Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі



бет25/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32

Үйге тапсырма. Сөйлемдер құрап келу

Бағалау

І-тоқсан. 35-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Сәлемдеме

Мақсаты:

1)білімділік: оқушыларды тақырыпқа байланысты жаңа сөздермен таныстырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. 1-тапсырма. Әңгімені рөлдерге бөліп оқыңдар.

Сәлемдеме

Қолында қоржыны бар бала «Алакөл» ауылына келеді. Алды­нан шыққан қартпен сәлемдеседі.

Бала: — Ассалаумағалейкум, ата!

Ата: - Әлейкумассалам, балам, бар бол! Жол болсын!

Бала: - Рахмет, ата! Осы ауылда Досбол қарттың үйін іздеп жүр едім.

Ата: - Сол Досбол мен боламын.

Бала: - Жолым болады екен. Алматыдан келе жатыр едім. Онда сіздің ұлыңыз тұрады екен. Келініңіз атама сәлемдеме деп мынаны беріп еді. Қабыл алыңыз.

Ата: - Алла, айналайындар-ай, амандығын білдірейін дегені ғой. Алыстағы туыстың амандығын білдіріп, берген сәлемдемесін қолма-қол тапсырып тұрған сенікі де үлкен азаматтық! Жоғары шық, қонағым бол!

Бала: - Жоқ, ата. Алла разы болсын. Асығыс едім. «Аманатқа қиянат қылма» деген. Мойныма борыш етпей, аман жеткізгеніме қуанып тұрмын. Сау болыңыз! (М.Ізтілеуова )

2-тапсырма. Төмендегі анықтама мен әңгіменің байланысын анықтаңдар. Жазып алыңдар.

Сәлемдеме (дәстүр) - адамдардың бір-біріне деген сыйластығының, құрмет тұтуының айқын белгісі. Олар көптен көрмей сағынысқан адамдардың бір-біріне жіберген қымбат бұйымы, асыл заты немесе жеңсік тамағы, қысқы сыбағасы. Оның қымбат бағалы болуы шарт емес. Сәлемдеме алған адам жіберген адамға ақ бата­сын, шын ризалығын білдіріп, қатты қуанады.

«Аманатқа қиянат қылма».

3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесіңдер.

  • Қарт кісімен қалай амандасасың?

  • Сәлемдеме сөзін бұрын естідің бе?

  • Сен баланың орнында болсаң, не істер едің?

  • Сәлемдеме нені білдіреді?

  • Сен біреудің сәлемдемесін орындап көрдің бе?

  • Орындаған кезде қандай алғыс алдың?

4-тапсырма. Мәтіннен алынған мына сөздерге анықтама беріңдер.

Азаматтық борыш, қиянат қылмау, құрмет тұту, асыл зат, жеңсік тамақ, қысқы сыбаға.

5-тапсырма. Әр сөйлемге сұрақ құраңдар.

  1. Жас адам жолы үлкен, жасы үлкен адамға бірінші болып, қос қолын ұсынып амандасады.

  2. Сәлем алушы қария оң қолын ұсынады.

  3. Жасы кішілер үлкендердің атын атамай ата, әже, аға, көке, тәте деп сыпайы қарым-қатынас жасайды.

  4. «Сәлем берген — саулық алады» дейді халқымыз.

  5. Сәлемдеме - адамды адамның ұмытпай жүруінің, берік достығының алтын кілті.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Үйге тапсырма. 5-тапсырма. Мәтінді оқып, осының негізінде өздерің ата-әже ауылына бара жатқан туысқандарыңнан сәлем айтып жібергендей диалог құрыңдар.

Сәлем айту

Қазақ ұғымында сәлем айту салмағы, мән-маңызы бар. Алдымен ол - сыйластықтың, ұмытпағандықтың, сағыныштың белгісі. «Пәленше сізге сәлем айтып жатыр» десе, әр адам шын қуанып, риза болып «сәлем айтса, саламат болсын» деп жа­уап қайырады. Сәлем айтудың негізгі мақсаты міне, осында жатыр.

Бағалау

І-тоқсан. 36-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

IV МОДУЛЬ. Атаның сөзі - ақылдың көзі

Тақырыбы: Тест

Мақсаты:

1)білімділік: оқушылардың өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін қорыту

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: қорыту сабағы

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ

Тест сұрақтарына жауап беріңдер.

1.Әке тұрып, ұл сөйлеу

Өлеңнің екінші жолын жалғастырыңдар.

А)қазақта әсте болмаған Б) көкейге қонбаған В) ана тұрып қыз сөйлеу Д) отбасында болмаған

2.Көмекші есімдердің қатарын көрсетіңдер.

А) сол, мына, сонау Б) алды, арты, сырты, үсті В) жүр, тұр, отыр Д) және, немесе, әрі

3.Ауыл басы ақсақал,

Теріс билік айтпаған. Үзіндіге қай мақал сәйкес келеді?

А)Үлкенді сыйлау - ұлылық. Б) Ата көрген - оқ жонар. В)Ақылды қария - ағын дария. Д) Атаның баласы болма, адамның баласы бол.

4.Сөйтт ой ... келе жатып, екінші бір үйге кез болды. Көп нүктенің орнына көмекші есімдерді қойыңдар.

А) үстінде Б) астында В)ішінде Д) сыртында

5.Отбасының басты талабы қандай?

А)әдепті бала болып өсу Б) жақсы маман иесі болу В) ақшаны көп табу Д) арманына жету

6.Сүт тағамдарын көрсетіңдер.А) ет, қазы Б) қаймақ, сүзбе, құрт В) нан, шелпек Д) қарта, жілік

7.Жеті атасын білмеген - ... А) жұрт қамын жер Б) жетімдік В)білімсіздік Д) жетесіз

8.Бала ержетіп, жеке үй болып, бөлек шыққанда ата-анасы беретін мал-мүлік. Қандай этнолингвистикалық атау? А) жасау Б) бас тарту В) қалжа Д) енші

9.Төрт ананың бірі. А) салт-дәстүр Б) ана В) бауырлар Д) әке

10.Қонаққа арнап әзірлейтін тағам, ас. А) соғым Б) сыбаға В) қонақасы Д) сірне

11.Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойыңдар. «Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген, ...» . а)Өнеге б) тәрбие в)үлгі д) ақыл

12.«Артына сөз қалдырды» деген тұрақты сөз тіркесінің мағынасы.

А)сөз сөйледі б) айқайлады в)өнегелі сөз, өлең қалдырды д) кітабын беріп кетті

13. «Ой, бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсауын өзінің! - деп іліп ала жөнелді». Сөйлемдегі тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай?

А)атасының сөзін сөйлеген б) атасын ренжіткен в) тәрбие алған д) айнымай ұқсаған

14.Көп нүктенің орнына қажетті сөзді қойыңдар. «Жауынменен жер көгерер, ... ел көгерер».

А)Сөзбен б)батаменен в)ерлермен д) алғыспен

15.Қай кезде берілетін батада айтылады?

Асың, асың, асыңа,

Бақыт қонсын басыңа! А)жас шаңырақ б) дастарқан в)дүниеге сәби келгенде д) ер-азаматқа

16.Әлкейдің әкесі неге қуанды?



А)алғыс алғанына б) сөз тапқанға в) айтқанын істегенге д) кітап оқығанына

17.«Баламның қарымын сынап білейін деп ойладым да, бір кні жай әңгімелесіп отырып...» Мысалдағы «қарымын сынау» тұрақты тіркесінің мағынасын табыңдар.

А)ойлау қабілетін тексеру б) сөзін сынау в)күш-қуатын, ақылын байқау д) өз көзімен көру

18.«Әй, шырағым балам, әуелі ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер» Қарамен жазылған сөзде қандай ықпал бар? А) ілгерінді ықпал б) тоғыспалы ықпал В)үндестік ықпал д) кейінді ықпал

19.«Еңбек етсең ерінбей...» . Мақалдың жалғасын табыңдар.

А)тояды қарның тіленбей Б) татқаның тәтті болар В)ұйқың тыныш болар Д) асың сіңімді болады

20.Ұрпақ деген кім? а)әке, ана б) ата, әже в)бала д) туыстар

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі арқылы

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет