Сабақ Өсімдік клеткаларының қосылыстарды қабылдауы. 1-жұмыс


-жұмыс Клеткадағы осмос құбылысы. Плазмолиз және деплазмолиз



бет3/45
Дата17.02.2022
өлшемі89,78 Kb.
#132199
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Зертханалық жұмыс
УМК Саясаттану және әлеуметтану - для студентов, 0, Musabekov UBT
3-жұмыс
Клеткадағы осмос құбылысы. Плазмолиз және деплазмолиз.
Қажетті құрал -жабдықтар: клетка шырынында антоцианы бар пияз,азот қышқыл калий, скальпель, микроскоп, сорғыш қағаз, заттық және жабын шынылар, препараттық ине.
Жұмыс барысы: Бұл жұмысты орындау үшін клетка шырынында антоцианы (бояуы) бар пияздан скальпельмен өте жұқа кесінді алып, оны шынының үстіне салып, үстіне бір тамшы су тамызып жабын шынысымен жауып микроскоппен бақылаймыз. Бақылау кезінде клетка ішіндегі антоцианы біркелкі жайылып, клетка қабықшасымен жанасып тұрғанын көреміз. Көріністі дәптерге салып болғаннан соң, препаратты микроскоптан алмай жабын шынының бір жақ шетіне 1М азотқышқыл калий ертіндісін тамызып, жабын шынысының екінші жағынан сорғыш қағазымен суын сорғызамыз. Осылайша 1М азотқышқыл калий ертіндісін 2-3 рет тамызып, жабын шынысының екінші жағынан сорғызып, суын 1М азотқышқыл калий ертіндісімен толық алмастырамыз. Енді микроскоппен бақылағанда клетка цитоплазмасы клетка қабықшасынан алыстай бастағанын көреміз. Клетка цитоплазмасының қашықтауы клетканың барлық төңірегінде бірдей болмауы мүмкін. Клетка цитоплазмасының судан айырылып, клетка қабықшасынан алшақтауын плазмолиз дейді. Протоплазманың клетка қабықшасынан ажырамаған жеріндегі жіңішке мөлдір плазмалық жіпшелер протоплазманы ұстап, қашықтауына кедергі жасайды. Плазмолизденіп тұрған препараттың азотқышқыл калий ертіндісін жоғарғыдағыдай сумен алмастырсақ, цитоплазма тез су қабылдап, клетка қабықшасымен жанасқан қалпына келеді, бұны деплазмолиз дейді. Клетканың плазмолизденіп тұрғанын дәптерге түсіру керек.
Пысықтау сұрақтары: Плазмолиз кезінде клеткада осмостың қай түрі өтуде? Ал деплазмолиз кезінде осмостың қай түрі өтуде? Клетка қалайша осмометрлік қызмет атқарады? Плазмолиз және деплазмолиздің анықтамасын келтіріңіздер.


2 зертханалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет