Аралас сандарды қосудың және азайтудың ережелерін қолданады;
Натурал санға аралас санды қосуды біледі;
Натурал саннан аралас санды азайтуды біледі.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар: Аралас сандарды қосып, азайту үшін бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімге келтіру керектігін түсінеді.Аралас сандардың бөлшек бөліктерінің ең кіші ортақ бөлімін табуды біледі ,ауызша және жазбаша сипаттай алады, сөздік құрамы артады. Өз ойын еркін білдіре алады, анықтамаларды ешбір қиындықсыз айтады.
Пәнге қатысты лексика мен терминалогия
Бөлшек, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі, бөлшек сызығы, аралас сан,бүтін бөлігі,бұрыс бөлшек, дұрыс бөлшек, бөлшектің бүтін бөлігі.
Құндылықтарға баулу
Топтарға біріктіре отырып бір-бірімен ой бөлісуге , бір-бірінің пікіріне құрметпен қарауға, бір-бірін тыңдай білуге, сыныпта ауызбіршіліктің қалыптасуына жағдай жасау.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі,
АКТ қолдану дағдылары
Жаңа тақырыпқа қатысты материалдарды слайд арқылы көрсетіп, интербелсенді тақтаны пайдалана отырып есептер шығарту
www//smk.edu.kz
Алдыңғы білім
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру . Жай бөлшектерді қысқарту. Дұрыс және бұрыс бөлшектер. Аралас сан. Жай бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
Ресурстар
Сабақтың басы
Ұйымдастыру
3 мин
Қайталау
5 мин
Жаңа сабақты түсіндіру
17 мин
I.Ұйымдастыру бөлімі
-оқушылармен сәлемдесу;
-сабаққа қатысын анықтау;
-оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру;
-Топқа бөлу;
Ширату жаттығуы
"Баланс дөңгелегі" әдісі арқылы оқушылардың игерген білімдерінің деңгейін анықтау, жаға тақырыпты алдыңғы біліммен байланыстыру:
І топ. Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу.
№1. Мысал.
Бөлімдері бірдей аралас сандарды қосу үшін:
1) олардың бүтін бөліктерінің қосындысын, бөлшек бөліктерінің қосындысын табу керек;
2) бүтін бөліктерінің қосындысы мен бөлшек бөліктерінің қосындысын аралас сан түрінде жазу керек. Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту.
№2. Мысал.
Бөлімдері бірдей аралас сандарды азайту үшін:
1) олардың бүтін бөліктерінің айырмасын, бөлшек бөліктерінің айырмасын табу керек;
2) бүтін бөліктерінің айырмасы мен бөлшек бөліктерінің айырмасының қосындысын аралас сан түрінде жазу керек.
Ескерту! Егер, азайғыш аралас санның бөлшек бөлігі, азайтқыш аралас санның бөлшек бөлігінен кіші болса, онда:
Азайғыштың бүтін бөлігінен 1 бүтінді алып, оны бөлшек түрінде жазу керек.