Сабақтың тақырыбы Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар



бет1/5
Дата03.02.2020
өлшемі0,69 Mb.
#57123
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Айтбаева Д. Қ.
Айтбаева Д. Қ., Касымова Р.О.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.2АЖай бөлшектерге амалдар қолдану

Мектеп: «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Айтбаева Д.Қ.

Сынып: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.2.21

жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтуді орындау;

5.1.1.12

өзара кері сандар анықтамасын білу;

5.1.2.22

берілген санға кері санды табу;



Сабақтың мақсаты

Жай бөлшектің, аралас санның және өзара кері санның анықтамасын біледі;

Жай бөлшектің қасиеттеріне сүйене отырып,жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейтіп, өзара кері сандарды тауып, есептер шығарады;

Құрамында жай бөлшек пен аралас сандары бар мәтінді есептерді шығаруда қолданады.


Бағалау критерийі

Жай бөлшектерді, аралас сандарды көбейте алады ;

Өзара кері сандар туралы түсінік тұжырымдай біледі.

Жай бөлшектер мен аралас сандардың қасиеттерін есеп шығаруда тиімді қолдана алады.


Тілдік мақсаттар


-жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану алгоритмін түсіндіре алады;

-белгілі және белгісіз шамаларды сипаттай отырып, мәтін есептердің шешімдерін түсіндіре алады;



Пәнге қатысты лексика мен терминология

-жай бөлшектерді көбейту және бөлу;

-арифметикалық амалдар алгоритмі;

-өзара кері сандар;



Диалогқа жазылымға қажетті тіркестер

-бөлшекті натурал санға көбейту үшін,...керек;

-аралас санды бөлшекке (аралас санға)көбейткенде...керек;

-...сандары ...болғандықтан, өзара кері сандар болады;



Құндылықтарға баулу


Мәнгілік елдің бірінші құндылығы: Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана. Астана – тәуелсіздіктің алғашқы сәтті жетістіктерінің бірі, барлық қазақстандықтардың патриоттық мақтанышы. Халық жұмылып тұрғызған Астана барлық өңір үшін дамуға күшті түрткі болды, Қазақстандық экономиканың локомотивіне арналды.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, информатика

Тақырып бойынша алдыңғы білім


Жай бөлшектермен аралас сандар туралы түсініктері; «дұрыс бөлшек» және «бұрыс бөлшек» ұғымдарын білу; натурал сандарды көбейту және бөлу дағдылары;бөлшектерді қысқарта алу; бөлшекті ортақ бөлімге келтіру; аралас сандарды бұрыс бөлшек түрінде және керісінше жазу; натурал санды бұрыс бөлшек түрінде жазу.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы


(2 мин)

(4 мин)

Сабақтың ортасы

(5мин)


Ұйымдастыру кезеңі

а) Сәлемдесу

ә) Оқушыларды сабаққа ынталандыру

б) Сабаққа қатысушы оқушыларды түгендеу



в) «Сәлемдесу» жаттығу- ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Нұсқау: топтағы оқушылар бір-біріне қарап тұрады. Мен сіздерге бірнеше сурет көрсетемін. Егер суретте

-бір-бірімізге күлімдейміз

-қолымызды қысып амандасамыз

-құшақтасамыз

в)Үй тапсырмасын тексеру «Жұптасу» әдісі арқылы. Яғни, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын тақтадағы жауаптармен салыстыру арқылы тексереді.

Оқушылар сабақты бастамас бұрын, өтілген материалды еске түсірейік.

«Миға шабуыл» әдісі

Ол үшін мен бұл жерде тиімді қолданамын. Kahoot ойыны арқылы 10 сұрақтан құралған тест тапсырмасын аламын.

1.Жай бөлшек дегеніміз не?

2.Дұрыс бөлшек дегеніміз не?

3.Бұрыс бөлшектердің қатарын көрсетіңіз.

4.Аралас санды көрсет.

5.18/7 аралас санға айналдыр.

6.Өзара кері сан дегеніміз...

7.Жай бөлшек пен аралас санды қалай көбейтеміз?

8. 5/3 бөлшегіне кері сан ...

9. Көбейтіндісі 1-ге тең сандар қалай аталады?

10.1 санына кері санды көрсет.

(Оқушы жауаптарынан кейін, ауызша кері байланыс жасаймын)

Өткен тақырыпты шапшаң қайталап шығуға ыңғайлы.

г) Топқа бөлу (Дұрыс, бұрыс және аралас бөлшектер жазылған кеспе қағаздарды таңдату арқылы)
Жеке жұмыс Куббизм» әдісі

(Саралаудың «Нәтиже» тәсілі (Оқушыларға қойылған жалпы мақсатқа сәйкес бір тапсырмамен жұмыс істейді,бірақ мұғалім балалардың алдыңғы нәтижелерін ескере отырып,әр баладан әртүрлі нәтиже күтеді))

№511 Өрнектің мәнін табыңдар:








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет