Сабақ классификациясы


Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы



бет17/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.

  2. Бұрын өтілген оқу материалын қайталау, пысықтау.

  3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстар атқаруы.

  4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.

Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақты пысықтау және бекіту кезеңдері де белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып-үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітпейінше, оны сапалы да берік меңгеру мүмкін емес.

Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді.

Мұғалімнің түсіндіруі жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істері және тәжірибелі –зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.

Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғаліминің сөзі жетекші рөл атқарады.

Бұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергендігін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет