Сабақ Ортақ тақырып: Жанды табиғат Бөлімше: 2 Климат және ауа райы



бет15/18
Дата13.12.2019
өлшемі0,59 Mb.
#53595
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
дүниетану қмж 3 сынып[1]






мақтана ала ма? Елімізде табиғаты әсем көрнекті жерлер, адам қолымен тұрғызылған мәдени, заманауи ескеткіштер өте көп. Суреттердің қайсысы табиғи көрікті жерлерге, ал қайсысы тарихи және мәдени нысандарға жатады?

(Ұ, Ж) Сабағымыздың тақырыбы «Туристің қайда саяхаттағаны дұрыс?»

Сабақтың мақсаттарын анықтайық:



  • Қазақстанның тарихи-мәдени және табиғи туристік нысандары жайлы білеміз;

  • Қазақстанның ең тартымды туристік нысандарының рейтингісін құрастыруды үйренеміз.

Оқушылар:

Бурабай шипажайы және Шарын каньоны – табиғи көрікті жерлер, ал қалғандары мәдени және тарихи ескерткіштер.



суреттері

Жаңа сабақ



Мұғалім: Саяхатымыздың бағытын таңдап алайық. Оқушылардың әңгімесін тыңдаймыз және оларға көмектесуге тырысамыз.

Оқулықтағы мәтінді оқу (тапсырмаға дейін).

Электронды қосымшадан слайд-презентацияны көру (тапсырмаға дейін).

(Т) Топта жұмыс жасау

1. Бес топқа бөліну: Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстан.



Топтарға тапсырма

  1. Ғаламтор ресурстарын қолданып, Батыс, Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік және Орталық Қазақстандағы туристік нысандаp туралы жарнама плакаттарын дайындаңдар.

  2. Саған ұнаған кез келген туристік нысанды таңда және жарнама кітапшасын жаса. Буклеттің мазмұнында:

  • атауы

  • нысанның түрлері (иллюстрациялар, суреттер)

  • жарнама ұраны болсын.

Оқулық Электронды қосымша


Ватман, маркерлер, Қазақстанның аймақтары туралы үлестірме материал






Мұғалімге арналған ақпарат

Батыс Қазақстанның туристік нысандары:

  • Орда кенті – Бөкей хандығының орталығы;

  • Бекет ата жерасты мешіті;

  • «Хан ордалы Сарайшық» мемориалды кешені;

  • Ақтау қаласындағы Каспий теңізі және оның жағалауы.

Шығыс Қазақстанның туристік нысандары:

  • Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-мұражайы;








  • Қатонқарағай ұлттық табиғи паркі;

  • Семей қаласы;

  • Қозы Көрпеш - Баян сұлу кесенесі.

Солтүстік Қазақстанның туристік нысандары:

  • Астана қаласы;

  • Бурабай шипажайы;

  • Баянауыл ұлттық саябағы;

  • Сырымбет ауылындағы Шоқан Уәлихановтың қоныс-мұражайы.

Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның туристік нысандары:

  • Алматы қаласы;

  • Медеу мұз айдыны;

  • Шарын шатқалындағы «қамалдар алқабы»;

  • Алтын Емелдегі «әнші құм төбелер»;

  • Түрген сарқырамалары;

  • Тамғалы тас петроглифтер галереясы;

  • Отырар ескі қаласының орны;

  • Түркістан ежелгі қаласы және Қожа Ахмет Ясауидің кесенесі;

  • Тараздағы Айша-бибі, Бабаджа қатын, Қарахан кесенелері;

  • Байқоңыр ғарыш айлағы.

Орталық Қазақстанның туристік нысандары:

  • Балқаш көлінің маңындағы шипажай аймағы;

  • Сарыарқа (Солтүстік Қазақстан даласы мен көлдері).

Оқушылардың тапсырмаларды көрсетуі

Оқушылар жарнама плакаттарының негізінде Қазақстанға ойша саяхат жасайды. Ұнаған туристік нысандардың жарнама буклеттерін көрсетеді.



Дәптер

Дайын сурттер Дәптер



Тапсырманы орындау.

В. «Жұмбақтау арқылы Қазақстанға саяхат жасау»: қай туристік нысан жайлы айтылып жатыр?



Электронды қосымшадан 1-2-тапсырмаларды орындау.

Электронды қосымша



Рефлексия

Электронды қосымшадағы 3-тапсырманы орындау:

Елестетіңдер, сендер «Қазақстандағы туризмнің жеті кереметі» деген жарнама парақшасын



Электронды

қосымша






құрастырып жатырсыңдар. Қандай нысандарды парақшаға қосар едіңдер? Өзіңнің туған жеріңдегі көрікті туристік жерлерді қосуды ұмытпа.

(ҚБ) «Атқарған жұмысқа қошемет көрсету» стратегиясы.

Оқушылар сабаққа қосқан үлестеріне қарай бірін-бірі бағалайды және бір-біріне, мұғалімге өткізілген сабақ үшін алғыстарын білдіреді. Сабақты осылай аяқтау арқылы оқушылар бір- бірін сыйлау, қошемет көрсету секілді жақсы қасиеттерді бойына сіңіреді.

Менің сабақтағы көңіл күйім ... ұқсайды.

Дәптер


Үй тапсырмасы

Қазақстанның кез келген туристік нысанның әсемдігі мен пайдасы жайында шағын әңгіме

жазыңдар.



Дәптер




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану № 29 сабақ

Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі.

Бөлімше: 2.3. Табиғат жағдайлары және олардың маңызы


Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Табиғат және менің қауіпсіздігім

Оқыту мақсаты:

3.2.3.2 геологиялық және табиғи-климаттық апаттар туындаған жағдайдағы өзін-өзі ұстау ережелерін

құрастыру.



Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • табиғат катаклизмдерінің не екендігін білетін болады;

  • төтенше жағдай кезіндегі қауіпсіздік техникасының қағидаларын сақтайтын болады.

Көптеген оқушылар өзінің жеке қауіпсіздігіне және айналасындағы адамдардың қауіпсіздігіне саналы түрде және жауапкершілікпен қарайтын болады.

Кейбір оқушылар:

  • өзінің тұрып жатқан аймағында қандай төтенше жағдайлар орын алуы мүмкін екендігін зерттейтін болады;

  • төтенше жағдай кезіндегі өзін-өзі ұстау қағидаларын құрастыратын болады.

Тілдік мақсат

Оқушылар табиғатта немесе қоғамда төтенше оқиға болған кезде тез ұғынып, дұрыс әрекет ететін болады.

Пәндік лексика және терминология:

Табиғат катаклизмдері, төтенше жағдайлар, қауіпсіздік техникасы.



Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.





Аман қалудың, тірі қалудың басты постулаты – кез келген, ең қиын жағдайлар кезінде адам өз денсаулығы мен өмірін сақтай алады және сақтауға міндетті.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • «Төтенше жағдай» сөз тіркесінің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Төтенше жағдайлар министрлігі дегеніміз не?

  • Төтенше жағдайлар кезінде өзіңді қалай ұстаған жөн?

Хат:

шумақ құрастыру.



Алдыңғы білімдер

Табиғат құбылыстары

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, бізді қоршаған орта, мәселен, жан-жануарлар, өсімдіктер, өзен-көлдер, таулар, Жер, Күн, Ай, Жұлдыз және басқа да аспан денелері, сонымен қатар, табиғи құбылыстар, жауынның жауғаны, найзағайдың ойнағаны, желдің соққаны, бәрі-бәрі

табиғатты құрайды. Демек, табиғаттың да жаны бар. Ол да дем алады. Бүгін біз сабағымызда табиғатта болатын төтенше жағдайларды сөз ететін боламыз. Сабағымызды бастаймыз.

Өмір – адамға берілген баға жетпес қымбат сый. Өмір сүру құқығы барлық адамға бірдей беріледі, бірақ оны мәнді, мағыналы және бақытты қылып өткізу әр адамның өзіне

байланысты. Алайда біз алдымызда не күтіп тұрғанын, қандай қауіпті жағдайлар боларын білмейміз. Қай заманда да адам өз өміріне төнген түрлі қауіптермен, мысалы, табиғат

катаклизмдері, түрлі ауру-індеттер және басқа да қауіптермен аман қалу мақсатында күресіп келген.

Ұлы суретшілер табиғаттың сұрапыл күшіне таңдана, тамсана отырып, өздерінің шығармаларында дүлей апаттарды керемет бейнелеген.

«Виртуалды экскурсия»

– Осы құбылыстарды бір сөзбен қалай атауға болады? (Табиғи апат)


Табиғат


дыбыстарының аудиожазбасы

И. Айвазовский, У. Тернер, И. Левитан суреттерінің көшірмелері




Жаңа сабақ

Оқулықтағы «Талқылау» тапсырмасы бойынша жұмыс жасау.

Мұғалім: «Төтенше жағдай» сөз тіркесін қалай түсінеміз?

Төтенше жағдай дегеніміз – көптеген адамдарға қатер төндіретін қауіп. Берілген

анықтаманы оқушылар талқылайды, қаншалықты дәл берілгендігі жайында өз ойларын айтады, қажет болса өзгерістер мен толықтырулар енгізеді. Төтенше жағдайлар табиғи, техногенді және экологиялық болып бөлінеді. Біз сендермен табиғи төтенше жағдайлар жайын сөз ететін боламыз.

– Адам өміріне қауіп төндіретін апат түрлерін атаңдаршы (жер сілкінісі, дауыл, сел, өрт және т.б.).

Ж. Оқулықтағы тапсырманы орындау.

Берілген тапсырмамен жұмыс жасау.

Мұғалім: Төтенше жағдайлармен қарапайым адам бір өзі күресе ала ма?

Төтенше жағдайлар кезінде тез арада көмекке келетін адамдардың мамандығы қалай аталады, кім біледі? Қандай төтенше жағдай болмасын, мысалы, өрттің шығуы, селдің жүруі, жер

сілкінісі орын алуы кезінде біз тек қана сол адамдардың көмегіне жүгінеміз. Олар

құтқарушылар деп аталады.
Құтқарушылар дегеніміз – арнайы білім алған, түрлі дайындықтан өткен, төтенше оқиға орын алған жерде адамдарға көмек көрсетуге арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталған құтқару қызметінің адамдары.

Кез келген жағдайда құтқарушылар көмекке бірінші болып келеді. Олар – басқа да

мамандықтардың, атап айтсақ, дәрігер, барлық санаты бар жүргізуші, өрт сөндіруші, сүңгуір, альпинист, кинолог, механик, газ-электр дәнекерлеушінің дағдыларын үйренген, бойына

жинаған әмбебап мамандар. Құтқарушылар үнемі дайындық жағдайында отыратын және қандай да бір жазатайым оқиғаға байланысты дабыл қағылса, жедел түрде қимылдап, көмекке ұмтылады.



Егер адам денсаулығына, өміріне қауіп төндіретін жағдайларға кезігіп жатсаңдар, дереу құтқару қызметінің бірегей 112 нөміріне қоңырау шалу жеткілікті. Қоңырау шалынған соң білікті маман бірнеше секундтың ішінде көмекке кімді жіберу керек екендігін

анықтайды. Сонымен қоса, құтқарушылар өз жұмысын қалай атқарды, дер кезінде көмек көрсете алды ма деген мәселелерге бақылау жүргізеді.
– Төтенше жағдайға тап болған адамдар өздерін қалай ұстау керек, қалай ойлайсыңдар?

Оқулық

Слайд


Оқулық Дәптер

Дәптер Теледидар

жаңалықтарын көру

Телефон
Түрлі-түсті суреттер


Оқулық Слайдтар Дәптер





(Т) Берілген тапсырманы орындау. Жаппай тексеру. Мұғалім төтенше жағдай кезінде қандай дұрыс әрекеттер жасау керектігін түсіндіріп береді.

Қазақстан жерінде жиі болатын табиғи апат.

Жер сілкінісі дегеніміз – жерасты дүмпуі күштерінің әсерінен Жердің беткі қыртысының тербелуі. Бұл апат түрін барлық адам біледі десек те болады. Бәлкім, кейбіреулері оның куәсі болуы да мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде орналасқан биік таулар аймағы сейсмикалық қауіпті аймақ болып табылады. Мұнда жер сілкінісі жиі қайталанып тұрады. Осындай табиғат апатының жақындап келе жатқандығын халыққа алдын ала ескерту үшін Сейсмология институты жаңа технологияларды пайдалану арқылы күнделікті жерасты дүмпуін зерттеп отырады.

Жер сілкінісінің адам өміріне тигізетін зардабы мол. Апат кезінде үйлер, ғимараттар қирауы, өрт шығуы мүмкін. Біздің тұрып жатқан үйлеріміздің материалы әртүрлі. Сондықтан олардың жер сілкінісіне беріктігі де әрқилы дәрежеде болуы мүмкін. Ағаштан және бөренеден тұрғызылған үйлер ең қауіпсіз болып табылады. Кірпіштен және панельден салынған

үйлердің беріктігі құрылыс материалы мен пайдалану жағдайларына байланысты. Әйнектелген ғимараттар жерасты дүмпуі болса, әйнек сынықтарының сынып, шашылуымен өте қауіпті. Ол жағдай сыртта тұрған адамға да қатер төндіреді.



Оқулықтағы «Жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекеттер» тапсырмасы

Ұжымдаса отырып, Жадынаманы құрастыру.

Ғимараттың теңселуін сезсеңдер, үдеп келе жатқан гуілдің және сынған әйнектің дыбысын естісеңдер, үрейге берілмеңдер, тез арада ғимараттан шығыңдар. Далада болған кезде ғимараттың жанында тұрмаңдар, ашық алаңға өтіңдер. Егер еріксізден ғимарат ішінде қалып қойсаңдар, қауіпсіз жерге, мәселен, ішкі қабырғаға, бұрышқа, ішкі қабырға ойығына немесе көтергіш тірек астына тұрыңдар. Егер мүмкіндік болса, үстелдің астына тығылыңдар, терезелер мен ауыр жиһаздардың қасынан аулақта болыңдар. Егер үйіндінің астында қалып қойсаңдар, жағдайға қарап, аяқ-қолдарыңды қимылдатып көріңдер. Егер қан кетіп жатса, қолдағы бар құралдармен оны тоқтатуға тырысыңдар. Ыңғайланып алып, денсаулыққа зиян келтіріп тұрған өткір, үшкір қалдықтардан құтылыңдар. Босқа айқайламауға тырысыңдар.

Одан гөрі металдан жасалған бұйыммен плитаны тақылдатқан жақсы. Жақын маңнан адамдардың дауысы естіліп жатса, көмек сұрау керек.

(Ө) Берілген тапсырманы орындау.

Орындалған жұмысты жаппай көрсету.



(Т) Жағдайды іс жүзінде көрсету. Карточкалар бойынша.








1 карточка

Жер сілкінісі кезінде сендер үйде немесе мектепте болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?

2 карточка

Сел кезінде үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?

3 карточка

Өрт кезінде сендер үйде болдыңдар. Іс-әрекеттерің қандай болады?



Карточкалар. А3 парақтары, маркерлер, тақта



Рефлексия

Мұғалім: Сендер ешқашан адам өміріне қауіп келетін жерлерде болмайсыңдар және табиғи апаттарға тап келмейсіңдер деп үміттенгіміз келеді. Алайда сондай жағдайлар болып

жатса, ең бастысы, сабырлық сақтаңдар және сабақта айтылған барлық нәрселерді еске түсіріңдер.

«Мен Құтқару қызметіне қоңырау соғамын» рөлдік ойыны және берілген тапсырманы

орындау.


Дәптер

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы «Топпен жұмыс жасаймыз» тапсырмасын үлкендердің көмегімен Ғаламтор ресурстарын және қосымша әдебиеттерді пайдалана отырып орындауларыңа болады.

Оқулық Дәптер




Мектеп:

Мұғалімнің аты-жөні: Сынып:



Пән: Дүниетану № 30 сабақ

Ортақ тақырып: Су – тіршілік көзі. Бөлімше: 1.4 Денсаулық және қауіпсіздік.



Күні:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Тақырып:

Табиғи ортада қандай қауіп-қатерлер бар?

Оқыту мақсаты

3.1.4.3. түрлі дереккөздер негізінде табиғи ортадағы қауіп-қатерлерді анықтау және бағалау.

Сабақтың мақсаты (Күтілетін нәтижелер)

Барлық оқушылар:

  • күнделікті өмірде қауіп төндіретін жағдайларды қарастыра алатын болады;

  • көмек көрсету қызметінің телефон нөмірлерін білетін болады.

Көптеген оқушылар:

  • төтенше жағдай кезінде өмір мен денсаулықты сақтап қалуды қамтамасыз ететін іс-әрекеттерді білетін болады;

  • алғашқы көмек көрсетудің әдістерін білетін болады.

Кейбір оқушылар:

  • қауіп-қатердің түрлерін, нысандарын және шығу көздерін анықтай алатын болады;





– төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттің жоспарын құрастыра білетін болады.

Тілдік мақсат

Оқушылар өз пікірін білдіре алады және оны дәлелдей алады.

Пәндік лексика және терминология:

Қоршаған орта, төтенше жағдайлар, қажетті телефон нөмірлері.



Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.

Кімде-кім біреудің өмірін құтқарса, ол бүкіл әлемді құтқарады. Табиғат мұқият атқарылмаған іс-әрекеттерді, қателіктерді кешірмейді. Ралф Эмерсон



Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіп-қатер қайдан төнуі мүмкін?

  • Төтенше жағдай болғанда қандай нөмірлерге қоңырау шалу керек?

  • Алғашқы көмекті қалай көрсету керек?

Хат:

Қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кездегі жасалатын іс-әрекеттердің жоспарын құрастыру.



Алдыңғы білімдер

Табиғи ортадағы менің қауіпсіздігім

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, күнде ұйқымыздан оянғанда бізді жаңа күн, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрады. Күн атып, бүкіл әлемге өзінің сәулесін шашады. Біз одан қуат алып, күнімізді

бастаймыз. Әркім күнделікті ісімен айналысады. Алайда әр күніміз ойдағыдай өте бермейді. Себебі айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар. Осы жайында сөз етпестен бұрын «Леопольд мысықтың жазы» мультфильміндегі «Бұл жағымсыз жағдайдан да өтеміз» әнін тыңдап алайық.

– Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен сабағымызды осы әнмен бастап отырмыз? (Бізді

көшеде түрлі жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Бұл әнде сол жағдайлар туралы айтылады).
Мұғалім: Біздің айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар және кез келген уақытта олар

өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Қоршаған ортадағы кез келген нәрсе адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Алайда біз ол қауіп-қатерлерді алдын ала көре және сезе алуды, сонымен қатар, оны болдырмау жолдарын қарастыруды үйреніп жатырмыз. Халық даналығында

«Сақтансаң, сақтайды!» деген сөз бар.

– Қауіп-қатер сөзін естігенде көз алдарыңа не келеді?


Аудиожазба

Тақта



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет