Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар



Дата14.10.2022
өлшемі26,51 Kb.
#153020
түріСабақ
Байланысты:
Ата-анаға кеңес, Математика (1), 14 70 14 65 36 59 47 82 34-1

Туған елге сағыныш

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны

Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін,Көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалар мен салыстыра отырып білдіру
4.3.3.1 Шығармашылық жұмысын сызба, диафильм, таныстырылым түрінде ұсыну

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тақырыпқа қатысты өз ойын білдіріп, мәтінді талдай отырып жеткізеді.
Оқушылардың басым бөлігі: Отанды аңсау, сағыну сезімдерін деректермен негіздейді.
Кейбір оқушылар: Өз сезімдерін шығармашылық жұмыстар арқылы көрсетеді.

Бағалау критерийлері:

Мәтіндегі кейіпкер сезімін өз сезімімен салыстырады. Тақырыпқа қатысты таныстырылым жасайды.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік,белсенді азаматтық ұстаным таныту және өз елінің
дамуына үлес қосу

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, Дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтадан таныстырылымды көрсету

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Қазақ халқының тарихынан хабардар

Жоспар

Жоспарланған
уақыт

Жоспарланған әрекет

Ресурстар

Басталуы

Қызығушылықты ояту кезеңі
«Атомдар мен молекулалар» ойсергегі арқылы топтарға топтасады.
) «Әңгімеле» айдары «Сөздермен әңгіме құрастыру» әдісі
арқылы жүзеге асады.

  • Ең алғаш рет кімді, нені сағындың?

  • Өзіңнің басыңнан өткен сағынышты сәттерді есіңе түсір – дей отырып, оқушыларға өз жауаптарын айту ұсынылады. Айтылған сөздер тақтаға жазылады. Шағын топтар бірлесе отырып, осы сөздерді Сағыныш сөзімен қатыстырып, белгіленген уақыт ішінде сөйлемдер құрастырып айтады. Топтағы ең үздік сөйлемдер тақтаға жазылады.

Отанды сүю, жақсы көру, құрметтеу, сағыну, мақтан ету туралы айта келіп, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлауға болады.
Дескрипторы:

    1. Сезімді білдіретін сөздерді атайды.

    2. Сол сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрастырады.

ҚБ: «Ду қол шапалақ» әдісі




Ортасы

Мағынаны тану кезеңі
(ЖЖ)«Қойын дәптер» әдісі бойынша Сапарғали Бегалиннің өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұматтар жинақтап, тірек сөздер арқылы мәліметтер қорын толықтырады.












Аты – жөні:

Сапарғали Бегалин







Туған жылы:

1895 – 1983ж.ж.




Туып-өскен жері:

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Дегелең ауылы

Оқулық





Шығармалары:

«Сәтжан», «Бала мерген», «Жас бұтақ», «Ұрыншақ», «Бес батыр»




Ақпарат

«Қазақ балалар әдебиетінің ақсақалы» атанған жазушы, ақын













) «Түсініп оқы» айдары бойынша «Дала сұңқары қиырға қарайды» мәтінін түсініп, кейіпкерлерін анықтап, Шоқанның өз даласына сағынышын қалай білдіргенін тауып оқу ұсынылады. Оқушылар оқып болған соң сұрақ жауаптарын топта талдайды.
Дескрипторы:__Кейіпкердің_сезімін_бейнелейтін_үзіндіні_табады.__Кейіпкер_сезімін_өз_сезімдерімен_салыстырады.__ҚБ'>Дескрипторы:

  1. Кейіпкердің сезімін бейнелейтін үзіндіні табады.

  2. Кейіпкер сезімін өз сезімдерімен салыстырады.

ҚБ: «Басбармақ» әдісі
(Ұ) «Жаңа сөздер сандығы» айдары бойынша оқушылардың мәтін бойынша түсінбеген сөздерінің мағынасын топ ішінде талдап, түсініктеме жасауларына ықпал ету.
Омбы – қазіргі Ресейдің қаласы Есіл-дерті – барлық ойы, көңілі
2.Оқушылар «Мәтіннің басты кейіпкері кім?» деген сұраққа жауап береді.
(ЖЖ) «Есіңе түсір» айдары бойынша әдеби шығармадағы, ертегілердегі кейіпкерлерді еске түсіреді.
Дескрипторы:
Әдеби шығарма кейіпкерлері мен ертегі, мысалдардың кейіпкерлерінің ерекшеліктерін айтады.
4.«Шоқан туралы кинофильмді көрдің бе?» деген сұраққа жауап беріп, мәтін мазмұнымен салыстырады.
(Т) «Өзгертіп айт» кестесін толтырады.

Дәптер



Кестелер, компьютер




Сөйлемдерді 1-жақпен өзгертіп оқы.

Қарамен берілген сөздерді мағыналас сөздермен ауыстырып оқы.







Осы кезде оны алыстағы еліне деген сағыныш билеп кетті. Көз алдына жас туған төлдерге қуанысып, жапа- тармағай жүгірген
балалардыелестетеді. Құлағына құстың қиқуы келгендей болды.
Мынадай мәтін болуы тиіс: Осы кезде мені қашықтағы туған жеріме деген сағыныш билеп кетті. Көз алдыма жас туған төлдерге қуанысып, жапа-тармағай жүгірген
балалар елестеді. Құлағыма құстың қиқуы келгендей болды.












Дескрипторы:

  1. Үзіндіні бірінші жақта оқиды.

  2. Қарамен жазылған сөздердің мағынасын ашады.

Мақсаты: Қарамен жазылған сөздерді мағыналас сөздермен алмастырып, сөйлем мағынасын сақтай отырып оқиды.
Тиімділігі: Оқушылардың сөздік қорлары молайып, сөздерді дұрыс қолдана білу дағдылары артады.
(Т) «Жоба жаса» айдары бойынша сағыныш сезіміне толы мысал әңгіменің жобасын құрастырады. Оқулықтағы суреттердің қайсысы сәйкес келетіндігін анықтайды.
Дескрипторы:

  1. Суреттерден таңдау жасайды.

  2. Өз таңдауын түсіндіреді.

  3. Әңгіме жобасын құрастырады.

Дәптермен жұмыс. Дәптермен жұмыс мұғалімнің өз қалауы бойынша уақыттың қалуына байланысты орындалады.




Аяқталуы

Ойтолғаныс
«Тыңда» айдары.
Қ. Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін аудиодискіден тыңдайды. Өлеңнің сөзінен не түсінгендерін айтады. Ақынның қай сөзінен сағыныш сезімін байқағанын айтады. Мұндай жұмыс түрлері оқушыларды тыңдалымды мұқият түсініп тыңдауға дағдыландырады.
(Т)«Алыс кетсем, мен сені аңсап жүрем, Сағыныштың сазымен ән сап жүрем, туған жер»...
Өлеңді жалғастырып жаз.
Дескрипторы: Өлең жолдарын жалғастырып жазады.
ҚБ: «Оң көрші» әдісі бойынша бірін-бірі дескриптор негізінде бағалайды.
Кері байланыс: Сәттілік баспалдағы
Үй жұмысы: мәтіндегі кейіпкерлерді сипаттап жаз.




Қосымша ақпарат

Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Бағалау парақтары

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?





Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет