Сабақ. Кардиомиоцитегі әрекет потенциалы. Экг сабақ жоспары: Кардиомиоцитегі әрекет потенциалы. Кардиомиоцит фазалары. Қозудың жүрек миокардында таралуы



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#82512
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
4-Сабақ.Теория.Word
4-Сабақ.Теория.Word

4 сабақ. КАРДИОМИОЦИТЕГІ ӘРЕКЕТ
ПОТЕНЦИАЛЫ. ЭКГ


Сабақ жоспары:



  1. Кардиомиоцитегі әрекет потенциалы.

  2. Кардиомиоцит фазалары.

  3. Қозудың жүрек миокардында таралуы.

  4. Кардиомиоцитің өткізгіштігін зерттеу әдістері.

  5. Эйтховен теориясы. ЭКГ.

  6. Жүрек потенциалын өлшеу әдістері.

  7. Холтер мониторингі.

  8. ЭКГ құралымен жұмыс істеу және ЭКГ есептеу.



Сабақ мақсаты: Жүрек миокардында биопотенциалдың пайда болуы механизмін, деполяризация ұзақтығының ерекшеліктерін талдау. Жүрек бұлшық етінде биопотенциалдың таралуын қарастыру. Эйнтховен теориясының негізгі және ЭКГ түсірудің принциптерімен танысу.

Жүрек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының түрі мен пайда болуы механизмі және оның деполяризация ұзақтығы жүйке талшықтары мен қаңқа сүйек бұлшық ет жасушаларындағы әрекет потенциалының ұзақтығынан өзгеше. Мысалы, кальмар аксонындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 0,5-1 мс болса қаңқа сүйек бұлшық еттегі 2-3 мс болады, ал жүрек қарыншасының миокардындағы әрекет потенциалының ұзақтығы 250-300 мс созылады (1 сурет).


мВ



1 сурет
Мұндай ұзақ уақыт жүрек бұлшық ет құрылымының қозуы мен жиырылуының синхронды болуын қамтамасыз етеді, ол өз кезегінде қан айдауға мүмкіндік береді.
Кардиомиоциттағы әрекет потенциалының өзгеше болуы жасушаның ішкі және сыртқы орталарындағы иондардың таралуына тікелей байланысты. Кардиомиоцит пен қаңқа сүйегі бұлшық еттерінде калии және натрии иондарының концентрациясы жақын. Бірақ, кардиомиоцитте әрекет потенциалының пайда болуы мен жүректің жиырылуында кальции иондарының үлкен үлесі бар екендігі анықталды. Кальции ионы жасушаның сыртында 2 ммоль/л болса, ішінде өте аз 10-4 ммоль/л шамасында. Ал жүректің жиырылуы кезінде, жасуша ішінде бос кальции иондарының концентрациясы 103 ммоль дейін артуы мүмкін, бірақ бұл артық иондар реполяризация кезінде жасушадан сыртқа шығарылады.
Кардиомиоциттегі иондар баланысын калии, натрии және кальции иондық насостары қамтамасыз етеді, олар жасушадан сыртқы ортаға активті тасымалдау арқылы натрии және кальции иондарын айдайды, ал пассивті тасымалдау арқылы ішке кальции, натрии, сыртқы ортаға калии иондарын айдайды (2 сурет).

2Сa2+



Пассивті тасымалдaулар


Са2+ АТфаза



Ca2 + [10- 4]
Na+[15]
K+ [150]
2K+




Ca+ [2]


Na+ [145]

Активті тасымалдау



3 Na+


К+[4]


К-Na АТфаза



+

2 сурет

Бұл насостардың жұмысын саркомадағы миокардит жасушасындағы калии-натрии АТФаза мен кальции АТФаза ферментері қамтамасыз етеді. Мембрананың 1 мкм2 ауданындағы калии-натрии насосының тығыздығы 1000, яғни 1 см2 ауданға 1011 насостан келеді. Иондық насостар 1 секундта иондарды 20 рет айдаса, онда 1 см2 аудандағы насостар 1 секундта иондарды 2∙1012 рет айдар еді. 1 иондық насос 1 ретте 3 натрии ионын айдайтыны белгілі, сонда 1 см2 аудандағы барлық насостар 1 секундта 6∙1012 ионды айдайды. Бұл иондар санын Авогадро санына (6,021023 моль) бөлсек 1010-12 моль/см2с саны келіп шығады, мұнан мембрананың 1 см2 ауданы арқылы 1 секундта 10 моль натрии ионы тасымалданатын анықтайймыз.
Тыныштық қалыптағы мембранның натрии және кальции иондарын өткізуі өте төмен, мысалы PNa/PK = 0,05, сол секілді PСа/PК қатынасы да төмен. Сондықтан миокардтың тыныштық потенциалы жасушаның екі жағындағы калии иондарының концентрациясымен анықталынады.
Миокардтың әрекет потенциалы үш түрлі фазамен (кезеңмен) сипаталады: I фаза-деполяризация кезіндегі күй, II фаза- плато кезіндегі күй және III фаза- реполяризация кезіндегі күй.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет