақтан не үйрендің, не білдің? Осы сұрақтарға интерактивті тақтаға бір-бірлеп келіп жаза қоямыз.



Сабақты қорытындылау және оқушылар білімін бағалау:

Сабақ соңында топ ұпайлары саналып 2 топқа орындар беріледі. Және сабаққа белсенді қатысқан оқушылардың тиісті бағаларын қою.



V. Үй жұмысын хабарлау:

Оқу, танысу. Натюрмортты толық штрихтап, аяқтау. Әр түрлі кәсіп немесе мамандық иелерін білдіретін заттардан натюрморт орындап салу.

Ашық сабақ жоспары
Молдахмет сыздықұлы кенбаев

Каталог: uploads -> doc -> 0f3c
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
doc -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
0f3c -> Орта мерзімді күнтізбелік жоспар физика пәнінен


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет