Білу: Ауызша және жазбаша тілді қалыптастыру
Түсіну: Әдеби тіл неше формада өмір сүреді Ауызша және жазбаша тіл туралы дәлелдеп айтып бере алады.
Қолдану:Ауызша және жазбаша тіл тақырыбы аясында топтық жұмыстарды орындату,деңгейлік тапсырмаларды орындайды;
Талдау:Ауызша және жазбаша тілді ажыратуға үйренеді;
Жинақтау:Бүгінгі тақырып бойынша түсінгенін жинақтап айтады;
Бағалау:Ауызша және жазбаша тілдік стиліндегі сөзжұмбақтар,семантикалық карта, деңгейлік тапсырмаларды деңгейіне қарап орындап беру арқылы бүгінгі сабақты қорытындылайды;
Сабақ құрылымы
|
І. Ақпарат блогы
ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы
ІІІ.Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы
ІҮ.Интеллектуалдық тренинг блогы
Ү.Күтілетін нәтиже блогы
|
Оқыту әдісі
|
АКТ, Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, Оқытуды басқару және көшбасшылық.
|
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі
|
Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
|
Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру формасы
|
Бақылау-сынақ сабағы
|
Танымдық тапсырмалар
|
Сабақтың ЖБЕА блогында беріледі.
|
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру
|
Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру; Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау;
|
Оқушыда дағды қалыптастыру
|
Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.
|
Негізгі ұғымдар мен терминдер
|
Ауызша және жазбаша стильдер
|
Ақпарат көздері
|
Оқулық, бұрынғы оқулықтар.
|
Сабақты бағалау
|
Оқушының оқу іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.
|
Сабақ блоктары
І. Ақпарат блогы.
8 мин
|
Жоспар
1.Лексика туралы қысқаша түсінік
2.Әдеби тіл неше формада өмір сүреді
3.Ауызша және жазбаша тілге мақал-мәтелдер беру.
4.Ауызша және жазбаша стилге байланысты әр түрлі тапсырмалар,лексикадағы сөздер.
|