Сабақ жоспарларын дайындау, өткізу әдістемесі


Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізіледі



бет2/3
Дата14.12.2021
өлшемі20,69 Kb.
#127079
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
Критериалды бағалау-3
Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері, Критериалды бағалау жүйесінің алғы шарттары мен тарихи кезеңдері, prezident-kuni
Жалпы жұмыс үш бағытта жүргізіледі:

1)    мұғалімдердің біліктілігін арттыру және оларды оқыту;

2)    озық педагогикалық тәжірибемен танысу;

3)    орта білім берудің мазмұнын жаңарту.



Мектептегі білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімнің атқаратын маңызды рөлін ескере отырып, педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бастауыш білім берудің мазмұнын жаңарту шеңберінде:

  • Тілдерді оқыту ;

  • критериалды бағалауды енгізу;

  • жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер;

Берілген 6 пән бойынша сабақтардың мазмұны  оқу пәндері бойынша   оқушылардың білімдерін, және дағдыларын кеңейту және тереңдетуге бағытталды. Ата-ана мен оқушымен жұмыс тиянақталып, әсіресе, кері байланыс арқылы мұғалім оқушыларды дамуға жетелеп, ішкі уәжіне ықпал етуге қол жеткізуге болатыны жан-жақты талқыланған

Қазіргі таңда мұғалімге қойылатын талаптар мен оның дәстүрлі оқыту стилінен сындарлы оқыту теориясына негізделген оқыту тәсілдеріне көшуде «Егер саған бір балық берсе, сен бір күн тоқ жүресің, егер саған екі балық берсе, екі күн тоқ жүресің, ал егер  сені балық аулауға үйретсе, сен өмір бойы  тоқ боласың» деген халық даналығымен ұштасып, мұғалімдер қауымы оқушыларға өміріне азық болатындай  және алған білімдерін өмірде қолдана алатындай білім беру көзделген. Осы негізде құрылған критериалды бағалаудың өзектілігіне тоқталсақ, критериалды бағалау сабақ беру, бағалау және оқытудың өзара байланыс принциптері негізінде дайындалған. Оның негізгі принциптеріне төмендегілер жатады:



  • Бағалау білім жүйесінің міндеттеріне негізделген. Бағалау өзіндік мақсат болып саналмайды. Бұл жалпы білім беруді жетілдірудің механизмі болуымен қатар, әр оқушының оқу жетістігін жақсартудағы тиімді практика түрі болып табылады. Білім беру жүйесі міндеттері бағалауды және оны өткізудің жолдарын анықтайды.

  • Бағалау үдерісі әділ, нақты, сенімді және айқын болып табылады. Бұл бағалау барысында қолданылатын ақпараттардың сенімділігі мен айқындығын қамтамасыз етіп, тапсырмалар  мен оларға сәйкес критерийлердің оқушылардың  оқу  жетістіктеріне  жеткендігін  бағалайтынын  анықтайды.

  • Бағалау білім беру мазмұнының құрамдас бөлігі болып табылады, бағдарлама мақсаттары мен күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты болып келеді. Ол мақсаттардың айқындығын қамтамасыз ете отыра, бағалау түрлерінің (қалыптастырушы және жиынтық) және бағалау рәсімінің оқу бағдарламасына сәйкестігін  анықтайды.

  • -  Бағалау қолжетімді, анық және ашық түрде болады. Ол қажетті ақпаратты уақытында беріп отыруға мүмкіндік тудырады, оқушылардың өзін-өзі реттеу тәртібін дамытып, үдеріске қатысушылардың жауапкершілігін арттырады.

  • Бағалау үздіксіз өткізіледі және оқушының оқу жетістіктерін анықтауға, жеке даму траекториясын жасауға мүмкіндіктер тудырады.

  • Бағалау мектептің, мектеп ұжымының және оқушылардың даму бағытын айқындау жолындағы басты фактор болып табылады. Осы үдеріске қатысушылардың өз міндеттерін атқарудағы құзіреттілігін арттыруға мүмкіндік тудырады.

Оқу жылы көлемінде оқытудағы үлгерім мен ілгерілеу туралы мағлұматтар жинақтау бағалаудың екі түрі арқылы іске асырылады. Олар: қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып табылады. Қалыптастырушы бағалау барлық тоқсанда күнделікті сабақ беру барысында жүйелі жүргізіледі және сабақтың бөлінбейтін бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау үнемі жүргіліп отырады, балл мен баға қойылмайды, мұғалім мен оқушының арасындағы кері байланыс әрекеті арқылы оқыту үдерісін уақытында түзетіп отыруға, оның өлшемін анықтауға, сабақты ары қарай жоспарлауға ықпал етеді. Жиынтық бағалау мұғалімдер мен оқушыларға белгілі бір оқу кезеңін аяқтағанда (әр бөлім немесе ортақ тақырып бойынша, тоқсан соңында, триместр немесе оқу жылының соңында) оқушыға балл және баға қою арқылы оқу нәтижесінің ілгерілеуі туралы ақпарат беру үшін өткізіледі.

Қалыптастырушы және жиынтық бағалау барлық пәндер бойынша өткізіледі. Дегенмен, бағалау жолдары оның мазмұны мен түріне сай әртүрлі болады. Жиынтық бағалауды өткізу жолдарының толық нұсқалары әр пән және сыныптарда жиынтық бағалауды өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулықтарда берілген. Мұғалімдер қалыптастырушы және жиынтық бағалау нәтижелерін оқушыларға кері байланыс беріп, ата-аналарға оқыту үдерісі туралы ақпарат беру үшін қолданады. Бағалаудың балық түрлері оқу бағдарламасының мазмұнына негізделіп жасалған. Оқушылардың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарына жету дәрежелерін анықтау үшін Б. Блумның оқу мақсаттары таксономиясына сәйкес бағалау критерийлері ойлау дағдыларының деңгейлері бойынша реттеліп құрастырылады.

Бағалау критерийлерін құрастыруда мұғалім ойлау дағдылары деңгейлерін көрсететін қосымша таблицада  берілген етістіктерді қолдана алады.

Мысалы,         Математика пәні, 2 – сынып

Оқу мақсаты: «100-ге жуық сандардың графикалық моделін құру және жазу » Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлері:

«100-ге жуық  сандардың графикалық  моделін  жа за ды» →  Ойлау дағдыларының деңгейі: «Білу және түсіну».

«100-ге жуық сандардың графикалық моделін құрастыра ды» → Ойлау дағдыларының деңгейі: «Білімді қолдану».

Бағалау үдерісін тиімді түрде өткізу үшін  мұғалімге:

Оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийлерін нақты құрастыру;

Тапсырмаларды бағалау критерийлеріне сай құрастыру және дескрипторларын анықтау;

Оқушыларға тиімді кері байланыс  беру ұсынылады.

Бағалау критерийлері оқу мақсатында не көрсетілсе, тек соны ғана бағалайды және Блум таксономиясыда берілген алты ойлау дағдыларының деңгейлерін – білу мен түсіну, қолдану, анализ, синтез және бағалауды көрсетеді. Мұғалімнің бағалау критерийлерін оқу мақсаттарына сәйкестендіріп, нақтылап дайындауы маңызды.

Одан кейін мұғалім бағалау критерийлерін сәйкестендіріп, оқушылардың жеке ерекшеліктерін, оқу мазмұнын ескеріп, тапсырма және оның дескрипторларын құрастырады. Дескрипторлар тапсырманы орындаудағы оқушы қадамын нақтылайды, нәтижеге жету жолын анықтайды, сондықтан олардың түсінікті болуы қажет.

Мысалы, 5-сыныптағы Қазақ тілі пәніндегі «Мәтіннің мазмұнын ретімен әңгімелеу» мақсатына сәйкес қалыптастырушы бағалауды өткізгенде  мұғалім келесі тапсырманы бере алады: Мәтіндегі оқиға желісінің ретін сақтай отырып, суреттерді дұрыс орналастырыңыз. Дайын мәтін суреттерін қағазға желімдеп, әңгімелеп беріңіз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет