Сабақ классификациясы



бет20/24
Дата10.06.2020
өлшемі58,02 Kb.
#72826
түріСабақ
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24
Байланысты:
3d1bcfff7de351b0e909e5157fbe45615ecb3a63b42aa

Аралас сабақтың құрылымы:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

  2. Оқушылардың орындаған үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа оқу материалын ендіру.

  4. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.

  5. Қорытындылау, сабақтың аяқталуы.

  6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Аралас сабақ – мектеп тәжірибесінде көптеп қодданылатын сабақ түрі. Мұндай сабақ барысында сабақтың барлық дидактикалық кезеңдері немесе буындары алма-кезек өзара ұштасып жатады.

Сабақ үстінде өтетін қайталау, жаңа материалды меңгеру, пысықтау және тексеру, бағалау жұмыстары оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады, назарын тұрақты етеді. Сондықтан, ол мұғалімнің оқу ісін ұйымдастыруында және оқушылардың оқу материалын жете түсінуіне өте қолайлы.

Аралас сабақ әсіресе бастауыш және орта сыныптарда сонымен қатар тілге қатысты пәндерде көртеп қолданылады.

Сонда сабақтың бір вариантын профессор Р.Г.Лемберг өзінің «Дидактикалық очерктер» деген еңбегінде ұсынды. Оның ерекшелігі, дәстүрлі сабақты ұйымдастыру кезеңінен кейінгі ретте мұғалімдердің көпшілігі сабақты оқушылардың үй тапсырмасын тексеріп, бағалаудан бастаса, бұнда оған керісінше жаңа оқу материалын енгізіп, түсіндіру жұмыстарына айрықша мән береді.

Мысалы, оның құрылымы мынандай болып келеді:


  1. Жаңа оқу материалын өткен материалға байланыстыра түсіндіру.

  2. Үйге тапсырма беру.

  3. Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беру.

  4. Өткен оқу материалын қайталап, оқушылардың білімін сынау және жаңа сабақты пысықтау.

Р.Г.Лембергтің тұжырымдауы бойынша егер сабақты өткен оқу материалын ұзақ уақыт сұраудан бастаса, оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдау, түсіну белсенділігі төмендейді. Сол үшін жаңа оқу материалын сабақтың бастапқы кезінде, демек, оқушылардың таным қабілеттері мен белсенділігі жоғары жағадйында, шаршамай, тың отырған уақытында өту ұсынылады.

Бұл құптарлық ұсыныс. Осы үлгіні әсіресе, жоғары сыныптарда кеңірек қолданған дұрыс болар. Себебі, оқушылардың оқу жұмысы жоғары сыныптарда күрделі болып келеді. Сөйтіп, олардың оқу материалын тиянақты меңгеруінеде түсіндіру және оны пысықтау, бекіту жұмыстарына айрықша мән берген жөн болар. Сабақта жаңа оқу материалын жақсы меңгерген оқушы әрине үй тапсырмасын дұрыс өз дәрежесінде орындап келуіне ешкімнің де шүбәсі болмас деп ойлаймыз. Мұндай жағдайда үй жұмысын тексеруде арнайы уақыт бөлу, мүмкін қажет емес болуы шарт , оны басқадай жолдармен немесе оқушылардың өздеріне тапсыруды да қарастырған жөн болмақ.

Оқушылардың білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын тексеру, бақылау сабағының құрылымы.

1.Сабақтың босталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.

2.Тексеру, бақылау жұмыстарын ұйымдастыру.

3.Оқушылардың өзіндік жұмыстары.

4.Оқушылар білімдері, іскерліктері мен дағдыларын бағалау.

5.Қорытындылау, сабақтын аяқталуы.

Садақтың бұл түрінің көздейтін мақсаты- оқушылардың алған білімдері мен дағды көлемінің қандай дәрежеде екендігін байқап, тексерумен қатар, оның сапасын боғалау, олардың білетіндері мен білмейтінін мәселелерін анықтап, оны болдырмау жолдарын қарастыру.

Білімді тексеру және бағалау жұмыстар күнделікті сабақтар барысында, сонымен қатар арнаулы сабақтар түрінде де өткізіледі. Соның барысында оқушыларды оқу материалын терең ұғынуға және меңгеруіне мүмкіндік береді.

Бұл жұмыстың білімдік және тәрбиелік қызметі жағынан маңызы зор. Біріншіден, оқушылардың біліміне бақылау жүргізу, олардың білімін толықтыру болса, екіншіден, олардың жеке басын жан-жақты дамытып, тәрбиелеу жөнінен ойдағыдай рөл атқарады.

Тексеру және бағалау жұмыстарын жүйелі атқару оқушыларды тегіс қамтып, олардағы білім, дағдыларындағы кемшіліктерді дер кезінде анықтап, болдырмау жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   24




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет