Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты



бет3/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат
0015586d-165f4319, Реферат
Сабаққа қойылатын талаптар

Дәстүрлі сабақ

Қазіргі сабақ

Мақсаты мен міндеттердіхабарлау

Оқушылар нені үйрену керек екенін мұғалімхабарлайды

Білетіні және білмейтінін анықтау

арқылы оқушылар өздері анықтайды



Сабақтың тақырыбын

хабарлау


Мұғалім оқушыларға хабарлайды

Оқушылар өздері қалыптастырады

Жоспарлау

Мақсатқа жету үшін оқушылар

қандай жұмыс істейтіндерін мұғалімхабарлайды



Белгіленген мақсатқа жетудің жолдарын оқушыларжоспарлайды

Оқушылардың практикалық әрекеттері

Оқушылар практикалық

жұмыстарды мұғалімнің басқаруымен орындайды (көбінесе іс-әрекетті ұйымдастырудың

фронталдық түрі қолданылады)


Оқушылар оқуды белгіленген жоспар бойынша жүзеге асырады (жеке, топтық әдістер қолданылады)

Бақылауды жүзеге асыру

Мұғалім оқушылардың

практикалық жұмысты орындауларына бақылаужасайды



Бақылауды оқушылар өздеріжүзеге

асырады (өзін-өзі бақылау, бірін- бірі бақылау)



Түзетулерді жүзеге асыру

Мұғалім жұмыстың орындалу барысында түзетулер жасап отырады

Оқушылар қиындықтарды өздері анықтайды және өздігінен жүзеге асырады

Оқушыларды бағалау

Оқушылардың орындаған жұмыстарын мұғалім сабақ барысындабағалайды

Оқушылар жұмыстарын нәтижесіне қарай бағалайды (өзін-өзі бағалау, сыныптастарының жұмысын

бағалау)


Сабақтың

қорытындысы



Мұғалім оқушылардың естерінде

нені сақтағандарын анықтайды



Рефлексия жүргізіледі

Үй тапсырмасы

Мұғалім түсіндіріп айтады (көбінесе барлық оқушыларғабір

тапсырма беріледі)



Жеке мүмкіншіліктеріне қарай мұғалім ұсынғантапсырмалардан

оқушылар таңдап ала алады


«Қазіргі сабақ – мұғалім жаңа материалды түсінікті де қарапайым түсіндіретін сабақ».

«Қазіргі сабақ – бұл қызықты жаңа мағлұматтардан тұратын жеңіл сабақ және бұл сабақта мұғалім мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлесіп, өзара қарым- қатынас жасай алады».

«Қазіргі сабақ – бұл бір істелген жұмыс қайталана бермейтін, түрлендірілген сабақ».

«Қазіргі сабақ – оқушының айтқан кез келген ойы, ұсынысы тыңдалатын және адам адам болуға үйренетін сабақ».

«Қазіргі сабақ – өзіңді еркін сезінетін сабақ» - деп жауап берері сөзсіз. Білімнің сапалы, жоғары деңгейде болуы сабаққа байланысты, сондықтан сабаққа қойылатын талаптар да заман талабына сай өзгеруде.

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар дегеніміз оқытудың жалпы білім беру, тәрбиелеу және дамыту қызметтерін сапалы жүзеге асыруға қажетті қағидалар болып табылады. Бұл қызметтер әрбір сабақта белгілі бір дәрежеде жүзеге асырылады. Мұғалімнің жұмысында ең бастысы сабақтың білім беру,

тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шебер үйлестіре отырып осы қызметтерді басқару. Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек. Талаптарды келесі топтарға бөлугеболады:



    1. Әрбір сабақ сабақтың білім беру, дамыту және тәрбиелеу мақсатының бірлігін сақтау және оқыту процесінің маңызды заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуітиіс.

Сабақта белгілі бір тақырыпты баяндай отырып, оқушылардың ойлау, қорытынды шығару қабілетінің дамуына ықпал ету, олардың қоршаған ортаға көзқарасын, заман талабына сай қатынасын, сол қатынастар негізінде мінез- құлық дағдысын қалыптастыру, тәрбиелеу қажет. Оқушылардың қоршаған ортадағы (көпшілік орындардағы мәдениеттілік, жүктелген тапсырманы орындаудағы жауапкершілік, оларды орындау барысындағы қиындықтарды жеңе білу) тұлғалық мінез-құлқының, тұлғалық қасиеттің қалыптасуына, айқындалуына ұмтылу қажет.

    1. Әр пәндерден өтілетін сабақ дидактиканың барлық принциптеріне сай болуы, оқытудың ғылыммен және өмірмен байланысына жауап беруітиіс.

Кез-келген сабақ оқу процесінің бір бөлігі болғандықтан, сабақты өмірмен, өмірде кездесетін жағдайлармен байланыстыра білу, оқушылардың оқу процесіде алған теориялық білімдерін өмірлік тәжірибеде қолдана білу дағдыларын қалыптастыруы тиіс.

    1. Әрбір сабақ, ең алдымен, сабақтың тақырыбымен жиі ауыстырылатын анық дидактикалық мақсатпен сипатталуыкерек.

Бір тақырып бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін, осындай жағдайда бұл тақырыптың әр сабағының нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс. Оқушыларды ойлаудың түрлерімен (жіктеу, оқулықтан немесе берілген мәтіннен тапсырмаға сәйкес мағлұматты көшіру, іріктеу, қорытындылау және т.б.) қаруландыру, алған білімін өмірмен байланыстыра, өмірлік тәжірибеде қолдана білуге дағдыландыру, тақырыптағы нақты деректермен таныстыру, өзбетінше қорытынды жасау, тұжырымдама шығару дағдыларын қалыптастыру және басқа да мақсаттар болуы тиіс.

Мұғалім күнделікті сабаққа дайындалу барысында қойылған мақсатқа байланысты сабақтың құрылымын, оқу материалының мазмұнын, сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдерді, құралдарды, сабақтың әр кезеңін анықтап, жоспарлауы керек. Әр сабаққа нақты мақсат қойылмаған жағдайда, олар бір- біріне ұқсас, біржақты болуы мүмкін, ал бұл оқушылардың тақырыпты оқуға қызығушылығының жойылуына әсер етеді.



    1. Оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында сабақтың әр кезеңінде әдіс-тәсіл түрлерін қолдануқажет.

Сабақтың бір кезеңіне көп тоқталу, (мысалы, жаңа тақырыпты түсіндіру) оқушылардың тыңдау ынтасының, қызығушылығының жойылуына әсер етеді. Сол себепті әр сабақта және сабақтың әр кезеңінде оқушылардың сезім мүшелеріне әсер ететін, танымдық қызығушылығын арттыратын әдіс- тәсілдерді, іс-әрекет түрлерін тиімді өзгертуге ұмтылу керек. Мұғалім сабаққа дайындалуы кезінде сабақтың қай кезеңінде қандай әдіс-тәсіл және құрал түрлерін пайдаланатынын ойластыруы қажет. Іс-әрекет түрлерін ауыстыруда оқушылардың жас ерекшеліктері, сыныптың ерекшеліктері ескерілуі міндетті, сыныптағы оқушылардың барлығы бірдей сабақтағы іс-әрекеттің бір түрінен екіншісіне бірден ауыса алмайтынын ескеру қажет.

    1. Қазіргі сабаққа қойылатын талаптардың келесі түрі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызмет – жаңа білімнің меңгерулеріне ықпал етеді. Ол сырттай, яғни мұғалімнің дауыс ырғағынан, қол сілтеуінен, қозғалысынан байқалуымүмкін.

Оқушылар сергек болуы үшін сабақ эмоционалды болуы тиіс, бұл олардың белсенділігін, қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Сабақта әртүрлі проблемалық жағдайларды пайдалану да эмоционалды жағдай жасайды, оқушылардың танымдық қызметін арттырады.

    1. Әр сабақта оқушылардың білімдерін есепке алу жүргізілуікерек.

Сабақта тұрақты кері байланыс болған жағдайда оқыту үдерісінің тиімділігі артады. Мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру деңгейін сабақтың әрбір кезеңінде біліп отыруы тиіс, себебі осы деңгейдің үздіксіз өсіп отыруына жағдай туғызуға ұмтылуы керек. Сабақ барысында мұғалім барлық оқушылардан сұрауға мүмкіндігі болмайтындықтан, алынған білімді бақылаудың түрлерін пайдалануға болады. Бақылаудың түрлері: жазбаша тапсырмалар, тесттер, сұрақтарға жазбаша жауап беру т.б., бұл мақсатты жүзеге асыру үшін (егер мүмкіндік болса) әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды пайдалануға болады, себебі олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға, көруге мүмкіндік береді. Оқушының сабақта меңгерген білімін бағалау үшін, ең бастысы мұғалімнің байқағыштық қасиетікерек.

    1. Кез келген пәннің әрбір сабағы өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, жетістіктерімен ерекшеленуікерек.

Әрбір өткен сабақ мұғалім мен оқушыға алға басушылық сезімін туғызуы, меңгерілген білім көлемінің өсуін және сапасын қамтамасыз етуі керек. Білім, білік және дағдының өсуі қанағаттану сезімін туғызады, сонымен бірге оқушының оқуға деген белсенді көзқарасына ықпал етеді. Әрбір сабақ оқыту үдерісінің аяқталған бөлігі болуы тиіс.

    1. Әр сабақта жүйелі қайталаудың элементтері болуытиіс.

Жаңа тақырып алдында оқылған, меңгерілген материал, яғни қайталау тұрғысынан қарастырылуы керек. Мұғалім жаңа материалды баяндағанда оны алдыңғы өткен тақырыппен байланыстырып, оған сүйенуі керек. Бірақ өтілген оқу материалын қайталаудың барлығы бірдей тиімді бола бермейтінін де ескеру қажет және қайталау өткенді жаттап алып айтуға алып келмеуі тиіс.

    1. Әрбір сабақ техникалық жағынан сәйкес, ыңғайлы жабдықтармен және дидактикалық қамтамасыз етілуікерек.

Оқушының танымдық әрекеті эмоционалдық қабылдауынан басталады. Сондықтан, мұғалімнің сабаққа дайындалу барысында тақырыпқа сәйкес көрнекі, дидактикалық құралдарды ойластырып және дайындауы тиіс, ал олардың тиімділігі оқытудың нәтижесінен көрінеді. Көрнекілікті орынды және тиімді пайдалану қажет.

    1. Кезкелгенпәнніңәрсабағыөткенжәнеалдаөтетіноқуматериалымен

байланысты болуы тиіс.

Кез келген сабақ бұрын өткен немесе болашақта өтілетін сабақтардан ерекшелендіріліп қарастырылмауы керек, ол пән сабақтарының жалпы жүйесінің бір буыны болуы керек. Мұғалім өз пәнінен сабаққа дайындалу барысында өткен сабақты жақсы елестетіп, жаңа материалды мүмкіндігінше оқылған материалмен байланыстыруы, сонымен қатар алдағы сабақтың құрылымы мен мазмұнын ескеруге тырысуы тиіс. Бұл әсіресе еңбек жолын енді бастаған жас мамандар үшін маңызды. Мұғалім кез келген сабақта оқушылардың білімін қалыптастыра отырып, алдыңғы (келесі) сабаққа негіз қалауға міндетті.



    1. Сабақтың барлық уақытын барынша табысты, тиімді пайдаланукерек.

Мұғалім сабаққа дайындалғанда 45 минутта істелетін жұмыстарды ұйымдастыру жолдарын жоспарлауы тиіс. Сыныптың бір де бір оқушысы мұғалім назарынан тыс қалмай, оқу материалына сәйкес тапсырмалармен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуін қарастыруы тиіс. Сабақта қолданылатын техникалық және көрнекі құралдарды алдын-ала дайындап, тексеруі тиіс.

Сабақтың дәстүрлік құрылымын (сұрау, түсіндіру, бекіту) ұстанғанның өзінде де жұмыстың бір түрінен келесісіне ауысқанда уақытты жоғалтуға алып келеді. Сондықтан жұмыстың бір түрінен екіншісіне көшуді оқушылар байқамай, елемей қалатындай етіп ойластыру керек.

Сабақ барысында оқушылардың тәртіп бұзушылық, сабаққа кешігу, сабақты босату себептерін анықтауға уақыт жібермеуге тырысу қажет, бұл туралы үзіліс кезінде немесе сабақтан кейін әңгімелесуге болады. Ауызша жауап бергенде оқушыларды орындарынан тұрғызбауға да болады, себебі бұл сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.


    1. Оқушылардыңбүкілсабақбойыоқуын–еңбектәртібінқамтамасыз

ету.

Алдыңғы айтылған талаптарды орындалған жағдайда сабақтағы тәртіп те

белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіледі. Мұғалім сабақтағы оқу еңбегі кезіндегі тәртіпті қамтамасыз етуі керек. Сабақтағы тәртіп оқушының оқу, білімді меңгеру ынтасына ықпал етеді, сондықтан сынып ұжымында тәртіп бұзушылыққа жол бермеу қажет.


    1. Талаптардың келесі түрі сабақ құрылымының икемдіболуы.

Мұғалім сабақтың құрылымын, нақты мақсатын ойластырды делік, бірақ сабақ жоспар бойынша өтпеген жағдай болса, оқытушы сабақтың құрылымын өзгерте, қосымша тәсілдер пайдалана, қажетті нақтылаулар енгізе білуі қажет. Тағы бір ескеретін жағдай сабаққа дайындалғанмен, бірақ ол ешқашан репетицияланбауы тиіс.

    1. Қазіргі сабақ қойылатын талаптардың бірі – сабақтың кәсіби бағыттылығы және алған білімін өмірде қолдана білуқұзыреттілігі.

Әрбір сабақтың кәсіби бағыттылығы болуы керек, бірақ ол оқу пәніне тәуелді болмайды. Оқу материалының мазмұнын мамандықтардың бір түрімен және болашақтағы өмірмен байланыстыра білу маңызды.

    1. Үй тапсырмасының орындалуы, оны тексеру жәнебағалау.

Үйге берілетін тапсырманы сынып оқушыларының барлығы орындай алатынына мұғалім сенімді болуы керек. Үйде орындауға берілген тапсырма өте қиын да болуы мүмкін, бірақ кез-келген жағдайда мұғалім үй тапсырмасының мәні неде екенін, мақсатын, оны орындауда қолданылатын негізгі ережелерді қайдан оқуға болатынын, орындалу тәртібін түсіндіруге міндетті.

Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, талдануы керек, бағалану жағдайы да қарастырылады. Үй тапсырмасына көңіл аударылмаса оқушылардың өзбетінше білуге, үйренуге деген танымдық қызығушылығы жойылады.



    1. Сабақта қолайлы моральды-психологиялық және санитарлық- гигиеналық жағдайлардыңжасалуы.

Бұл жағдайлар жоғарыда аталған сабаққа қойылатын талаптардың орындалуымен айқындалады. Кез келген пән сабағында мұғалім мен оқушылардың, сыныптас оқушылардың арасында сыйластық, түсінушілік қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін, сонымен қатар сынып бөлмесінің, жалпы мектептің санитарлық-гигиеналық жағдайын да ескеру міндетті.

Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар жоғарыда аталған талаптармен шектелмейді. Әрине, мұғалімнен әр сабақ сайын олардың барлығын орындауын талап етуге болмайды. Бірақ мұғалім бұл талаптарды білуге міндетті, өйткені ол сабақтың сапасына, тиімділігіне әсер етеді.

Сабақтың сапалы, тиімді, табысты өтуі және қойылған мақсаттарға жетуі мұғалім мен оқушының бірлесіп орындаған шығармашылықтарынан көрінеді. Мұғалімнің жұмысының мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін басқару болып саналады. Мұғалім оқушыларға бірте-бірте күрделі талаптар қоя отырып, оқушының танымдық ойының даму қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды. Яғни, қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әртүрлі түрлерін қолданады; соның көмегімен оқушының қызметіне айналатындай әртүлі әдістерді пайдаланады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет