Сабақ Күні: Сыныбы: 9 Пәні: қазақ тілі


Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс



бет9/32
Дата08.12.2016
өлшемі6,12 Mb.
#3466
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32

Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Төмендегі нақыл сөздермен танысыңдар.

Ұлылар айтқан ұлы сөз

Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. (Абай )

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт - жас күнде көрген өнеге. (Ж.Аймауытов)

Отбасының өнегесі - Отан өнегесі. (Б.Момышұлы)

Ата-анасын сыйлайтын ұл сабақты да жақсы оқиды, ол тәртіпті, еңбекқор, адал болып өседі. Бұл - өте қажетті қасиеттер. (Б.Момышұлы)

Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. (Н.Ә.Назарбаев)

2-тапсырма. Жақсы тәрбие алу үшін адамға не керек? Сұраққа мына сызба бойынша жауап беріп көріңдер.

ақыл

жақсы ата-ана

Адамға жақсы ұстаз керек

ыстық сезім

сүйіспеншілік



3-тапсырма. Жұмбақтың шешуін табыңдар.

Ұзын-ұзын, ұзын жол,

Ұшына жеткен бар ма екен?

Түбі терен, қара су,

Түбіне жеткен бар ма екен?

Түбіне жетіп бұл судың,

Қанын ішкен бар ма екен? (Білім)

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңдар.

Балам, білім ізде!

Өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер дәулетті, сәулетті өмірге апарар жол - білім жолы. Әлде де болса, терең ойлан, білімнің керегін ала біл. Сауатты, білімді адамдар қай заманда да абыройлы болған. Білімсіз адам жасық, қорқақ келеді. Ал білімді адамның жүзі жарқын, дауысы анық болады. Себебі, ол білгенін ел білсе екен деп, анық, дәлелді сөйлеп үйренеді. Білімсіз өзі түсінбей тұрған нәрсесін елдер де түсінбесін деп, көмескі дауыспен, сыбырлап, міңгірлеп айтады.

Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену ке­рек, еңбектену керек. Бар болғаны – сол. Уақытыңды бағалай біл, жастық қуатың барда өзіңді аяма, еңбек ет, денсаулығыңды шынықтыр, бос жүріс пен пайдасы жоқ компьютердегі ойындарға алтын уақытыңды жіберме.

Қоғам қашан да сапалы мамандарға зәру болады. Адам білімді өз бетінше ізденіп табады. Ұстаз тек бағыттаушы, жөн сілтеуші. Ұстаздың тамшыдай білімінің түбін қазып, теңіз жасау - өзіңнің міндетің. (Г.Сайынқызы)

5-тапсырма. Мәтін бойынша мына кестені толтырыңдар.

Жақсы ақылдар

Жаман

Терең ойлан

білімсіздік













6-тапсырма. Мәтін бойынша сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңдар.

Өміріңді мәнді етер, абырой-атағыңды өсірер дәулетті, сәулетті ........ білім жолы.

Сауатты, білімді адамдар қай заманда да ... болған.

Балам, адамның білгенін адам біледі, тек ерінбей іздену ке­рек, .... .

Адам ... өз бетінше ізденіп табады.

Сабақты бекіту. Сұрақ-жауап әдісі

Үйге тапсырма. 7-тапсырма. Өленді жаттап келу.

Сен ғылымға...

Сен ғылымға болсаң ынтық,

Бұл сөзімді әбден ұқ:

Білгеніңнің жақсысын қыл,

Білмегенді біле бер.

Өнеріңді құр шірітпе,

Орнына анық жұмсамай.

Өкініші кетпес оның,

Өз бойыңда босқа елер.

Қай ғылымды білсеңіз де,

Қазір оны елге жай.

Құр ішіңде кетіргенше,

Пайдалансын өзгелер.

(Ш.Құдайбердіұлы)

Бағалау

І-тоқсан. 14-сабақ

Күні:_________

Сыныбы: 9

Пәні: қазақ тілі

ІІ модуль. Өмірлік өнеге

ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕР. ОЛАРДЫҢ СӨЙЛЕМ ІШІНДЕГІ ЭКСПРЕССИВТІ МӘНІ. КЕЙІНДІ ЫҚПАЛДЫ ҚАЙТАЛАУ.

Тақырыбы: Алғыс алсаң, кем болмайсың

Мақсаты:

1) білімділік: оқушыларды жаңа тақырыппен таныстыра отырып, ауызекі сөйлеуге үйрету.

2) дамытушылық: ой-өрістерін, сөздік қорын дамыту.

3) тәрбиелік: оқушыларды татулыққа, достыққа, жан-жақтылыққа тәрбиелейді.

Түрі: жаңа сабақ

Әдістері: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

1.Оқушылармен амандасу

2.Оқушыларды түгендеу

3.Сынып тазалығына көңіл бөлу

4.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару



Жаңа сабақ. Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма. Сызба арқылы кім не тілейтінін біліңдер, диалог құрыңдар.

Ұл, қыз




Ата-ана:«Өмірімнің ертеңі ғой бұл - бала»

Мектеп:«Бағбан бақшадағы жемісін күтеді...» Абай: «Адам болам десеңіз, бес нәрсеге асық бол»



2-тапсырма. Әңгімені оқып, сұрақтар құраңдар. Өзара сұхбаттасыңдар.

Мейірім


Қысқы демалыс.

Күн аязсыз, жылы. Ауылды тас жол қақ жарып жатыр. Жол үстіне шанасын сүйрей шыққан Самат:

  • Ойынға мені де қосыңдаршы, - деп жалынып тұр.

  • Сені ме? - деп, өзімен тете Нұржан өтіп бара жатып кілт бұрылды. Самат жасқана күмілжіп басын изеді.

  • Мына танкімен бе? - деп жаратпай, иегімен тұрқы ұзын ша­насын меңзеп, мырс етті.

Шаналылар бірін-бірі қуып, қағып-соғып жатыр. Жол үсті айқай-шу. Ойын қызған шақ. Балалар ешкімді көзге ілер емес. Нұржан қарсы келген әжейді қаға-маға өте шықты. Әжей мұз үстіне жамбастап отыра кетті.

Нұржанның бұл қылығына Самат ұялды. Ол жығылып қалған әжейді аяп, қол ұшын беруге ұмтылды.

  • Әже, - деді Самат қолына жармасып.

  • Ой, айналып қана кетейін баласынан! - деп әжей Саматты бауырына тартып, маңдайынан йіскеп, бетінен сүйді.

  • Әже, отырыңыз, - деп шанасын көлденең тартты.

  • Көсегең көгерсін, балам! - деп әже алғысын жаудырды.

Самат Нұржан менсінбей «танкі» деп ойынға қоспаған шананың бір кәдеге жарағанына іштей қуанышты.

  • Кімнің баласы едің? - деді әжей.

  • Бегім атамның баласымын, - деді Самат.

  • Ой, бәрекелді! Атасының аузынан түсе қалғандай ұқсауын өзінің! - деп іліп ала жөнелді.

Атасы туралы жылы сөз естіген Самат шаттана түсті. Көңілі тасып, көзінен нұр төгілген ол шанасын әжейдің үйіне қарай зымырата жөнелді.(М.Құлибайұлы )

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   32




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет