Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Туынды



Дата12.09.2020
өлшемі55,58 Kb.
#77880
түріСабақ

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Туынды

Колледж: «Теміртау кәсіптік-техникалық колледжі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Дағысқызы Жанбота

Курс:1 Топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бағыт

Жаратылыстану-математика

Сабақ тақырыбы

Туынды табу ережелері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.5. - дифференциалдаудың ережелерін білу және қолдану

Сабақ мақсаттары

Барлық студенттер: Туындыны табу ережелерін біледі.

Студенттердің басым бөлігі: Дәрежелі функцияның туындысын, көбейтіндінің, бөліндінің, қосындының туындысын табу формуласын есептер шығаруда қолданады.

Кейбір студенттер Берілгені бойынша қандай өрнектің туындысы екендігін таба алады.

Бағалау критерийлері

Студенттер:

  • Анықтамасы бойынша функцияның туындысын табады;

  • Функцияны дифференциалдау ережелерін қолданады.

Тілдік мақсат

Студенттер: Теоремаларды дәлелдеуде математикалық тілде сойлей алады.

Сұрақтарға нақты дәлелдемелер арқылы, толық жауап бере алады.



Негізгі сөздер мен тіркестер: Туынды, өсімше, дельта, дифференциалдау

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • Туынды

  • Көбейтіндінің туындысын табу

  • Бөлудің туындысы

  • Дифференциалдау

  • Алымы

  • Бөлімі

  • Қосынды мен азайтынды

  • Дәрежелі функция

  • Туындылау

Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер:

  • Бөліндінің туындысын табу үшін....

  • Қосынды мен азайтындының туындысы..... табылады

  • Дәрежелі функцияның туындысын табу үшін...

Құндылықтарды дарыту

Өздеріне және басқаларға деген құрмет пен ынтымақтастықты–жұппен, топпен жұмыс істеу арқылы, академиялық тұтастықты– өзіндік жұмыс арқылы, ашықтықты–оқушылар сабақ мақсаттары мен міндеттерін өздігінен анықтай алады.

АКТ қолдану дағдылары

ActiveInspire, PowerPoint таныстырылым дағдыларын дамыту.

Бастапқы білім

Туындының анықтамасы , функциялардың туындысын табу формулаларын біледі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтың басы

0-3 мин


Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру кезеңі: а) студенттермен сәлемдесу, тізім бойынша түгендеу; ә) студенттермен сабаққа дайындықтарын тексеру;
ІІ.1.Үй тапсырмасын дәптер алмастырып,өздеріне тексертемін, бір-бірлерін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалайды.

ІІ.2. Білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеріп өту:



  1. Аргументтің өсімшесі деп нені айтамыз?

  2. Функцияның өсімшесін өрнектеп жазып беріңдер?

  3. Функцияның х нүктесіндегі туындысының анықтамасын айтыңдар?

ІІІ. Жаңа сабақ материалын Блум таксономиясының кезеңдері бойынша игеру.






Сабақтыңортасы

4-10 мин


Білу.

Эпиграф: «Математикада түсініксіз ойға арналған белгі жоқ». Анри Пуанкаре
Функцияны табу ережелерімен таныстыру.

1-ереже: (u+v)’=u’+v’

2-ереже: (uv)’=u’v+uv’

(Cf(x))’=C f’(x)

3-ереже: ()’=

4-ереже: (u+v)’=u’+v’

Дәрежелік функцияның туындсының формуласы:

y=xn функциясы берілсе, мұндағы nN, онда бұл дәрежелік функцияның туындысы мына формуламен есептелінеді:

(xn)’=nxn-1
Мысалмен көретіледі.


Сабақтыңортасы

11 -21 мин



Түсіну.

Сәйкестендіру

2x-5

2

(x-5)(2x-5)

4x-15






(-6x3)

-18x2

4x3-2x2+x-5



x-5

1

0,25x4+0,3x3 +0,5x2-1

x3+0,9x2+x

5-8x

-8



Сабақтыңортасы
22-37 мин

Жаңа материалды зерттеу.

№180





Дескриптор:

Білім алушы:

-функция түрін ажыратады;

-туындыны есептеу ережелерін қолданады;

-бөліндінің туындысын есептейді.

-

Кері байланыс:



Білім алушы:

«Бас бармақ» әдісімен бағаланады



№181





,



, х=4

Дескриптор

Білім алушы:

  • Функцияның туындысын алады;

  • Берілген нүктедегі мәнін есептейді.


Кері байланыс

«Жарайсың!», «Өте жақсы»
Талдау

Карточкалардағы тапсырма

1-топ

1)Берілгені

f (x)-5.f ˊ (2)

2) f (x) -5x функциясының туындысын тап

3) f (x) функциясының туындысын тап

4.


f (x)-5х-3 болса,есептеңіз

f ˊ (2)



2-топ

1.f (x)-4 .

f ˊ (4)

2.

f (x)4 + 2х функциясының туындысын тап



3. f (x)-2+11 функциясының туындысын тап

4. f (x)-5-3х болса,есептеңіз

f ˊ (2)


3- топ

Бер1.f (x)-4 .

f ˊ (3)

2.

f (x)+ 8х функциясының туындысын тап



3. f (x)-6+11 функциясының туындысын тап

4. f (x)-2-х болса,есептеңіз

f ˊ (2)



Қолдану.

«Болашаққа нық сеніммен !Математикалық сауаттылыққа.» .

«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі қолданылады.

1-топ .Саяхатшы дүйсенбі күні сағат 12-де жолға шықты.Саяхат 100 сағатқа созылды.Ол қай күні және сағат нешеде қайтып келеді ?

2- топ.Мадина бақтан алма терді.Оған бақтан шығуы үшін 4 есіктен өтуі керек.Ал әр есікте қатал күзетшілер тұр.,олар алманың жартысын алып отырды.Мадина үйге 10 алма әкелді.Күзетшілерге қанша алма берілді.

3-топ.Оқушы кітапты үш күн оқыды.Ол бірінші күні кітаптың 0,2-сін және 5 бетін оқыды.Екінші күні кітаптың қалған беттерінің 0,4-ін және 7 бетін оқыды.Үшінші күні кітаптың одан қалған беттерінің 0,8-ін және қалған 10 бетін оқыды. Оқушы оқыған кітапта неше бет болған ?

Берілген қосындыны анықтап ,берілген тапсырманы орындаңыз

Бағалау

Үй тапсырмасы мен сабаққа қатысуы бойынша бағаланады.





Сабақтың соңы
38-40 мин

Үй тапсырмасы.

Келесі «Күрделі функцияның туындысы» тақырыбы бойынша дайындалып қысқаша конспект жасау.



Сабақтың соңында рефлексия.

  1. Сабақты қалай түсінгендері және қалай қабылдағандары бойынша үлестірілген ұялы телефон шаблондарынан мұғалімге хат жазу керек.

  2. «Табыс сатысы» әдісі: кәдімгі сатының суреті, сатының

1 – баспалдағы Мен………….. БІЛЕМІН

2 – баспалдағы Мен……………… ТҮСІНЕМІН



3 – баспалдағы Мен…………. ЖАСАЙ АЛАМЫН



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет