Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі



бет3/3
Дата22.11.2019
өлшемі267,88 Kb.
#52289
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
docx1569581943


Жаңа сабақты бекіту:

Жеке жұмыс: «Өткенді біз ұмытпаймыз» әдісі. Оқушылар келесі 4 сұрақтық тестті жеке орындайды. Орындап болған соң олар көрші оқушымен дәптерлерін алмастырып, тапсырманың нешеуі дұрыс болғанына қарай бір-бірін қызыл, жасыл не сары карточка беру арқылы бағалайды.

1) Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының косинусының өрнегі

А) cos α В) cos α =

С) Д)



  1. Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусының өрнегі

А) sin α В) cos α =

С) Д)



3)Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының тангенсінің өрнегі

А) tg α В) tg α =



С) Д)

4)Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының котангенсінің өрнегі

А) ctg α В) ctg α =

С) Д)



Жауабы: 1) Д 2)С 3)В 4)А

Жеке жұмыс: Деңгейлік тапсырмалар:

"АВС" әдісі.

Оқушыларға күрделілігі үш түрлі деңгейдегі тапсырмаларды таңдап және орындауды ұсыну. Мұндағы үш деңгей бойынша ілгерілемелі үдеріс оқушының төменнен жоғары деңгейге көтерілу мақсатында жоспарланған.

"А" деңгейінің тапсырмалары міндетті білім беру деңгейінен құралады.

А деңгей тапсырмалары

  1. Косинусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  2. Синусты өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  3. Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  4. Неліктен косинус тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  5. Сүйір бұрыштың синусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз

  6. Сүйір бұрыштың косинусы 1/2 және 2/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз

  7. Синус пен Косинусты біріктіріп тұратын қасиет не деп ойлайсыз?

  8. Тангенсті өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  9. Котангенсті өз сөзіңізбен айтып беріңіз

  10. Неліктен тангенс тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  11. Неліктен котангенс тек бұрышқа ғана тәуелді, қысқа түсіндірмесін беріңіз

  12. Сүйір бұрыштың тангенсі 3/4 және 4/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз

  13. Сүйір бұрыштың котангенсі 3/4 және 4/5 болатын тікбұрышты үшбұрыш салыңыз.

  14. Тангенс пен котангенсті біріктіріп тұратын қасиет не деп ойлайсыз?


"В" деңгейінің тапсырмалары өз білімін қолдануға, өзі шешу жолдарын ұсынуға арналған есептер.

В деңгей тапсырмалары

  1. Синусы 1/2, 2/4 және 4/8 болатын бұрыштар бірдей ма?

  2. BC=8, AB=17, AC=15. Ең кіші бұрышының синусын және косинусын табыңыз

  3. Тангенсі 2/2, 4/4 және 8/8 болатын бұрыштар бірдей ма?

  4. BC=8, AB=17, AC=15. Сүйір бұрыштарының тангенсі және котангенсін табыңыз


"С" деңгейінің тапсырмалары шығармашылық ойлауды талап ететін, қиындығы жоғары тапсырмаларды шешу кезінде берілген мәселенің бірегей шешімдерін табуға арналған.
С деңгей тапсырмалары

  1. Бір бұрышының косинусы 1/2, 2/4 және 4/8 болатын тікбұрышты үшбұрыштар бірдей ма?

  2. Бір бұрышының котангенсі 1/2, 2/4 және 4/8 болатын тікбұрышты үшбұрыштар бірдей бола алады ма? Қай кезде?

Жауаптарын интерактивті тақтада көрсетемін. Оқушылар өздерін бағалайды. Қалыптастырушы бағалауды түзету енгізе отырып, смайликтер беру арқылы жүргіземін.
Бағалау критерийлері:

Критерий

Дескриптор

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының синусы мен косинусының, тангенсі мен котангенсінің анықтамаларын біледі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының синусының анықтамасын біледі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының косинусының анықтамасын біледі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының тангенсінің анықтамасын біледі

Тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрыштарының котангенсінің анықтамасын біледі

Математикалық тілде сөйлейді, есте сақтайды, ойлайды, қолдана алу дағдыларын қалыптастырады; Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін қолданып, сүйір бұрыштың косинусы мен синусын, тангенсі мен котангенсін есептеп шығарады

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін қолданып, синусын есептеп шығарады

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін қолданып, косинисын есептеп шығарады

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін қолданып, тангенсін есептеп шығарады

Математикалық тілде сөйлейді

Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғаларының мәндерін қолданып, котангенсін есептеп шығарады

Сүйір бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің берілген мәні бойынша тікбұрышты үшбұрышты салады және өрнекті түрлендіріп, жинақтап- құрастырып, қолдана алады

Сүйір бұрыштың синусының, косинусының, тангенсінің және котангенсінің берілген мәні бойынша тікбұрышты үшбұрышты сала алады

Мысалдар құрастыра алады



Электронды оқулық

Геометрия

8 сынып


Интерактивті тақта



Сабақтың соңы 8 минут

Сабақты қорытындылау:

«ЭССЕ немесе ой толғаныс стратегиясы»: Тақырыпқа сай оқушы өз ойын қорыта және жинақтай отырып, ой-толғанысын 10-12 сөзден тұратын сөйлем жазады.

«Таза қағаз» әдісі Топтағы барлық оқушы ақ қағазға өтілген жаңа тақырып бойынша есінде қалған бар қатыстарды жазып шығады.
Бағалау: Әр топ басшысы өздеріне берілген бағалау парақшасындағы критерийлер бойынша өз тобындағы оқушыларды бағалап шығады.

Рефлексия: «Ерекше саңырауқұлақ» әдісі-бұл әдіс сабақ соңында рефлексия жасау үшін тиімді . Әдісті жүзеге асыру үшін саңырауқұлақ бейнеленген плакат ілінеді де саңырауқұлақтың түбіртегіне жаңа сабақтың тақырыбы жазылады. Ал оқушылар сабақ барысында жаңа сабақ туралы не уйренгені жайлы стикерлерге жазып саңырауқұлақтың қалпақшасына желімдейді .

Үйге тапсырма: Егер теңбүйірлі үшбұрыштың бүйір жағы 5см , табаны 6см, ал биіктігі 4см болса, табанындағы бұрыштың тангенсін және котангенсін табыңыз.

Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері 6см және 8см. Ал, гипотенузасы 10см. Оның ішіндегі екі сүйір бұрыштың тангенсі мен котангенсін табыңыз


Тақта, бор

Бағалау парақшасы



Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Оқушылардың қажеттіліктеріне сәйкес «АВС» әдісі арқылы оқушыларға деңгейлік тапсырмалар және «Өткенді біз ұмытпаймыз» әдісі арқылы тест тапсырмалар беріледі . «Ақпарат жинау» және «Джигсо» әдісі кезінде тақырыпты түсіну үшін электронды дереккөздер пайдаланады.«Эссе және ой толғаныс» және «Таза қағаз» әдісі арқылы қорытынды саралау жұмыстары жүргізіледі.


Бағалау критерийлеріне сәйкес смайликпен бағалау,өзін-өзі бағалау, ауызша ынталандыру, қолдау көрсету

Интерактивті тақтаны сабақ барысында қолдану уақытын асырмау. Көз жаттығулары мен денеге қимыл-қозғалыс жасау.

Рефлексия

- Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

- Оқушылар бүгін не үйренді?

- Сынып атмосферасы қандай болды?

- Дифференциация жұмыс жасады ма?

- Барлығына уақыт жеткілікті болды ма?

- Жоспарға қандай өзгерістер енгізілді? Неге?



.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?



1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет