Сабақ жоспары Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Жолың болсын, жолаушы»


Оқушылардың көпшілігі орындай алады



бет2/7
Дата11.10.2023
өлшемі100,45 Kb.
#184685
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
9-erteң-biz-zhol-zhүremiz
ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, ОШ СОр Әдебиет 7-сынып, Жиынты ба алау а арнал ан дістемелік сыныстар «Каза дебиеті, sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aza-debiet-7-synyp..., sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aza-debiet-7-synyp..., sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aza-debiet-7-synyp..., sabaq-kz attachment tzhb.-soch-aza-debiet-7-synyp...
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Көтерілген мәселеге өмірден мысал келтіреді, қорытынды шығарады.

Кейбір оқушылар орындай алады:
Жазылған ой-талқы мәтінінен етістікті сөз тіркестерін теріп, өзгелік етістіктің формасына айналдырып жазады.

Бағалау критерийі

- «Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіре алады;
- өлеңнің идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалай біледі;
- ақын өлеңінен афоризмдерді тиімді қолданып ой-талқы мәтінін жазады;
- «Ертең біз жол жүреміз» өлеңі бойынша дәлелдейді, қорытынды шығарады.
- етістікті сөз тіркестерін теріп, өзгелік етістіктің формасына айналдырып жазады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады:
«Ертең біз жол жүреміз» өлеңінің мазмұны негізінде көтерілген мәселеге сыни көзқарасын білдіріп, дәлелдей алады.
Өлеңнің идеясы мен мазмұнына байланысты «автордың ойын» бағалай біледі.
Ақын өлеңінен афоризмдерді тиімді қолданып ой-талқы мәтінін жазады.
«Ертең біз жол жүреміз» өлеңінде көтерілген мәселе бойынша өмірден мысал келтіреді, қорытынды шешім шығарады.
Етістікті сөз тіркестерін өзгелік етістіктің формасына айналдырып жаза алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: болашақ, қамдану, тақалар қыс, сый-сияпат, қорқауды, кеселін тигізеді, жат қылық, салмағың.

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:
Өз көзқарасын білдіру үшін: менің көзқарасым бойынша..., ...деп айтар едім, менің түсінуімше... менің ойымша...
Бағалау үшін: қуанышқа орай,тамаша пікір, жақсы айтылған, орынды пікір, өкінішті, маған ұнады/ұнамады.

Талқылауға арналған сұрақтар:
Болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар?
Ол үшін не істеп қамданып жүрсіңдер?
Болашақта жетістікке жету үшін адамның бойында қандай қасиет болу керек?
Адамгершілікті сақтау дегенді қалай түсінесіңдер?

Не себепті ақын «Болашақ» деген елге қандай сый-сияпат апарамыз деген сауалды айтты ?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет