Заман шындығы Ерболат Әбікеннің «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
11.1.1.1 әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы жанрлық ерекшелігін түсіну;
11.2.1.1 әдеби шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындау
Сабақтың мақсаттары
- әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасау;
- жанрлық ерекшелігін анықтау;
- шығарманың композициялық ерекшеліктерін айқындау
- әңгімеге сюжеттік-композициялық талдау жасайды;
- әңгіменің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды;
- әңгіменің жанрына сәйкес композициялық ерекшеліктерін талдайды.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика мен терминология: Сюжет, композиция, жанр
Оқушылар түсінеді және сипаттайды... Диалог және айтылымға пайдалы тіркестер: Менің байқағаным,...Менің ойымша,... Мен ... ойлаймын
Мағынаны тану Әдеби-теориялық ұғымды еске түсіру Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры.
Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
1 тапсырма Ж А) Пәтер іздеу жолында отбасы қандай қиындықтардан өтті? Тізіп жазыңыздар. Ол қиындықтар неліктен туындады?
2 тапсырма Т Шығарманың жанрына қарай композициялық ерекшеліктерін айқындаңыздар:
1 топ Идеялық-тақырыптық жүйенің композициядағы қызметін анықтаңыздар.
2 топ Образдар қатары мен құрамының жүйесін талдаңыздар.
3 топ Уақыт пен кеңістік, мекеншақ композициясын көрсетіңіздер.
4 топ Баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдастырылуына баға беріңіздер.