Сабақ мектепте оқыту жұмысын ұйымдастыруының негізгі формасы ретінде Сабақтың түрлері



бет4/6
Дата25.01.2017
өлшемі1,24 Mb.
#7873
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

  1. Әдіс тәсіл түсінігі

  2. Әдіс – тәсілдер түсінігі

  3. Оқыту технологиялары түрлері

  4. Сабақта жаңа технологияларды қолдану жолдары


Дәріс №7. География сабақтарындағы сыныптан тыс жұмыстар. 2сағат.
Негізгі сұрақтары:

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны, маңызы, оларды өткізу жолдары

  2. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі формаларының сипаты:

А) географиялық үйірме

Б) конференция

В) сауық кештер

Г) география апталығы

Д) олимпиада т.б.

3. Географиядан оқу топ серуендері



Сабақтан тыс жұмыс  мектептің сабақтан тыс уақытта оқушылардың білімін, іскерлігін, дағдысын, кеңейту және тереңдету үшін, дербестігін, дара кабілеттерін дамыту үшін, соны мен бірге олардың қызығушылықтарын қанағаттандыру және бос уақытын белсенді, саналы өткізуді қамтамасыз ету үшін оқушылармен жүргізілетін ұйымдастырылған және мақсаттыбағыттағы сабақтар.

Сыныптан тыс оқу – оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытады, танымдық іс-әрекеттері белсенді түрде көрініс береді. Қосымша әдебиеттер мен оқулықтарды оқу оқушының өз білімін көтеруіне, өз бетінше оқуына дағдыландырады.



Сабақтан тыс жұмыстардың географияда атқаратын ролі зор. Белгілі бір мектеп бағдарламасында және білім аумағында біршама қызықты және жарқын бейнесін ұғындырады.

Пәннің басты міндеті география болғандықтан, ол адамға өзі тұратын әлем туралы көптеген толық, біршама көрініс береді.

Өзінің туған өлкесіндегі экскурсиялар, поход балалрға өз Отанын, туған жерінің табиғатын сүюге, оның байлығын тиімді пайдалануға (игеруге), бағалауға және оны сақтауға үйретеді. Сабақтан тыс жұмыстардың негізгі мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін жан-жақты жетілдіруді қамтамасыз ету.
Сабақтан тыс жұмыстардың география бойынша білім және тәрбие беру жұмыстары жалпы мақсаттары мен тапсырмалары бойынша анықталады.
Географиядағы сабақтан тыс жұмыстарының бірден-бір алға қойған мақсаты – оқушыларды жаңа түсініктермен, жаңа ақпараттармен толықтырып, қызықтыра оқыту.

Белгілі-бір ұжымда, яғни топта сабақтан тыс жұмыстарды география ғылымында топ бойынша жұмыс жасатып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылық ынтасын арттыру қажет.

Бірігіп жұмыс жасау, өз еңбегін және достарының еңбегін бағалау оқушыларды жақсы тәртіпке, достыққа, бір-бірін жақсы түсінушілікке, қол ұшын беріп отыруға тәрбиелейді.

Жалпы білім беретін мектептердің оқыту – тәрбиелеу процесі кезінде сабақтан тыс жұмыстардың негізгі маңызы – үздіксіз даму үстінде. Пән бойынша сабақтан тыс жұмыстардың маңызы мен міндеті төмендегі жұмыс жоспарында айқын көрсетілген.

Географиядан кластан тыс жұмыстарды жоспарлау – негізгі міндет болып табылады.

География пәнінің мұғаліміне өз сабағын анық жоспарлау – жұмысын анық және жақсы ұйымдастыруға, топ бойынша және жеке оқушылармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

Географиядағы кластан тыс жұмыстардың жоспары барлық талаптарды қамтуға сай болып тұру керек:

- тәрбиенің жалпы мақсаты мен міндеттерінен таладу керек.

- Алға қойған мақсатына жету үшін қатаң бағыт қою арқылы ерекшеленеді.

- Елдің жаңа өмірімен байланысын көрсету, елдегі елеулі, тарихи, басты

оқиғалар мен ел өміріндегі елеулі күндерді еске сала отырып, оқыту керек.

- Жалпы мектептегі оқыту-тәрбие жұмыстарының жоспарынан әртүрлі

шараларды өткізіп тұру қажет.

- Оқушылардың өзіндік қызығушылығын ескеріп отыру оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай қадағалап оқыту керек.

- Географиядағы сабақтан тыс жұмыстардағы әртүрлі тәсілдер мен

формаларды қадағалау, оқушыларды тәрбиелеудегі жүйелілікті қамтамасыз

етеді.
Жоспар негізінен жұмыстардың қысқаша мазмұнына, сабақтың формасына, олардың жүргізілу уақыты мен оларды орындаудағы жауапкершілікке нұсқау береді. Жоспар формасының үлгісі мынадай түрде болуы, яғни жасалуы қажет:

Сабақтан тыс жұмыстарды жоспарлау кезінде оқушылардың физикалық географияның бастапқы курсынан бастап, үйірмедегі жұмыстарға белсенді араласуына көп көңіл бөлу керек.

География пәніне деген қызығушылық ерте басталса, онда оқушыларды берілген ғылыммен таныстыру көп қиындық туғызбайды.

ҒТР заманында ең бірінші проблемалық мәселелердің бірі – қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасы болып табылады. Соның ішінде, география – барлық сұрақтарға жауап беретін ғылым болып табылады. Ол қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасқа түсуін, табиғатты тиімді пайдалануда және оны қорғау мәселесінде басты қызмет атқарады. Кластан тыс жұмыстардың мазмұнында 2 негізгі бағытты көрсетуге болады:

1. Білім мен тәрбие беретін үлкен мағынасы бар, оқушыларда үлкен қызығушылық тудыратын мектеп курсындағы негізгі сұрақтар мазмұнын тереңдете оқытады.

2. Құралдар және ЭЕМ-ды қолдану барысында сыныптағы әртүрлі ақпараттармен жұмыс жасағанда жергілікті жер бойынша практикалық жұмыстар жүргізуді қолданады.

Географиядағы кластан тыс жұмыстардың мазмұнының ерекшелігі-бұл пәнаралық байланыс, яғни мектепшілік әртүрлі пәндермен байланыстыра оқыту керек, соның ішінде, биология, химия, тарих, физика, бастауыш алғашқы дайындық курсы, әдебиет, қоғамтану және т.б.

Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы; шағын аумақтың табиғатын, халқын, шаруашылығын, тарихын және мәдениетін, елді мекендерін олардың таяу төңірегімен қоса зерттеу. Салалық өлкетану (тарихи, этнографиялық, топонимиялық және т.б.), табиғи және әлеуметтік құбылыстардың өзара байланысын зерттейтін кешендік географиялық өлкетану болып бөлінеді. Өлкетанудың негізгі әдісі - аумақ туралы ақпаратты, табиғи үлгілерді (геологиялық, топырақ, биологиялық, зоологиялық), материалдық мәдениет заттарын және т.б. деректерді жинау және жүйелеу.

Конференция (conferentіa, лат. confero – жинаймын) – мемлекеттер мен қоғамдық ұйымдар өкілдерінің, әлдебір ұйымдар мүшелерінің, ғалымдардың жиналысы, мәжілісі

Зертханалық, практикалық сабақтар оқушылардың жаңа білім алуы мақсатында немесе теориялық білімді бекіту мақсатында жүргізілуі мүмкін. Бұл жұмыстар теориялық білімдерді анағұрлым сапалы түрде және берік игеруге жәрдемдеседі. Бұл сабақтардың құрылымы шамамен мынадый:



  1. Ұйымдастыру бөлімі

  2. Мұғалімнің түсіндіруі және тапсырма беруі

  3. Оқушылардың сұрақтарына жауап беруі

  4. Оқушылардың тапсырманы орындауы

  5. Орындалған жұмыстың жазбаша есебін өткізу

  6. Үйге тапсырма беру

  7. Сабақтың аяқталуы

Эксперимент, зертханалық және практикалық жұмыстардың орындалу барысы немесе қорытындысы жазылып, оны мұғалім тексереді. Топпен өткізілетін жұмыс түрлеріне үйірме жұмыстары, кабинетті жабдықтау т.б. жатқызуға болады. Бастауыш сыныптарда “Дүниетану” пәні бойынша “Жас табиғатшылар” үйірмесін ұйымдастыруға болады.Бұл оқушылардың пәнге деген қызығұшылығын арттырып, білім деңгейлерін көтереді, ғылыми көзқарастарын қалыптастырады және бақылау, зерттеу жұмыстарын орындау икем-дағдыларын дамытады.

Үйірменің жұмысы жүйелі түрде, нақты құрылған жоспармен жүргізіледі. Оқушылардың саны тұрақты болып, олар өз еріктерімен қатысуы керек

Үйірмеде орындалатын жұмыстарды сабақ кезінде пайдалануға болады.Үйірме жұмысын дайындауда оқушылар еңбек етуге, этикалық тәрбиеге дайындалады. Ұжымдық еңбек етуге үйренеді.

Сыныппен жүргізілетін жұмыстарға табиғат аясында болатын экскурсиялар жатады.

Бастауыш мектепте дүниетанудан сабақ беру процесінде экскурсияларға үлкен орын беріледі. Экскурсия оқушылардың зерттейтін объектілері мен құбылыстарын табиғи немесе қолдан тудырған жағдайда тікелей қабылдауына негізделеді.

Экскурсиялардың мазмұны мұнан бұрынғы сабақтарда өтілген материалмен тікелей байланысты болуы керек. Сонымен бірге экскурсияда алынған түсініктер бақылау нәтижелері және жиналған материалдар кейінгі сабақтарда пайдаланылады. Экскурсиялардың танымдық және тәрбиелік үлкен мәні бар. Олар оқушылардың білімін кеңейтіп тереңдетеді. Балалар табиғат объектілерін табиғи ортада көреді. Өсімдіктердің топырақпен, жануарлардың өсімдікпен өзара байланысын бақылайды. Бұл оқушылардың табиғаттың барлық бөліктері бір-бірімен тығыз байланысты болып келетінін, біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Табиғатты оқып білудегі зерттеу әдісі оқушыларды экскурсияларда жергілікті жерде бағдарлай білуге, бақылауға, салыстыруға, табиғаттағы бақыланатын заттары мен құбылыстарының арасындағы байланыстарды анықтауға, үйретуге мүмкіндік береді, айнала қоршаған болмысты өздігінше зерттеу дағдыларын қалыптастыруға жардай жасайды.

Экскурсияда үшінші класс оқушыларының төбе және оның биіктігі, жазық, жыра, жергілікті суаттар (өзен, көл, бөген), олардың орналасуы, ерекшеліктері, адамның шаруашылыққа пайдалнуы туралы дұрыс түсініктері қалыптасады.

Өсімдік пен жануарлар дүниесімен таныстыруды бәрінен комплекстік экскурсиялар кезінде ұйымдастырған жөн, жануарлар мен өсімдіктер арасындағы байланыстар мен өзара тәуелділіктерді оқушылардың өздері ашатындай жағдайға ұмтылу керек. Мәселен, суатқа экскурсия кезінде бұл байланысты негізінен насекомдармен қоректенетін көлбақаның мысалынан көрсетуге болады. Көлбақаларды құрту суат маңында маса мен шеркейлердің орасан зор мөлшерде көбейіп кетуіне апарып соғады.

Экскурсияда жиналған материал қажетті түрде жабдықталады да әр түрлі сабақтарда пайдаланылады.



Өзін – өзі тексеру сұрақтары:

  1. Сабақтан тыс жұмыстар түрлері

  2. Конференция, үйірме, топсеруен, сауық – кеш, олимпиада түсініктері

  3. Сабақтан тыс жұмыстар маңызы, мақсаты мен міндеттері



Дәріс№8. Географияның мектеп курсының бағдарламасы. Физикалық географияның бастауыш курсының міндеттері және негізгі мазмұны. 2сағат.

  1. Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары.

  2. Курстың құрылымы мен мазмұны.

  3. Физикалық географияның бастауыш курсын оқытуда картаны пайдалану.

«География» оқу пәні бағдарламасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес дайындалды.

Мектептiң бiлiм беру жүйесiнде жас ұрпақты жан - жақты дамыту мен тәрбиелеуде: олардың жалпы мәдениетiн қалыптастыруда, тұлғаны шығармашылыққа тәрбиелеуде, өзiнiң табиғат пен қоғам алдындағы жауапкершiлiгiн сезiнуде, Жер бетiнде тiршiлiктi сақтауда география пәнi үлкен рөл атқарады.

Географиялық бiлiм берудiң бұл мақсаты төмендегi:

– оқушылардың географиялық ойлауын, географиялық мәдениетін қалыптастыруға және географиялық тілді оқып - үйренуіне, еркiн әрi шығармашылықпен ойлауына жағдай жасау;

– оқушыларға географиядан қазiргi дүние толқынына бағдарлана алуына көмектесетiн бiлiм жүйесінің жиынтығын беру;

– картографиялық сауаттылығының қалыптасуы мен дамуына жағдай жасау;

– оқушылардың бойында адамзат тіршілік ететін ортасы Жер туралы біртұтас түсінік қалыптастыру, оның табиғаты мен халқының алуан түрлілігін ашып көрсету;

– негізгі орта білім беру деңгейіндегі қажетті базалық білім минимумын және елтану сипатындағы түсініктер қалыптастыру, оқушыларды Қазақстанның табиғат жағдайлары мен ресурстарының алуан түрлілігімен халқы және шаруашылығымен, ондағы адамзат тіршілігінің алуан түрлілігімен таныстыру;

– жергілікті жердің табиғатына деген ұқыптылығын қалыптастыруға және елжандылық сезімін дамытуға жағдай жасау;

– оқушылардың бойында қоршаған ортаның біртұтастығы мен оның аумақтық алуан түрлiлiгi, әртүрлi елдердiң өзiне тән ерекшелiктерi, адамзат алдында тұрған күрделi проблемалар туралы түсiнiк қалыптастыру сияқты мiндеттердi шешудi талап етедi.

Білім берудің негізгі орта деңгейінде географияны оқытудың негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Жер ноосферасының құрамдас бөлiгi ретiнде әлемнің біртұтас географиялық бейнесін қалыптастыру болып табылады.

Негізгі орта білім берудің типтік оқу жоспарына сәйкес «География» оқу пәні бойынша апталық сағат саны:

6 сыныпта аптасына 1,5 сағат, жылына 51 сағат

6 сынып география пәні бойынша күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім стандартына сәйкестіріліп жалпыға бірдей мектептегі 6 сынып бағдарламасына негізделіп құрылған (жаратылыстану-математикалық бағыт), 2010 жыл (бұйрық 09.07.2010 г. № 367).

География оқу құралы ретінде – білім жүйесінің белгілі дидактикалық негізінде іскерлік пен дағдыдан құралған, ғылымдардан сұрыпталған, негізі мектептің оқу жоспарында қарастырылған, оқушылардың білім беру мен тәрбиесін дамыту болып табылады. Мектеп географиясында физикалық география жаратылыстану пәндерінің цикліне, экономикалық география-гуманитарлық пәндер цикліне жатады.

Мектепте оқытылатын физикалық географияның оқу жоспарына Жер туралы ғылым, бірінші кезекте физикалық география енеді. Олар: жалпы жер тану, шетелдер, ТМД, Қазақстаннң аймақтық физикалық географиясы, геоморфология, климатология, океанология, гидрология, топырақтану, геоботаника, зоогеография т.б. картография және бірқатар аралас ғылым салалары – геология, метеорология.

Мектептің экономикалық географиясы қоғамтану курсымен бірге оқушыларға экономикалық білім береді. Оқу жоспарында экономикалық география ғылымдарын оқыту қарастырылған. Қазақстан мен ТМД-ның жалпы және аймақтық экономикалық географиясы, халықтар географиясы, саяси география, сонымен бірге бірқатар экономикалық ғылымдар - өнеркәсіп экономикасы, ауыл шаруашылығы, транспорт, статистика және демография. Ғылымның негізін құрайтын көптеген және әр трүлі материалдардың ішінде ең керектілері ғана мектеп географиясының курсына енгізіледі.


Мектептегі география курсының мазмұнын оқушылардың ой-өрісін тәрбиесін арттыратын – ғылымның негізін салатын – ойлар, теориялар, фактілер ғылыми әдістер кіреді. Айта кетерлік нәрсе – мектеп географиясына таңдап алынған материалдар адам өмірен өте қажетті. Оқушылар алған білімін практикада қолдана білуі тиіс. Осы білімді игеруде іскерлік пен дағдыны қамту қажет.

Осындай көзқараста таңдалынып алынған білім, іскерлік пен дағды мектеп географиясының мазмұнын құрайды. Мектепті бітіруші «ғылымдар негізінің» орта мектептік білімін алады. Мектепте географияны оқытудың басты мақсаты – ғылыми негіздермен оқушыларды қаруландыру.


Жаңа ғылыми-техникалық революция кез-келген мамандықтар иесінің еңбектегі ойлау қабілетін арттырады. Сонымен қатар ғылыми-техникалық революция кезіңінде ғылыми білімнің өсуі, география ғылымының да алға жылжуы байқалады. Осыған байланысты білім беру ісінде ойлау үрдісінің ролі өсіп келеді.

Мектепте оқушы өмір бойы қолдана алатын географиялық білім ала алмайды, ол география саласында оның қызығушылығын арттыратын танымдық әдістерді үйретеді. Ойлау қабілетінің дамуы географиялық білім алудың нәтижесі ғана емес, географиялық білімді географиялық облыстарда қолдана алу мүмкіндігі.

Таным қызығушылығын дамыту география аймағындағы оқушылардың талап қажеттілігі, олардың танымдық өнері, олардың географиялық білімді өз бетімен қабылдауы. Бір сөзбен айтқанда, оқушылардың ойлау қабілетін және оларды кейінгі өзіндік географиялық білімін дамыту – географияы мектепте оқытудың екінші мақсаты.

Мектепте географияны оқытудың үшінші міндеті – оқушыларға тәрбиелеу арқылы жоғары адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру. Тәрбие беру ісі географиядан білім беру мен ойлау қабілетін дамыту барысында бірге жүреді. Бірақ білімді қабылдау, тәрбиеде нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан материалдармен қамтылауы тиіс. Оқу жұмысын ұйымдастыру арқылы оқушылардың өзіндік жұмысы мен творчестволық қабілеттерін арттыруға болады. оқушылардың географиялық біліммен, іскерлік пен дағдысы, ойлау қабілеттілігі жәге адамгершілік рухта тәрбиеленуі шексіз бірлікте. Сонымен қатар осы үш мақсаттың әрқайсысы мазмұнында және оқу үрдісін құруда қарастырылуы тиіс.

Мектептегі география жүйесі басқа пәндер сияқты курстар мен бөлімдерден тұрады. Курс бөлімдерді оқыту мен тәрбиелеудің өзара байланысынан құралып, негізі – педагогикалық логикадан тұрады. Логика – оқушыларда ғылыми білімнің қалыптасуын, кеңеюі мен тереңдеуін, дағды мен іскерліктің бекітілуін қамтамасыз етеді. Ол әрбір кезеңде оқушы жаңа оқу материалын қабылдауды жүзеге асырады.

Қоғамның қазіргі әлеуметтік тапсырыстарын орындауда мектеп географиясының қосатын үлесі қоршаған ортаға деген біртұтас көзқарастар жүйесін қалыптастыру және оны бағалай білетін тұлғалық сапаларды тәрбиелеу арқылы көрінеді.

Мектепте оқылатын Қазақстанның физикалық және экономикалық географиясын кіріктіре оқыту, қоғамның жасөспірімдерді өмірге нақтылы бір аумақта оныі географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, еңбек етудегі даярлаудағы сұраныстарынан туындап отыр.Табиғат пен қоғам арасындағы байланыстар туралы білім, орта географиялық білім беру жүйесінің маңызды элементі болып саналады. Жалпы білімді кіріктірудің танымдық және әдіснамалық маңызы зор. Оны географиялық тұрғыдан қарайтын болсақ, ол оқушыларда әрбір объектіні себеп салдарлы байланыс негізінде аумақпен байланыстыру және шаруашылық, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік-саяси тұрғыда баға бере алу біліктіліктерін қалыптастырады. Н.Н.Баранскийдің сөзімен айтатын болсақ, бір элемент немесе бір сала төңірегінде қалып қоймай бұл кешенді ойлау деген сөз. Кешенді тәсіл география ғылымының іргетасы іспеттес, ол адамда дүниенің әр алуандығына қарамастан өмірге деген біртұтас көзқарас қалыптастырады.

Географиялық білімді кіріктіру қоғамның талаптары мен география ғылымының дамуы тұрғысынан ғана негізделмеген, ол дидактикалық тұрғыда да негізделіп отыр.

Л.Я.Зоринаның еңбегінде оқыту үрдісінде жан-жақты пәндер мен пәнішілік байланыс қалыптасқан сайын, оқушыда дүниенің сан қырлы құбылыстарын біртұтастықта және бір- бірімен байланыста ойлау қабілеттерінің дамитындығы туралы айтылған.

А.А.Стром мектепте географияны табиғи-шаруашылық тәсілі негізінде оқытуды ұсынып, оның географияның біртұтастығына сенімді іргетас бола алатындығын дәлелденген. Табиғи-шаруашылық тәсілі табиғи және әлеуметтік-экономикалық аумақтық жүйенің ерекшеліктері мен экологиялық жағдайын және үрдістерді ескеруге мүмкіндік береді.



Осылайша кіріктіре оқыту үрдісі жүйелі білім беру ұстанымын жүзеге асырудың бірден бір шарты болып табылады. Географияны кіріктіре оқыту тәсілі оқушылардың табиғи-шаруашылық жүйесінің ерекшеліктерін жаңаша неғұрлым жоғары деңгейде түсінуіне және қоршаған ортада дұрыс бағдар жасауына, оқушылардың географиялық объектілер мен құбылыстарға біртұтас көзқарастарының қалыптасуына жағдай жасайды.

География – өте қызықты, ерекше жан-жақты пән. Бұл пәннің ерекшелігі сол – мұнда тарих, биология, экология, физика, дүниетану, астрономия, сурет (сызу) бәрі де қамтылады. Бұл пәнді оқытудың өзіндік ерекшеліктері бар.

Оқушы негізгі білімді 6 сынып курсында игереді. Мұнда есептер шығару, картамен жұмыс (координаталар табу), план түсіру, масштаб есептеу, елдерді жаттау, оны картадан табу, номенклатура бәрін де оқушы осы 6 сыныпта толық меңгеріп кетуі тиіс. Осы оқушының ой-өрісінің дамуына және тиянақты білім алу үшін мұғалім әрбір география сабағын оқушымен біте қайнасып жатқан сарамандық жүйеде жүргізіп отырса, мұндай оқыту жоғары деңгейде өз дәрежесін көрсетер еді. Жаңа білімді қалыптастыруда сарамандық жұмыстарды тиімді пайдалану, ондағы берілген тапсырмаларды барынша орындату жақсы нәтиже кепілі. Күнделікті сабақ беру үрдісінде жаңа материалды оқушыға меңгерту үшін әр түрлі деңгейдегі сарамандық жұмыстарды жүйелі жүргізудің маңызы өте зор және оның ерекшеліктері:
- Кейбір амалдар мен әрекеттерді оқушылар өз бетімен орындайды

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады;

  • Оқушылардың шығармашылық белсенділігі дамиды;

  • Не істеу керек екенін мұғалім айтып тұрады, ал оқушы дереу орындайды (барлық тапсырманы мезгілінде орындаған оқушы үлгермеушілерге көмектеседі);

  • Топ оқушыларынан толықтай жауап алу;

  • Мұғалім сұрақ қоя отырып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алады;

  • Білімі төмен оқушылармен жеке жұмыс істеу мүмкіндігі ;

  • Дарынды оқушыларға өз бетімен жұмыс істеуге толық мүмкіндік береді;

  • Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексере алады;

Физикалық географияның бастауыш курсында карталарды пайдалану мүмкіншілігі өте зор. Себебі оқушылар картаны ең алғаш меңгеріп, толықтай сабақты картамен жұмыс жасау арқылы жүзеге асырады. Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі.
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навигациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инженерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады.

Тақырыптық- күнтізбелік жоспар

«Физикалық география»

6 сынып, 51 сағат

Тақырып

Сағат саны

мерзімі

Демонстрации

Сарамандық жұмыс, экологиялық және аймақтық компонент, ескерту

Кіріспе

2










1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

1




географияның құрылымы, географиялық білім көздері.




2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?

1




Экскурсия № 1.Өлкетану муражайына саяхат.

Жер - Күн жүйесінің планетасы

4










3.Жердің Күн жүйесіндегі орны

1










4.Жердің пішіні мен мөлшері

1










5.Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айналуы және оның географиялық мәні.

1










6.Бақылау жұмысы №1

Тест сұрақтары



1










План және карта

6










7.Жергілікті жерде бағдарлау. Азимут.

1




географиялық карталар , глобус

Жергілікті жерде бағдарлау. / сурет, кесте/






8. Жергілікті жердің планы

1







9. Глобус. Глобустан картаға көшу.

1







10. Түрлі карталарда меридиандар мен параллельдердің бейнеленуі.

1







11.Карталарды мазмұны мен масштабына қарай жіктеу.Ұсақ масштабты жалпы геогрпафиялық карталарда жер бетінің бейнелену ерекшеліктері

1







12.План және географиялық картаның ұқсастығы және айырмашылығы.

Практикалық жұмыс №1

«План және карта»



1







Жергілікті жерде бағдарлау.

Географиялық координат анықтау қ Астана, Алматы, Семей, Өскемен.



Жер қабықтары

29










Литосфера

9










13. Жердін құрылысы, материктік және мұхиттық жер қыртысы

1




геохронологиялық кесте, тектоникалық карта, гипсометриялық карта




14. Литосфералық такталар Жердің сейсмикалық аудаңдары.

1







15. Жер кыртысын түзетін тау жыныстары

1







16. Жер қыртысының қозғалысы, жер сілкіну.

1







17. Жанартаулар, ыстық бүлақтар, гейзерлер

1







18. Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөліну. Таулардың пайда болуы. қатпарлы және қатпарлы-жакпарлы таулар.

1







19. Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі

1




ШҚО-ның, Қазақстанның жер бедері

20. Мухит түбіндегі таулар мен жазықтар

1







21. Практикалық жұмыс № 2

«Литосфера»



1







Жердін ішкі құрылысы

Табиғи құбылыстарын сипатта



Атмосфера

9










22. Атмосфераның құрамы және құрылысы.

1



Жердің


климаттық картасы видеофильм, СД




23. Ауаның температурасы. Атмосфералық қысым

1







24. Ауадағы су буы. Тұман және бұлт

1







25. Атмосфералық жауын-шашынның таралуы

1







26. Жел

1







27. Ауа райы.

1




ШҚО - ның ауа райы

28. Жердің Кұнді айнала қозғалысының Жер бетіне жарық пен жылу таралуына әсері. Жылу белдеулері

1













29. Климат. Жердің климаттық белдеулері . Климаттық карта.

Практикалық жұмыс № 3

«Атмосфера»



1




Қазақстанның, ШҚО- ның климаты.

Климаттық белдеулерге сипаттама беру



30.Бақылау жұмысы №2

Тест «Литосфера және атмосфера »



1










Гидросфера және дүниежүзілік мұхит

9










31. Гидросфера туралы үғым.

Дүниежүзілік су айналымы



1




Физикалық карта , мұхиттар картасы .

Видеофильм, СД






32. Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері

1







33. Мұхит суының температурасы мен тұздылығы

1







34. Мұхит суының қозғалысы Мұхит ағыстары Мұхиттағы тіршілік

1







35. Өзендер

1







36. Көлдер

1







37. Жер асты суы

1







38. Мұздықтар және олардың маңызы Жер беті суларын қорғау

1







39. Практикалық жұмыс № 4

«Гидросфера және дүниежүзілік мұхит»



1




Дүниежүзілік мұхиттың тереңдігін анықтау

Биосфера

3










40. Биосфера туралы ұғым. Тірі организмдердің алуан түрлілігі және таралу

1




Гербарий, . Өсімдіктер және жануарлар картасы




41. Тірі ағзалардың жер қабықтарына әсері

1







42. Бақылау жұмысы №3

Тест «Гидросфера және биосфера ».



1







Географиялық қабық

6










43. Географиялық қабық- Жердің ерекше кешенді қабығы

1










44. Географиялық белдеулер мен зоналар. Экваторлық және субэкваторлық белдеулер

1










45. Тропиктік және субтропиктік белдеулер.

1




Видеофильм, СД. Табиғат зоналары картасы, топырақ картасы, мұхиттар картасы




46. Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер. Таулардағы биіктік белдеулер

1







47. Практикалық жұмыс № 5.

«Географиялық қабық»



1




Климаттық диаграммалар жасау, оларға анализ беру

Жер бетіндегі адамзат және мемлекеттер

4







48. Жер бетіндегі халықтар. олардың таралуы. Нәсілдер

1




Дүние жүзінің саяси картасы , халықтар картасы

видеофильм, СД.






49. Қазақстан әлем картасында.

1







50. Практиткалық жұмыс №6

«Жер бетіндегі адамзат және мемлекеттер»



1







51. Табиғатқа экскурсия №1

Жалпы қорытынды қайталау



1




Жергілікті жердің табиғатымен танысу

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет