Сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі


-ші сабақ. Айналмалы қозғалыстағы дененің жұмысы және кинетикалық энергиясы. Сақталу заңдары



бет4/9
Дата18.10.2022
өлшемі162,93 Kb.
#153660
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
физика 1 практикалық сабақ жазбалары
6 кл №1 сабақ, Информатика 6 сынып ҚМЖ, mtndk-esepterd-mazmny-zhne-ony-sheshu-zholdary, Ч6 Мат. маят. каз (2), Атом ??рылысы теориясы т?р?ысынан химиялы? элементтерді? периодт, Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары), 1528953941354
4-ші сабақ. Айналмалы қозғалыстағы дененің жұмысы және кинетикалық энергиясы. Сақталу заңдары.

  1. Массасы кг дене м/с жылдамдықпен келіп, тыныштықта тұрған массасы осындай денеге соғылады. Соқтығыс центрлік және серпімсіз деп санап, соқтығыс барысында бөлінген жылу мөлшерін анықтаңыздар. Жауабы: Дж.

  2. Массасы 7 кг және 3 кг, ал жылдамдықтары 3 м/с және 2 м/с екі дене бір-біріне қарсы қозғалып, серпімсіз соқтығысады. Соққыдан кейінгі денелердің жалпы жылдамдығы қанша? (ОХ осі оңға бағытталған). Жауабы: 1,5 м/c.

  3. Массасы 7 кг дене 3 м/с жылдамдықпен массасы 3 кг қарсы келе жатқан денемен серпімсіз соқтығысады. Соққыдан кейінгі денелердің жылдамдығы 1,5 м/с болса, қарсы қозғалған дене қандай жылдамдықпен қозғалған? (ОХ осі оңға бағытталған). Жауабы: 2 м/c.

  4. Массасы 4 г дене, массасы 1,5 г қозғалмай тұрған денемен соқтығысады. Серпімді соқтығысудан кейін олар сол бағытта 3 м/с және 4 м/с жылдамдықтармен қозғалған. Соқтығысуға дейін бірінші дененің жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 4,5 м/с.

  5. Массасы 5 кг шар тыныштықта тұрған массасы 2,5 кг шарды соққан кезде, екінші шар 5Дж кинетикалық энергиямен қозғалады. Соқтығысуды серпімді деп алып, бірінші шардың соқтығысуға дейінгі және соқтығысқаннан кейінгі кинетикалық энергиясын табыңыз. Жауабы 5,625 Дж, 0,625 Дж.

  6. Горизонталь бағытта қозғалып келе жатқан массасы m1=1 кг, жылдамдығы υ1=1 м/с дене массасы m2=0,5 кг екінші денемен серпімсіз соқтығысады. Екінші дене біріншіге қарама-қарсы бағытта υ2=0,5 м/с жылдамдықпен қозғалған болса, бұл денелер қандай жылдамдық алады? Жауабы: 0,5 м/с.

  7. Адам Жуковский орындығында тұрып, горизонталь бағытта υ=20 м/с жылдымдықпен ұшып келген, массасы m=0,4 кг топты ұстап алды. Доп траекториясы орындықтың айналу өсінен r=0.8 м қашықтықта болды. Егер допты ұстаған адам орындықтың толық инерция моменті J=6 кг∙м2 болса, оның бұрыштық жылдамдығы неге тең? Жауабы: 1,02 рад/с.

  8. Дененің кинетикалық энергиясы Ек=16 Дж және импульсі р=16 кгм/с. Дененің массасы неге тең? Жауабы: 8кг.

  9. Дененің 50 Дж кинетикалық энергиясы және 20 кгм/с импульсі бар. Дененің массасы неге тең? Жауабы: 4 кг





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет