Сабақ мақсаттары Табыс критерийлері



бет1/3
Дата25.12.2016
өлшемі2,46 Mb.
#4474
түріСабақ
  1   2   3

Сынып: өткізілетін күні:11.05.2014

Тақырыбы

«Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік»

Сабақ мақсаттары

Табыс критерийлері:



Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары жайлы мағлұматтарын қалыптастыра отырып, . оқушының танымдық қабілетін арттыру, өз ойын жүйелеуге, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту.

  • Оқушылардың сандық ақпарат, ақпаратты қорғау түрлері мен әдістері жайлы мағлұматтары қалыптасады;

  • Криптография туралы мәлімет алады;

  • Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде заңсыздықты болдырмауға және желілік этикет жайлы ақпарат алады;

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Білім беру технологиясы

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы

Сабақтың білім беру формасы

Топпен бірлесе, жұппен, жекелей атқаратын жұмысқа арналған

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер

Кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме, Insert әдісі, постер қорғау.

Көрнекіліктер

презентация, таратпа материалдар, табыс критерийі, бағалау парағы.

Сабақ барысы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Бағалау

Ұйымдастыру

(5 мин)


Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Топқа бөлу:қазақтың ұлттық ойыны асық алуды пайдаланып сыныпты 3топқа бөледі.

Сұрақтар қою арқылы топ ретін, топбасшысын анықтайды.


Топ ережесін құру

Сергіту сәтін жасайды.

Топпен жинақталып отыру. Топ ретін, топбасшысын анықтауға белсене қатысу.

Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы формативті бағаланады, топ басшысы етіп тағайындалады.

Мұғалімнің формативті бағалауы



Үй тапсырмасы:

Шатастырылған баулар



(5мин)+тексеру_1_минут__Жеке_жұмыс:/үйтапсырмасы/'>(5мин)+тексеру 1 минут

Жеке жұмыс:/үйтапсырмасы/

Сынып оқушыларына әрқайсысы өз бетімен тапсырмаларды орындау




Үзінді бөліктері арқылы анықтамаларын табады. Сәйкестендіру.

Бірін- бірі бағалайды

«Қызығушылықты ояту»

( 3 мин)

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын ой қозғау арқылы оқушыларға анықтату

Видеобейне арқылы оқушыларға ой салу:



  • Күнделікті тұрмыста,өмірде ақпаратты қорғаумен кездестіңіздер ме?

  • Қандай жағдайда?

Видеобейне арқылы оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды: телефонға Пин-код, пароль қою т.б.



«Мағынаны ажырату»





Топтарға реті бойынша тақырыптарды бөліп беру

І-топ. Ақпарат қауіпсіздік. ҚР қылмыстық кодексіне сай ақпаратты қорғау, жазалау

ІІ-топ. Заңмен қорғалатын құпия ақпараттар

ІІІ-топ. Ақпаратты қорғау әдісі-криптография(5мин)


Жұппен, топпен талдау (2мин)

«Инсерт» әдісі бойынша материалды түртіп жеке оқиды, жұппен, топпен талдайды


Берілген материалдар бойынша ақпаратты өз бетімен оқып, талдап, сызба, конспект түрінде жазып алу


Топ басшысының бағалауы

ЖИГСО әдісін түсіндіру, яғни топбасшы өз орнында қалып осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндіреді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп, өз тобына әкеледі. (5мин)

Топбасшы өз орнында қалып осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндіреді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп өз тобына әкеледі, бәрі бірге талдайды.

Топ басшысының бағалауы

Кітапты жауып қойып тақырыптан

түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп постер қорғайды. Постер қорғау (6мин)



Топқа берілген тапсырманы атқаруда белсенділік, жауапкершілік танытады. Өз тобында есте сақтағанымен бөліседі.

Бір- бірінің постерлеріне пікір жазып жапсырады

Топ басш бағалайды.



Қосымша

2 мин+3 минут



Шығармашылық тапсырма: Желілік этикет
Қорытындылау слайд

Қосымша материалдарды пайдалана отырып әдістеріне мысал келтіру




Бағалау

(2мин)


Формативті бағалаудың жалпы бағалауын жүргізу.Топ басшысының бағалауы

Топ басшысының бағалауын тыңдайды




Үйге тапсырмa

(1 мин)


Тақырыпты оқып келу


Тақырыпты оқу



Кері байланыс

Рефлексия

(2 мин)


Сабақ барысында нені меңгердің?

Не үйрендің?




стикерге жазу, тақтаға жапсыру



РЕФЛЕКЦИЯ

30 қаңтар 2014 жылы 11 а сыныбында «Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақтың мақсаты: Желілік этикет, ақпаратпен жұмыс істеу саласында ҚР заңнамасы, электрондық желілерде тасу барысында ақпаратты сақтау тәсілдері мен қағидалары жайлы мағлұматтарын қалыптастыра отырып, . оқушының танымдық қабілетін арттыру, өз ойын жүйелеуге, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздықтарын дамыту.

Табыс критерийлері:Оқушылардың сандық ақпарат, ақпаратты қорғау түрлері мен әдістері жайлы мағлұматтары қалыптасады;Криптография туралы мәлімет алады;Ақпаратпен жұмыс істеу кезінде заңсыздықты болдырмауға және желілік этикет жайлы ақпарат алады;

Сабақ түрі-жаңа сабақ. Білім беру технологиясы - Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: Кумулятивтік әңгіме, зерттеушілік әңгіме, Insert әдісі, постер қорғау.Көрнекіліктер:презентация, таратпа материалдар, табыс критерийі, бағалау парағы. Сабақтың білім беру формасы - топпен бірлесе, жұппен, жекелей атқаратын жұмысқа арналған.

Сабақтың кезеңдері: 1. Сергіту сәтін ұйымдастырдым: қазақтың ұлттық ойыны асық алуды пайдаланып сыныпты 3топқа бөлдім. Сұрақтар қою арқылы топ ретін, топ басшысын анықтадым.Оқушылар топ ережесін құрды.Сұраққа дұрыс жауап берген оқушы қалыптастырушы бағаланады, сұраққа тез, дұрыс жауап берген оқушы топ басшысы етіп тағайындалды.Барлық топ берілген тапсырманы бірден талдап белсенділік танытты. Топпен ақылдаса отырып, өздерінің жазған ережелерін тақтаға шығып оқыды.

2. кезең: «Қызығушылықты ояту» кезеңі-сабақтың тақырыбы мен мақсатын ой қозғау арқылы оқушыларға анықтату мақсатында бейнефильм арқылы оқушыларға ой салу. Бейнефильм аяқталғанда оқушыларға: « Күнделікті тұрмыста,өмірде ақпаратты қорғаумен кездестіңіздер ме?», «Қандай жағдайда?», «Ақпаратты қорғау неге керек? –деген сұрақтар бере отырып, нәтижесінде табыс критерийлерін анықтаттым.



3 кезең-Топтарға реті бойынша тақырыптарды бөліп бердім:

І-топ. Ақпарат қауіпсіздік. ҚР қылмыстық кодексіне сай ақпаратты қорғау, жазалау

ІІ-топ. Заңмен қорғалатын құпия ақпараттар

ІІІ-топ. Ақпаратты қорғау әдісі-криптография.



Әр оқушы өзінің алдындағы ноутбуктен берілген ссылкалар арқылы және дайын қосымша материалдар арқылы дайындалуға 5 минут берілді. Инсерт әдісін пайдалана отырып, түртіп оқу арқылы керекті жерлерін маустың көмегімен белгілеп, ерекшелеп отыруға тапсырма берілді. Уақыт аяқталған соң жұппен, топпен талдауға 2 минут уақыт берілді. Әр берілген тапсырма уақыт ішінде орындалуы үшін таймер қойдым. ЖИГСО әдісін пайдалана отырып, топ жетекшісі мен баяндамашы өз тобында қалып, осы топқа келетін оқушыларға тақырыбын түсіндірді, ал басқалары өзге топтың материалдарын түсініп, өз тобына әкелді. (5мин). Барлық 3 тақырып бойынша постер қорғауға 3 минут уақыт берілді. 1 топ интерактивті тақтаның алдына шығып өз постерлерін жасады. Ол оқушыларға интерактивті тақтаны бор ретінде пайдалануға мүмкіндік берді. Екі топ орындарында отырып, постер жасады.

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет