Сабақ кезінде шығаруға таңдап алынған есептер. Бір сағатта 5-6 есеп шығарылады. Қалғандары тапсырмаға беріледі


-ші сабақ. Екінші аттестация тақырыптары бойынша аралық бақылау



бет9/9
Дата18.10.2022
өлшемі162,93 Kb.
#153660
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
физика 1 практикалық сабақ жазбалары
6 кл №1 сабақ, Информатика 6 сынып ҚМЖ, mtndk-esepterd-mazmny-zhne-ony-sheshu-zholdary, Ч6 Мат. маят. каз (2), Атом ??рылысы теориясы т?р?ысынан химиялы? элементтерді? периодт, Педагогтің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары), 1528953941354
14-ші сабақ. Екінші аттестация тақырыптары бойынша аралық бақылау


15-ші сабақ. Тұрақты электр тогы

  1. Ток күші 40 мкА өткізгіштің көлденең қимасынан ауданы арқылы 1 нс уақытта қанша электрондар өтеді? (е=1,6∙10-19Кл). Жауабы: 25∙104.

  2. Болат өткізгіштің ұзындығы 12 м және көлденең қимасының ауданы 3 мм2. Оған 20 мВ кернеу берілсе, осы өткізгіштегі ток күші неге тең? (Болат өткізгіштің меншікті кедергісі ρ=13∙10-8 Ом∙м). Жауабы: 38,5 мА.

  3. Ұзындығы 150 м, көлденең қимасының ауданы 1,5 мм2 нихром сымы арқылы 2 А ток жүрсе, өткізгіш сымның ұштарындағы кернеу қандай болады? Нихром сымының меншікті кедергісі ρ=1,1 Ом∙мм2/м. Жауабы: 220В.

  4. ЭҚК-і ε=1,6 В элементтің ішкі кедергісі r=0,5 Ом. Егер тізбектегі ток I=2.4 A болса, элементтің ПЭК-і η қандай? Жауабы: η=25%.

  5. ЭҚК-і ε=240 В және ішкі кедергісі r=1 Ом батарея сыртқы кедергіге R=23 Ом тұйықталған. Батареяның толық қуатын Ртол, пайдалы қуатын Рпай және ПЭК-ін η анықтаңыз. Жауабы: η=0,96, Ртол = 2,4 кВт, Рпай =2,3 кВт.

  6. Қимасы 1,6 мм2 өткізгіштен 2с ішінде 3,2 Кл заряд өтсе, онда өткізгіштегі ток тығыздығы неге тең? Жауабы:

  7. Элементтің ЭҚК-і ε=6 В. Ток күші I=2.4 A тізбектің сыртқы кедергісі R=1.1 Ом. Элемент ішіндегі потенциал U мен оның r кедергісі қандай? Жауабы: U =2,64 В, r=1.4 Ом.

  8. ЭҚК-і 18 В және ішкі кедергісі 6 Ом ток көзіне 12 Ом кедергі тізбектей жалғанған. Сыртқы кедергінің ұштарындағы потенциалдар айырыма қандай? Жауабы: 12 В.

  9. ЭҚК-і ℇ =3 В батареяға кедергісі R=2 Ом резистор жалғанған. Резистордағы кернеудің түсуі U = 2 B. Қысқа тұйықталу кезіндегі токты анықтаңыз. Жауабы: I= 3 А.

  10. Сыртқы кедергі 3,9 Ом болғанда тізбектегі ток күші 0,5 А, ал сыртқы кедергі 1,9 Ом болғандағы ток күші 1 А болса, ток көзінің ішкі кедергісі мен ЭҚК-і. Жауабы: r =0,1 Ом; =2 В.

  11. ЭҚК-i 18 В және iшкi кедергiсi 6 Ом ток көзiне 12 Ом кедергiлер тізбектей жалғанған. Сыртқы кедергiнiң ұштарындағы потенциалдар айырымы қандай? Жауабы:12 В.

  12. Ішкі кедергісі r=2 Ом, ЭҚК-і ℇ=120 В болатын ток көзі сыртқы R=58 Ом кедергімен тұйықталған. Ток көзінің толық және пайдалы қуатын анықтаңыз.

Жауабы: Рт =240 Вт; Рп=232 Вт.

  1. Әрқайсысының ЭҚК-i 4,5 В және iшкi кедергiлерi 0,25 Ом екi аккумулятор тiзбектей жалғанып, 4 Ом сыртқы кедергiмен жалғанған. Бұл тiзбектегi ток күшi қанша болады? Жауабы: 2 А

  2. С уретте вольтметрдің көрсетуі 14 В, ал амперметрдің көрсетуі 2 А, R1=3 Ом болса, R2 кедергі неге тең? Жауабы: 4 Ом.

  3. К ернеуі UAB=24 В-қа тең тізбек бөлігінде R1=4 Ом, R2=46 Ом және кедергісі 190 Ом вольтметр тізбектей жалғанған. Вольтметрдің көрсетуін анықтаңыз. Жауабы: 19 В.

  4. Т ок көзіне R1=5 Ом, R2=6 Ом, R3=9 Ом 3 кедергі тізбектей жалғанған. Амперметр мен вольтметр көрсетулерін анықтаңыз. А және В нүктелер арасындағы кернеу 40 В. Жауабы: 2 А, 12 В.

  5. Ұзындығы 1 м және көлденең қимасының ауданы 0,2 мм2 болат сым арқылы 4 А ток өтетін болса, сымның ұштарындағы кернеу қандай? Болат сымның меншікті кедергісі ρ=0,15 Ом∙мм2/м. Жауабы: 3 В.

  6. Ұзындығы 50 м, көлденең қимасының ауданы 0,5 мм2 мыс сымы кернеуі 3,4 В ток көзіне қосылған. Осы тізбек арқылы өтетін ток күші қандай? Мыстың меншікті кедергісі ρ=0,017 Ом∙мм2/м. Жауабы: 2 А.

  7. Суретте көрсетілген электр тізбектің берілгендері бойынша жалпы кедергісін және амперметрдің көрсетуін анықта. R1=10 Ом, R2=20 Ом, R3=30 Ом, Uab=120 B. Жауабы: 60 Ом, 2 А.

  8. ЭҚК-і 50 В, ішкі кедергісі 1,0 Ом ток көзіне кедергісі 9,0 Ом қыздыру шамы мен резистор тізбектей қосылған. Тізбектегі ток күші 2А болса, резистордың кедергісін табыңыз. Жауабы: 15 Ом.

  9. ЭҚК-і 1,1 В элементке қосылған кедергі 2 Ом өткізгішке 0,5 А ток жүріп тұр. Ток көзін қысқа тұйықтаған кезде ток күші қандай болады? Жауабы: 5,5 A


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет