Сабақ жоспары «Тексерілді» Оқу ісі-жөніндегі орынбасары



Дата21.07.2017
өлшемі41.23 Kb.
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ «Тексерілді»

Оқу ісі-жөніндегі орынбасары:

«___________» ________2015 ж _____________ Г.Б. Шамшина
Пән аты: Информатика

Сыныбы 10 А (жаратылыстану-математика бағыты)
Сабақтың тақырыбы: Программадағы бульдік операция
Сабақтың мақсаты:


  1. Оқушыларға үшөлшемді графикадағы бульдік әдістер туралы мағлұмат беру. Оның маңыздылығын түсіндіру.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.

  3. Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа компьютермен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: Көрсете-баяндау, жеке жұмыс.

Сабақ көрнекілігі: ДК, слайдтар, тапсырмалар

Сабақтың барысы:

I)Ұйымдастыру.

II)Үй тапсырмасын тексеру.

III) Жаңа сабақ.

IV) Тәжірибелік тапсырмалар

V) Үйге тапсырма.

VІ) Қортындылау.

Сабаққа келмеген оқушыларды түгендеу, үй тапсырмасын пысықтау.



II)Үй тапсырмасын тексеру.

1. Mesh-нысандарды қандай құрал арқылы өзгертеміз?

А) Extrude

В) End


С) Delete

Д) Shift


Е) Ctrl

2. Extrude құралын пернетақтадан қандай батырманы басу арқылы шақыра аламыз?

А) G

В) H


С) E

Д) S


Е) P

3. нысанды қозғалту кезінде нақты бір биіктікке дейін созу керек болса, қай батырманы басып тұру керек?

А) Delete

В) End


С) Enter

Д) Home


Е) Ctrl

4. 3D studio max 7 терезе бөліктеріне не жатады?

А) құралдың анимация басқарулары

В) монитор

С) тышқан

Д) пернетақта

Е) жүйелік блок

5. Keyboard Entry шиыршығын ашу үшін шиыршықтың сол жағында қандай таңбаны шерту керек?

А) «-»

В) «/»


С) «+»

Д) «<»


Е) «*»


Жаңа сабақ:

Сахнада нысанды жасай отырып, оның геометриялық ерекшеліктерінескеру керек.бір үшөлшемді нысанды бірнеше тәсілмен модельдей алуға болатынына қарамастан, тез және қолайлы болатын тек бір ғана тәсіл болады. Сол қолайлы модельдеу тәсілдердің бірі бульдік операция болып табылады.

Компьютерлік грфикада бульдік құралдарды пайдалана отырып, нысанды өзгерту бульдік операциялар логикасына негізделген. Бульдік операция өз кезегінде математиканың бір бөлімі болып табылады. Сонымен қатар бульдік операциялар программалауда кеңінен қолданылады. «Бульдік» сөзінің мағынасы математикалық логиканың негізін салған ағылшын математигі Джордж Бульдің фамилиясымен тікелей байланысты.

Компьютерлік грфикада кез келген бульдік операция екі нысанға қолданылады. Нәтижесінде нысандардың қилысуынан, қосылуынан немесе бірігуінен үшінші нысан пайда болады.



3D Blender программасындағы бульдік операция

Blender программасында W батырмасын редакторлау режімінде қолданған кезде Subdivide құралын пайдалана алатынымызды білеміз. Алайда осы батрманы нысанда режімде қолданған кезде бульдік құралдарды пайдалануға мүмкіндік туады.

Blender компбютерлік графикада нысандарды өзара әркеттесуі үшін қолданылатын келесідей бульдік тәсілдері бар:


  • Intersect (Қиылысу). Екі негізгі нысанның қилысуының нәтижесі болатын жаңа нысанды жасайды.

  • Union (Біріктіру) Екі негізгі нысанның бірігуінің нәтижесі болатын жаңа нысанды жасайды.

  • Difference (Әртүрлілік). Екі нысанның әртүрлі жақтарымен бір-біріне қосылуынан бөлініп шығатын жаңа нысанды жасайды.

3D max программасындағы бульдік операция

Үшөлшемді графикада жасалатын модельдер екі топқа бөлінеді: органикалық немесе органикалық емес. Органикалық модельдер категориясына өсімдіктер, жануарлар, адамдар сияқты тірі табиғат нысандары жатса, органикалық емес модельдер категориясына сәулет өнері, заттар, адамдар жасаған техникалық заттар сияқты нысандар жатады. Бұл екі категориядағы нысандарды жасау үшін басшылыққа алынатын нақты мақсаттарға сәйкес модельдеу үшін үшөлшемді графиканың әртүрлі пакеттері қолданылуы мүмкін. 3D max программасы органикалық емес модельдеу үшін яғни, сәулетті визализациялау және компьютерлік ойындарды әзірлеуде негізгі акцент болғандықтан, бульдік операция 3D max-та айырбасталмайтын құрал. Бір жағынан бульдік операция органикалық нысандарды жасауда қолданылмайды.



  • Union (Қосу). Екі нысанның бульдік қосылу нәтижесі осы операцияға қатысатын нысандардың бет жағы болып табылады.

  • Intersection (Қиылысу). Екі нысанның бульдік қиылысу нәтижесі осы нысандардың ортақ бөлігін құрайтын нысанның бет жағы болып табылады.

  • Subtraction (Шығару) Екі нысанның бульдік шығару нәтижесі әр нысанның жеке-жеке бет жақтары болып табылады. Ал ортақ бөлігі шығару нәтижесіне жатпайды.

  • Cut (Шегеру). Екі нысанның бульдік шегеру нәтижесінде бос қалған орын.

Тәжірибелік тапсырмалар

Сахнаға кез келген екі нысанды орналастырып, оларға қиылысу, біріктіру және әртүрлілік операцияларын қолданыңдар



Қортындылау:

  1. Бульдік операция деген не?

  2. Бульдік операцияның қандай түрлері бар?

  3. Органикалық немесе органикалық емес модельдердің нысандарына нелер жатады?

Үйге тапсырма.

«§26. Программадағы бульдік операция» тақырыбын оқып келу



Оқушыларды бағалау.
Каталог: uploads -> doc -> 0d5b
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d5b -> 1-жазба Мұғалімдердің оқуымен оқыту тәжірибесіне қолдау көрсету үшін тренердің формативті бағалауды қолдануы туралы бір жазба
0d5b -> Сабақ жоспары Пән: Биология 7 сынып
0d5b -> Сабақ жоспары Күні: 04. 14ж Пән: Әдебиет Сынып: 6-сынып Тақырыбы: М. Мағауин «Бір атаның балалары»
0d5b -> Сабақ «Шешендік өнер»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет