Сабақ "Менің отбасым"



Дата04.07.2018
өлшемі21,6 Kb.
түріСабақ
КММ «Красносельск БМ»


Ашық сабақ

"Менің отбасым"

Жумадилова Г.О.

2017-2018 оқу жылы


Сабақтың  тақырыбы:  «Менің  отбасым»

Сабақтың   мақсаты:  балалардың  бойында отбасы жөнінде түсініктері арқылы жан- жақты  дамыған р рухани адамгершілігі  мол  тұлғаны қалыптастыру

 Сабақтың   міндеттері:

- Балалардың бойында «Отбасы» , отбасындағы қарым қатынасы,  өзінің  орны, міндеттерін   білуге үйрету;

- Балаға өз отбасындағы жылы қатынастарды көруге,   әдет – ғұрып менгерту;

- Өзіне деген, отбасына деген сыйластық, махаббат, құрмет, достық, қайырымдылық, мейірімділік, қамқорлық сезімдерін  ояту;

Қолданылатын әдіс – тәсілдері: әңгіме, сто, сұрақ – жауап, сигналды  карта

Көрнекі  құралдар: шанырақ, үйдің  суреті, отбасы  мүшелері, фишкалар



Үлестірмелі құралдар: Отбасыға не қажет? (махаббат,  сыйластық, құрмет, сенімділік, достық, т.б.) кесінді суреттері, желім, майшам ойыншықтармен.

Сабақтың  барысы:

      I.            Шаттық  шеңбері

Балалар шеңберге тұрып, «сиқырлы қапшыққа»  бүгінгі сабаққа қажетті көніл күйлерге толтырып, бүгінгі  сабағымыздың  рецептін  жинастырып салып қоямыз!

   II.            Әңгіме  «Отбасы жайында» (прича)

        Әлия  деген   5  жасар  қыз бала-  балалар үйінде өмір сүріпті. Әлия сонда ұйықтап, сонда тамақтанып, сонда сабақ оқып, онда ойнап  жүрген екен. Бірақ,  Әлия арқашанда таңертен тұрысымен терезеге карап, қандай жыл мезгілі  екенін қарайды екен.  Себебі, ол Жаңа жыл мерекесін сағына күттеді. Бір күні әдеттегідей тұрып, терезеге қараса,  даланың барлық беті  аппақ түспен боялған екен. Сонда Әлия сондай қуанып, жастығының астынан бір қорапты алып шығады да, тәрбиеші апайына апарып мына қорапты аяз атаға тездетіп жеткізуін өтінеді екен.

 

-           Қалай ойлайсындар неге?



-           Ол қораптың ішінде не бар екен?

-           Ол аяз атадан жаңа жылға нені сұрапты?

-           Ендеше, қазір ашып көреміз.............

БІЗДІҢ ОТБАСЫМЫЗ

-            Сонда отбасы деген не?     

-            Оған кімдер жатады?

-            Дұрыс, ол ата, әже, ана, әке, аға, қарындас т.б  

-            Олардың  отбасындағы орны қандай?

-            Олар сендерге кім болады?                                       

-            Сендердің  жүректерінде алатын орны қандай?

-            Оларды қалай силап, құрметтейсіндер?

-            Егер олардың біреуі болмаса не болады?

1. Сөздік жұмысы

Отбасы- семья

Ең жақын адам- самый близкий человек

Бір туған (ағам)- родной (брат)

Ақылды-умный (ая)

Көнілді- веселый (ая)

Сыпайы- послушный (ая)


2. Тіл дамыту. Сұраққа жауап бер.
ЕҢ ЖАҚЫН АДАМ КІМ?

АНА
3. Үлгі бойынша сөйлесу.

 Менің атым .................... .

Бұл- менің ................... .

Отбасымда ........ адам бар.

Олар : ........., .............., ................., ..................., және ................. .
4. Айтылым

Әжемнің

Атамның

Анамның АТЫ _________

Менің Әкемнің

Ағамның

5.Оқылым

Бұл –Қанаттың отбасы. Бүгін демалыс күні. Оның атасы газет оқиды. Оның әжесі тамақ пісіреді. Оның анасы үй жинайды. Оның әкесі сурет салады. Оның ағасы шахмат ойнайды. Оның қарындасы сөзжұмбақ шешеді.



6. Жазылым. Керекті сөз тіркестерін жаз.

Бұл –Қанаттың отбасы. Бүгін демалыс күні. Оның атасы .............. ........ . Оның әжесі .............. ........... . Оның анасы .............. ......... Оның әкесі ................. ........... Оның ағасы ............... ............. Оның қарындасы ............. .............. .



Керекті сөздер: Теледидар көру, сурет салу, үй жинау, шахмат ойнау, сөз жұмбақ шешу, тамақ пісіру.

Ш. Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай бөбектер



Үлкен болып өседі.
IV. «Бақытты   отбасы  болу үшін  не қажет?»  Сабағымызды  бекітеміз. Балалар қажетті  суреттерді   тандап алып,  оларды желімдеп  ағаштың   жан – жағына апарып  жапсырады.  «Менің  отбасым.......», «Ең бақытты отбасым» .

Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет