Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспар тарауы



Дата17.06.2018
өлшемі396,37 Kb.
#42892
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

Мектеп: Ж.Еділбаев атындағы №18 мектеп - гимназиясы

Күні: 21.04.2017ж

Мұғалімнің аты-жөні: А.Арыстанова

Сынып: 5- сынып

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаты (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.4.1.1 - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.


Оқушылардың басым бөлігі:

Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.


Кейбір оқушылар:

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдай алады




Бағалау критерийлері

Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.

Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолдана біледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдай алады.

Төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін жаза біледі




Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Қауіпсіздік ережесімен таныстыра отырып, компьютер сыныбында өзін-өзі алып жүру ережесі туралы түсініктерін қалыптастырады




Негізгі сөздер мен тіркестер:

Информатика, компьютер, интернет.

Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Қауіпсіздік ережесі не үшін сақталады?

Егер оқыс жағдайда қандай көмек бересіздер?

Информатика пәнінің маңыздылығы қаншалықты?

Компьютерден жағымсыз иіс шыққан жағдайда не істейсіздер?


Талқылауға арналған тармақтар:

Компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Көзді шаршатпаудың жолдары қандай?



Жазылым бойынша ұсыныстар:

Компьютер – компьютер- computer, informatik- информатика – информатика, ғаламтор - интернет- internet

Құндылықтарға баулу

Құндылықтарға баулу арқылы техника қауіпсіздік ережесін білуде сын тұрғысынан ойлау, жауапкершілік арқылы жүзеге асырылады


Алдыңғы білім


Ақпарат туралы түсінік.

Информатика нені оқытады?



Пәнаралық байланыс

Биология, Өмір қауіпсіздігі негіздері

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар



Сабақтың басы

10 минут

Миға шабуыл






Ұйымдастыру

Суреттер арқылы 2 топқа бірігу.



«Миға шабуыл» Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?

Көзді шаршатпаудың жолдары қандай?



Үлестірме сүреттер бөлігі


оқулық, жұмыс дәптері


Сабақтың ортасы

15 минут


Практикалық жұмыс



10 минут



Оқушы білгендерін тыңдай отырып, жаңа сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Ендеше, бүгінгі жаңа сабағымыз



« Компьютерде зиян келтірмей қалай жұмыс істеуге болады?»
« Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?» тақырыбында конспекті жазу.

«Есте сақтайық» әдісі арқылы жазған конспектіге көз жүгіртіп дәптерді жабу арқылы есте сақтау қабілеттерін байқау.

Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай?

Ол үшін мына талаптарды орындау керек.


  1. Мониторға дейіінгі арақашықтықты 60-70 см –ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығындай).

  2. Компьютер алдында жұмыс 25 минуттан аспауы тиіс.

  3. Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.

  4. Экранның дәл ортасына қарау керек.

  5. Жұмыс істеу үшін дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары тиіс. Олкөру қабілетін одан ірі нашарлатпауға көмектеседі.

Көзге арналған жаттығуды компьютермен

жұмыс істеген уақытта әрбір 10-15 минут

сайын орындап отыру керек.

Көзге жасалатын жаттығуларды түсіндіре отырып жасап көрсету.


Компьютердің қауіпсіздігі туралы бейне көрініс және слайд көрсету
«Сұрақ менен, жауап сенен» әдісі бойынша оқушылардың тақырыпты меңгергендігін анықтау мақсатында сұрақтар беріледі.

1.Дербес компьютерде жұмыс істеу барысында қанша уақыт отыру қажет?

2. Көзбен монитордың арақашықтығы қанша болу керек?

3. Компьютермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін атаңдар.

4. Күйген жағдайда алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

5. Қауіпсіздік ережелерінің адам үшін маңыздылығы қандай?




  1. Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын екі топ бір-бірімен пікір алмасады.

  2. Төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін 2 топ плакатқа жазады.


Оқулық, дәптер

слайд,

интерактивті тақта,



маркерлер,

плакаттар,

стикерлер


Сабақтың соңы

10 минут



«Кілтті сөздер» әдісі арқылы тақырыпты бекіту.

Техникалық диктант алынады.


Критерийлер арқылы ауызша кері байланыс беру.

Сабаққа кері байланыс беру



Оқулық,

Үлестірме қағаздар,

стикерлер


Бағалау критерийі

Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.

Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолдана біледі.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдай алады.

Төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін жаза біледі




Дескриптор

Компьютердің қауіпсіздігі туралы біледі.


Кабинеттегі ережелер мен талаптарды түсінеді.

Компьютермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін қолданады.

Қауіпсіздік техникасы ережелерін бұзу салдарын талдайды.

Төтенше жағдай кезінде алғаш жәрдем көрсету әрекеттерін жазады




Қосымша ақпарат: Информатика 5-сынып Г.А. Көпеева, Ү.М. Ділманова-Астана; «Арман-ПВ» баспасы, 2017.-162 бет



Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Бағалау –Сіз оқушылардың Материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Диалогтік оқыту тәсілі арқылы мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай төмен және жоғары дәрежелі сұрақтарды және тапсырмаларды бағыттау

Кері байланыс арқылы

Көзге арналған сергіту жаттығулар.

Оқушылардың компьютер алдында дұрыс отыруын қадағалау.



Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары Шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?

Егер оқушылар осы мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаланасыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаты анық және қол жетімді болды. Яни сабағымда барлық оқушылар қауіпсіздік техникасы ережелерін толық меңгерді.Сабақта уақыттан тиімді пайдаландым.

Қорытынды бағамдау.

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: топтық жұмыс

2: пікір алмасу

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)

1: диалогтік оқыту

2: кері байланыс

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.

Каталог: uploads -> doc -> 0ddd
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ddd -> Тақырыбы : Эрудиттер сайысы
0ddd -> Сабақтың тақырыбы: В. Сухомлинский Нағыз адам Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет