Сабақ мақсаты : «Өзін-өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Міндеті



бет5/7
Дата18.03.2017
өлшемі1,22 Mb.
#11758
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7

Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№21_____

Тақырып: Еңбек бәрін жеңбек

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: еңбексүйгіш.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

2. еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

3. еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Еңбексіз өмір - сүреңсіз» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.

Сұрақтар: 1.Мысалда Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?

2.Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?

3. «Еңбексіз өмір-сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?


Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

Мұғалім сабақтың тақырыбын таныстыру мақсатында әгімелесу жүргізеді.



  • Неліктен еңбекшіл баланы бәрі жақсы көреді?

  • Еңбек адамға не үшін кажет деп ойлайсыңдар?

  • Адамға өмір сүруі үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?

Балалардыц жауаптары.- Дұрыс айтасыңдар! Ауа, су, тағам. Ауа, су - табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні -нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқа да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін қажетті заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.




5.Дәйексөз

Оқушылардың жауаптары оқулықта берілген дәйексөздің мағынасын түсіндірумен түйінделеді.

Мұғалім тақтаға «Бақыт кілті - еңбек», «Еңбек –қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап » халық даналығы, деп жазып қояды.

- Адам, ең бастысы, еңбектенуге, яғни жоғарыда айтылғандай бір іске күш-қуатын, ақыл-ойын жұмсауға ерінбеуі керек. Өйткені еріншектік адамның өзін және өмірін тоздырады.


Ал ерінбей еңбек етсең мақсатыңа, арманыңа жетесің. Арманын орындалса, өзінді бақытты санайсың. «Бақыт кілті - еңбек» деген осы.

Балалар енді, дәптердің соңында берілген «Менін дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақ көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазындар.






  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Сахналау

Еңбектің адам өміріндегі мәні рөлдік орын даулар арқылы түсіндіріледі.

Үш оқушы (автор, қуыршақ, бауырсақ) рөлдерде өлеңді мәнерлеп оқиды.

Қайдан келдің, бауырсак?

Ө. Түрманжанов

Дастарқанда шашылып,

Жатты аппақ бауырсақ.

Бауырсаққа қызығып,

Қарап түрып көзін сап:



  • Қайдан келдің бауырсақ? –

  • Деп сұрады қуыршақ.

  • Дүкеннен келдім

  • Нан сатқан, -

  • Деді оған бауырсақ.

  • Дүкенге келдің қай жақтан?

  • Наубайдан келдім нан жапқан.

  • Наубайға келдің қай жақтан?

  • Диірменнен келдім үн тартқан.

  • Диірменге келдің қай жақтан?

  • Даладан келдім кең жатқан.

- Жер-анам менің көсілген,

- Диқандар мені өсірген.

Оқулықтағы суреттер бойынша (жаюлы дастарқан үстінде шашылып жатқан бауырсақтың, нан дүкені сөрелеріндегі неше түрлі нандардың, нан жауып тұрған наубайшының, диірменнің, егіс даласының) оқушылар еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы шығып сөйлейді.





7.Топпен ән айту. 3 мин. «Еңбекшіл» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Жақсылардың жақсысы» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№22_____

Тақырып: Еңбек-бәрін жеңбек

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану Қасиеттер: еңбексүйгіш.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Еңбек адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;

2. еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;

3. еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Жақсылардың жақсысы» аңыз әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Неліктен әкесі үршық, өрмек, кітапты «жақсылардың жақсысы» дейді?

2. Дүниедегінің борі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Еңбек деген сөзді қалай түсінесіңдер?

2.Еңбек арқылы неге қол жеткізуге болады?





5.Дәйексөз

«Еңбек түбі береке»






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Жаттығу-ойлану

Оқушылардың сабақтан үққан ойлары жаттыгу-ойлану арқылы бекітіледі.



- Біз де ойланып еңбектеніп көрейік. Оқушылар екі топқа бөлініп жүмыс істейді.

1-тапсырма. Еңбек туралы бір мақалды естеріне түсіріп, мағынасын түсіндіріп беру.

2-тапсырма. Оқулықтағы Н.Жанаевтың «Еңбек сүйсең» өлеңінің бір шумағын (бір топқа бірінші шумағы, екінші топқа -екінші шумағы) оқып, мағынасын түсіндіру.

Еңбек сүйсең

Нүрхан Жанаев

Салақ болсаң жасыңнан,

Шыбын кетпес қасыңнан.

Таза болсаң жасыңнан,

Сабын қалмас қасыңнан.

Жалқау болсаң жасыңнан,

Үйқы қалмас қасыңнан.

Еңбек сүйсең, табылар,

Бар жақсылық басыңнан.

Дәптермен жұмыс

Берілген суреттерді пайдаланып, сөйлемдерді оқыңдар. Суреттерді бояңдар.







7.Топпен ән айту. 3 мин. «Еңбек» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Жай ғана әжей» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

Бапаның өзінің ішкі күйіне үңілуге, оның табиғатпен байланысын сезінуге мүмкіндік беретін тыныштық сәті төмендегідей ұйымдастырылады

- Балалар, денелерінді түзу ұстап, бастарыңды жогары көтеріп, ыңғайланып отырындар. Көздерінді жүмсаңдар да болады. Ауаны терең жүтып, еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің
тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның түла бойларыңа толғанын сезініңдер. Ал енді көздеріңді ашсаңдар да болады.





Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№23_____

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: мейірімді, қайырымды, қамқор.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»


Сабақ мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1.мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

2. қамқорлық жасауға жетелеу;

3.мейірімділікке тәрбиелеу.






Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Жай ғана әжей» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Сендердің осындай оқиғаға кездесулерің мүмкін бе?

2.Абзал мен Айнұрдың ой пікірлері туралыне айтасыңдар?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

2.Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқың келеді?

3.Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?






5.Дәйексөз Тақтада «Табиғаттағы барлық жылу –күннен,Өмірдегі барлық жылу- адамнан».М.Прившин, деп жазып қояды. Өздеріңнің ауап бергендеріңдей қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына ұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың, сол адамды қуантасың, қайырымды іс істей алуыңа жақын – туыстарың, достарың, айналаң қуанады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне қайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы қуанышта, бақытта өмір сүреді.




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Тақтаға іліп қойылған плакатка жүректеріне тілек жазып жабыстырады.






7.Топпен ән айту. 3 мин. Ж.Әбілжанқызының өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Қайырымдылық» әңгімесін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!



Мектеп__№11_____________Мерзiм____________№24_____

Тақырып: Күш бірлікте

Құндылық: мейірімділік. Өзін-өзі тану Қасиеттер: көпшіл, көмектесу, бірлік.

Мұғалiм Жұманова Эльмира Мықтыбекқызы

Сынып 2 «а,ә,б»




Сабақ мақсаты: «Қайырымдылық», «мейірімділік» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеті:

1. мейірімділік, қайырымдылық туралы түсініктерін кеңейту;

2. қамқорлық жасауға жетелеу;

3. мейірімділікке тәрбиелеу.




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Қайырымдылық» әңгімесі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:



  • Балалардың әрекеттері туралы не айта аласыңдар?

Мұхтар осы жағдайда не істейді деп ойлайсындар?

Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

1.Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

2.Табиғатқа қамқорлық жасаған кездерің болды ма?





5.Дәйексөз

Мұғалім алынған жауаптарды дәйексөзді тусіндірумен түйіндейді.

Мұғалім тақтага «Жүрек жылылығы - жан жұбанышы, өмір қуанышы» халық даналыгы, деп жазып қояды.

- Өздеріңнің жауап бергендеріңдей кайырымды іс жасау оған мүқгаж адамның жанына жүбаныш болады. Ал өзің біреуге кайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, куанасың, сол адамды қуантасың, кайырымды іс істей алатыныңа жақын-туыстарың, достарың, айналаң қуанаады. Әрбір адамның жүрегінде сондай жылуы болса, бір-біріне кайырымдылық жасап жатса, әлемдегі адамдардың барлығы куанышта, бақытта өмір сүреді.

Балалар енді, доптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазындар.






6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

Ойын-жаттығу. «Көмек»

Мұғалім оқушылардың сабақтан алған білімдерін бекіту мақсатында ойын-жаттыгу ұйымдастырады және үй тансырмасын береді.

Балапандарынан адасып қалған тауыққа көмектесу үшін балапандар суретінің артқы бетіндегі сұрақтарға жауап беріледі.Тапсырма үлгілері:- Сен досынмен көлге шомылуға бардың. Кенет досыңнын «құтқар» деген даусын естідің? Сен не істер едің?- Сен жолда келе жатырсың. Шұңқырға түсіп кеткен балапанды көрдің. Балапан шиқ-шиқ етіп шығудың әрекетін жасайды. Бірақ оған шамасы келмейді. Осы жағдайда сен кандай әрекет етер едің?

- Әр адамның жүрегі мейірімді де қайырымды болу үшін не істеу керек? (Тапсырмаларды көбейту мұғалімге байланысты).



Дәптермен жұмыс

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жолдарын түсіндіреді.

1-тапсырма:

Өздеріңнің жақсы көретін адамдарың туралы жазыңдар.

2-тапсырма:

Суреттегі бос торкөздерге «Ана деген кім?» сұрағына жауаптар жазыңдар.






7.Топпен ән айту. 3 мин. Өлең жолдарын бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Алпыстан асқаннан ақыл сұра» ертегісін оқып келу.






9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Мерзiм____________

Тақырып: Халық даналығы

Құндылық: дұрыс әрекет. Өзін-өзі тану

Қасиеттер: халық даналығын сақтау, бағалау.

Сынып


Сабақ мақсаты: «Даналақ» ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу.

Міндеті:

1.жұмбақ, мақал-мәтел, ертегі - халық даналығы екендігін түсіндіру;

2.халық даналығына сүйіспеншілігін арттыру;

3.халық даналығын сақтауға, бағалауға тәрбиелеу




Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру.



2.Тыныштық сәтi.

«Менің жан дүниемдегі сәуле» жаттығуын баяу әуен тыңдай отырып жасау.



3.Үй тапсырмасын тексеру.

Үйге берілген «Алпыстан асқаннан ақыл сұра» ертегіі бойынша сұрақ қою арқылы мазмұнын айту.Сұрақтар:

1.Патшаның жарлығы дұрыс па?

2.Қарттың даналығы неден көрінеді?



Сабақ барысын талқылау:

4.Әңгімелесу

«Даналық»ұғымының адамгершілік құндылығы ретінде мәнін ашу мақсатында оқулықта берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу ұйымдастыруға болады:

Халық даналығы деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

Қандай адамды дана деп айтуға болады?

Егер сендер дана адаммен кездессеңдер, не жөнінде сұрап білер едіңдер?





5.Дәйексөз

Ертегіде берілген ой, балалардың жауаптары, осы сабақтың дәйексөзімен қорытындыланады.

Мұғалім тақтаға «Ақыл шыңы — даналық» халық даналығы, деп жазып қояды.

- Балалар, өте ақылды, ақылы асқан адамды дана адам дейді. Дана адам барлық істі ақылмен шешеді, ойланып барып әрекет етеді. Ұстамды, өте сабырлы болады. Өйткені ашуын ақылмен


жеңеді. Айтар ойын шұбыртпай қыска да нұсқа, дәл айтады. «Ақыл шыңы - даналық» дегеннің мағынасы осы. Балалар, енді дәптердің соңында берілген «Менің дәйексөздерім» айдарындағы бүгінгі сабақтың тақырыбы көрсетілген бетке осы дәйексөзді жазыңдар.




6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Мен мақалдап сөйлеймін»
Халық даналыгының бір турі мақал-мәтелдер екендігін, олардың адамды, өмірді, айналаңды тануда қажеттілігін тусіндіру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады.

- Балалар, Данышпан ата сендерге арнайы хат жіберіпті. Соны оқып көрейік. Мүғалім Ақботаның қоржынынан хатты алып оқиды:

-Балаларым, аман-сау барсыңдар ма? Қал-жағдайларың қалай? Үлкендердің айтқанын тындап, оқуларыңды жақсы оқып, достарыңмен тату жүрсіңдер ме? Олай болса, мені мұқиятындаңдар. Халық даналығының бірі - мақал-мәтелдер. Ойды мақалмен жеткізу - шешендіктің белгісі. Мен де сендердің шешен болатындарыңа сенемін. Мына тапсырмаларды орындау арқылы сендер өздеріңді сынап көріңдер. Тапсырмада қысқаша әңгіме берілген. Сол әңгімеде айтылған ойды мақалмен жеткізіп берулерің керек..

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалім хатпен жіберілген екі тапсырманы үстел үстіне қояды. Топ бастаушылары таңдап алады. Оқушыларга тапсырманы орындауга 3-5 минут уақыт беріледі.

1-әңгіме: Ақыш аға жастайынан еңбекпен күнін көрген адам. Мектеп жасынан әкесінің жанынан қалмай, егін даласында өскен ағайды дүйім жұрт мақтан тұтады. I

Алынуы мүмкін жауаптар: «Еңбек ер атандырады», «Еңбектің наны тәтті», «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарньң тіленбей», т.б. 2-әңгіме: Ботаның алдына қойған мақсаты тек жақсы оқу сияқты. Бар уақытын мектеп пен кітапхана ішінде өткізетің Ботаны достары «Кішкентай оқымысты» деп атайды.



Алынуы мүмкін жауаптар: «Оқу — инемен құдық қазғандай», «Оқу - білім бұлағы, Білім - өмір шырагы», «Оқусыз білім жоқ, білімсіз күлің жоқ», т.б.




7.Топпен ән айту. 3 мин. «Ақыл -дария» өлеңін бірге айтады.




8.Үй тапсырмасы. 2 мин.

«Өсиет әңгіме» әңгімесін оқып келу.







9.Соңғы тыныштық сәтi. 3 мин.

  • Балалар, енді бір сәт тынышталып, көзімізді

жұмайықшы. (әуенмен) Бүгінгі сабақтан алған әсерлерің мен жақсы ойларыңды естеріңе түсіріп көріңдерші... (сәл кідіріс жасаймын) Оны өздеріңмен бірге қалу үшін жүректеріңе салып, сақтап қойғанды елестетіп көріңдерші. (сәл кідіріс жасаймын) Елестетіп болсаңдар жайлап көздеріңді ашыңдар. Бүгін сендер өте көп жақсы істер жасадыңдар, сабақты жақсы оқыдыңдар, жақсы ойлар айттыңдар сол үшін сендерге рахмет айтамын!




Каталог: uploads -> doc -> 09bb
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09bb -> Сабақ №38 Күні, айы, жылы Сабақтың тақырыбы: Түр. Түрдің критерийлері. Популяция
09bb -> 1. Қазақ тілінде қанша әріп бар екенін белгілеңіз а 40 в 32 с 36 д 41 е 42
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы Зар заман Сабақтың мақсаты Білімділік
09bb -> Сабақтың тақырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет