Сабақ оқу процесінің шешуші буыны, сондықтан оқушылардың пән бойынша алған білімдерінің сапасы да ең алдымен әр сабақтың ғылыми- әдістемелік дәрежесіне және жалпы алғанда сабақтардың бүкіл жүйесіне байланысты



бет6/11
Дата11.01.2022
өлшемі62,95 Kb.
#111033
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Реферат
0015586d-165f4319, Реферат
Білім мен қызмет тәсілдерін бақылау және өзін-өзі бақылау

Білім мен қызмет тәсілдерін меңгеру деңгейі мен сапасын анықтау

Әртүрлі деңгейдегі өздік және бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, нақты ерекшеліктерді анықтауға арналған тапсырмалар, бір тапсырманы орындаудың бірнеше жолдары, қарама-қайшы деректері

бар тапсырмалар (бағалау қабілеттері)



Үй тапсырмасы туралы ақпарат

Оқушылардың жаңа материалдың мақсаты мен мазмұнын және үй тапсырмасын

орындау тәсілдерін түсінуін қамтамасызету



Үй тапсырмасын беруде үш деңгейді (стандартты минимум, жоғары,

шығармашылық) ескеру



3-кестенің жалғасы

1

2

Сабақты қорытындылау

Сыныптың және жекелеген оқушылардың жұмысына баға беру

Мұғалімнің сабақты қорытындылау бойынша хабарлауы, қорытындыны оқушылардың

өздерінің жасауы



Рефлексия

Оқушылардың психологиялық- эмоционалдық жағдайларына байланысты рефлексия жасауы, өздігінен жұмысты орындауға, мұғаліммен және сыныптастарымен қарым-қатынасқа ынталандыру

Жеделхат, аяқталмаған сөйлем, координаттар арқылы қорытынды шығару

Сабаққа шығармашылықпен қарайтын мұғалім ең алдымен сабақтың дидактикалық мақсаты мен оқу материалының мазмұнына сәйкес сабақтың алуан түрлерін алма-кезек ауыстырып өткізеді.

Біртұтас дидактикалық жүйенің оқыту үдерісіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық-жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді. Осының нәтижесінде оқушылардың білім, білік және дағдысы қалыптасады, олардың қабілеттері мен қызмет тәжірибесі, көзқарастары дамиды, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Сабақ, бір жағынан, тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім осы талаптарды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту үдерісінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретіндедайындайды.

Педагогикалық үдерісті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында; мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын атқаруын ынталандырады; оқушылар сабақта тек білім, білік және дағды жүйесін ғана емес, сонымен қатар танымдық қызмет әдістерінің өзін де иемденеді; сабақ педагогикалық қызметтің мазмұны мен әдістері арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді[7].

Мұғалім сабақ оқыту кезінде бірнеше міндет қояды. Атап айтқанда, оқушыларға жаңа білім беру, олардың ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру, қызметіндегі шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру, бұрын өтілген материалды қайталау, оқушылардың үлгерімін анықтау және тәрбиелік жұмыстардың сипатын байқау. Сабақта осылардың біреуі міндет болуы мүмкін. Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұтымды үйлестіру мен ойлау қабілетін есепке алу бірімен-бірі қатар жүргізіліп отыруы тиіс. Үйлестіру мен есепке алудың бірізділігі сабақтың құрылымын анықтайды. Мектептерде ұзақ уақыт бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету және оны бекіту, соңында үйге тапсырма беру) құрылымы қалыптасқан. Мұндай типтегі сабақтардың өзіндік кемшіліктері анықталған. Шынында, мұндай сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі - мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін іс жүзінде қолданып жаттығулар орындауына уақыт аз қалады. Оның үстіне оқушылардың зейіні мен жұмыс істеу қабілетінің ең өнімді кезеңі сабақтың алғашқы 20-25 минут мөлшерінде өтеді. Ал нақ осы уақыт үй тапсырмасын сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген кезде беріледі. Сондықтан сабақ құрылымының неғұрлым тиімді жолдарын қарастырукерек.

Мұғалімнің сабаққа дайындығы өзара байланысқан екі кезеңнен қалыптасады: тақырыптар бойынша сабақтар жүйесін жоспарлау және осы жоспарлауды әр сабақта жүзеге асыру.

Тақырыптық жоспарлау сабақ жүйесінде оқу-тәрбие үдерісін және тақырып бойынша сабақтан тыс немесе оқу бағдарламасының білім беру, дамыту және тәрбиелеу қызметінің тиімді жолдарын анықтап жүзеге асыруға арналған.

Тақырыптық жоспарлаудың табысты болуы мұғалімнің оқушылар нені дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне байланысты. Сондықтан тақырыпты жоспарлау мұғалімнің пән бойынша оқу бағдарламасын, оқу стандарттарын, оқушыларды тәрбиелеу және дамыту мақсатында тақырып бойынша дидактикалық есептердің шешімін дұрыс тандауынан басталады.

Тақырыптық жоспарда сабақтың жүйелілігі, негізгі тараулары және сабақта орындалатын жұмыс түрлері, пәнаралық байланысы мен әр сабақты көрнекіліктермен қамтамасыз ету қажеттілігі көрсетіледі және тақырыптық жоспарлар үлгі ретіндеберіледі.

Жоспарлау кезеңі мұғалімнің қызметінде қандай талаптарды шешуі керектігіне байланысты стратегиялық, тактикалық және күнтізбелік, тақырыптық немесе сабақ жоспарларын жасаумен анықталады. Жоспарлауды, конспект-жоспарларды немесе конспектілерді жасау педагогтің тәжірибелігін және шеберлік деңгейін анықтайды және ұзақ жұмысты талап етеді. Ол: оқушының бастапқы дайындық деңгейін талдауды, оқыту мүмкіндіктерін әдістемелік қамтамасыз ету және материалдық базасының жағдайын, өзінің жеке кәсіби мүмкіндігін, сыныптың ұжым ретінде қалыптасуын және сабақтың дидактикалық мақсатына сәйкес нақты білім беру, тәрбие және дамыту талаптарын анықтауды, мазмұнды таңдау, сабақтағы нақты жұмыс түрін, өзінің және оқушылардың қызметін жүргізу әдістері мен түрлерін ойластыру; нәтижелерге жетудегі кездесетін қиындықтарды болжау; көрнекілік пен техникалық оқыту жабдықтарын, тарату материалдарын пайдалану тәсілдері мен орнын анықтауды; өздігінен жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруды ойластыруды; оқушылардың белсенділігін арттыру тәсілдерін, үй тапсырмаларының түрлерін жинақтайды.

Оқушылардың қызметін ұйымдастыру оқушылардың алдына оқу міндеттерін қоюдан және оны орындауға қолайлы жағдай туғызудан тұрады. Бұл ретте нұсқаулық қызметтерін бөлу, алгоритмдерді ұсыну және басқа да тәсілдер қолданылады. Қазіргі дидактика танымдық міндеттердің келесі ережелерін ұсынады:



  • танымдық міндет білім жүйесі мен мазмұн логикасы сақталуы үшін мәндік мазмұннан шығуыкерек;

  • міндеттерді орындауға нақты жағдай жасалуы үшін оқушының даярлығы мен даму деңгейі ескерілуіқажет;

  • талап өзіне ойды, елестетуді, шығармашыл принциптерді дамытуға қажетті ақпаратты жинақтауыкерек;

  • оқушының пәндік қызметін атқаруға оң мотивация жасауықажет;

  • оқушыларды тапсырманы орындауға үйрету, оларды әуелі мұғаліммен, сонан соң ұжымдық жұмыста, бірте-бірте өздігінен жеке қызмет жоспарына көшіре отырып, қажетті тәсілдермен қаруландырукерек.

Сабақ беру оқыту үдерісін үздіксіз ағымдағы бақылау негізінде реттеуді және тиянақтауды көздейді, яғни оқушының оқуы жөнінде және жеке қызметінің әдістері мен тәсілдерінің тиімділігі жөнінде ақпарат алу. Қарапайым бақылау, жазбаша және ауызша сұрақ, сыныппен және өздігінен үй жұмыстарын тексеру және басқа да әдістер мен тәсілдер түрінде атқарылатын ағымдағы бақылаудың нәтижесін мұғалім тікелей сол сабақта да, алдағы сабақтарда да ескереді. Бұл оқу жұмысының қарқынын баяулатуы немесе жеделдетуі, ұсынылатын жұмыс түрлерінің көлемін азайтуы немесе көбейтуі, материалдарды түсіндіру тәртібіне өзгеріс енгізуі, бағыттаушы сұрақтар мен қосымша түсініктемелер, қиыншылықтарды ескерту және басқалар болуы мүмкін. Мұғалім қызметінің бұл кезеңінде оқушының дербестігі мен белсенділігін ынталандыру басты орыналады.

Оқыту үдерісін ынталандыру құралдарын пайдаланып реттеу мен нақтылау тек қана жігерлендіру, оқу мүмкіндіктеріне сенімділік ұялату, болашаққа ұмтылыс сияқты бағалаудың ойлап табылған жүйесі арқылы ғана емес, сонымен қатар, әсіресе, бастауыш және орта сыныптарда бағалар жүйесін қолдану арқылы да қамтамасыз етіледі. Көптеген ынталандыру мүмкіндіктері педагогикалық қызметтің әдістері мен түрлерінде орын алады (оқу пікірталастары, конференциялар, рефераттарды талқылау, оқытудың жұптық- топтық тәсілдері, өзара тексеру және тағыбасқалар).

Оқытудың тұтастай алғандағы педагогикалық үдеріс сияқты шарықтау кезеңі педагогикалық міндеттерді шешу нәтижесін талдау болып табылады. Ол білім беру, тәрбие және даму мақсаттарының бірлескен жетістіктер, сондай-ақ оларға жету шарттары мен тәсілдері тұрғысынан іске асады. Бұл ретте қажетті нәтижеге оқушыны, сондай-ақ мұғалімді де шамадан тыс жүктеу арқылы жетуге мүмкін екендігін ескере отырып, оңтайлылық принципі талаптарынан шығу керек. Талдау оқыту кемшіліктерінің себептерін, жетістіктердің негізін анықтау, оқыту шеңберіндегі педагогикалық өзара ықпал етудіңалдағы жолдарын белгілеу керек.

Оқу қызметін қалыптастырудың соңғы мақсаты оқушының оның субъектісі ретінде қалыптасуы, оқушының мақсат қоя алатын, міндеттерді шешуге қажетті білім мен қызмет тәсілдерін өзекті ететін; өз қызметін жоспарлай алатын, жоспарды іске асыруды ықшамдауды, қол жеткізген нәтижені қойылған талаппен салыстыру, яғни сабақтың міндеттерін өздігінен атқара алатын даму деңгейіне жетуі болыптабылады.

Орынды ұйымдастырылған сабақтың құндылық, оқытушылық, дамытушылық, тәрбиелік мәні болады. Мысалы, логикалық түрде байланысқан сабақтардың ойластырылған жүйесі оқушылардың өздігінен орындау жұмысын ұйымдастыруға, интеллектуалды еңбектің білігі мен дағдысына, оны ғылыми ұйымдастыруға үйретеді. Сабақтағы мазмұнды байытылған шығармашылық жұмыс оқушының санасы мен бойында қалыпты жұмыс жағдайын қалыптастырады. Сабақ негізіндегі осындай психикалық жағдай үнемі қабылданады және барлық психикалық қасиеттердің танымдық қызметіне өнімді енгізудің басты шарты болып табылады. Сонымен қатар сабақтағы қауырт қызмет оқушыны шыңдайды, оларды еңбек сүйгіштікке, жауапкершілікке және басқа да жеке тұлғаның маңызды адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелейді.

Тәжірибелі ұстаздар әрбір сабақты, міндетті түрде барлық оқушылардың материалды игеретіндей етіп жоспарлайды. Бұл мақсаттарда мазмұнының ерекшеліктеріне, әдістердің өзгешелігіне және оқушылардың даму деңгейіне сәйкес әртүрлі сабақтар қажет. Оларда құрама сабақтың орнына жаңа білімді білдіру, білік, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту, шығармашылық жұмыстарды орындау бойынша сабақтар болады. Әртүрлі сабақтарда оқушылардың табысты ілгерілеуін ескеріп озық педагогтар ұжымдық оқыту үдерісінде оқушыларды деңгейлік тапсырмалармен қамтиды. Бұл оқушыларға әртүрлі деңгейдегі материалды игеруге, мұғалімнің басшылығымен жұмыс істеуден өздігінен оқу және өздігінен білім алуға көшуге көмектеседі.

Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, сабақтың негізгі дидактикалық құрылымы сабақтың күнделікті жоспар-конспектісінде көрсетілетінін айта кеткен жөн. Бірақ, қазіргі кезде дүниежүзілік тәжірибеде күнделікті сабақ жоспарынан тақырыпты жобалауға ауысу жүзеге асуда. Тақырыпты жобалау сабақтың технологиялық картасын әзірлеу арқылы жүргізіледі. Сабақтың технологиялық картасы – бұл әдістемелік өнімнің жаңа түрі, ол мектептегі оқу курстарының тиімді және сапалы оқытылуын, сонымен қатар мемлекеттік стандарттарға сәйкес білім бағдарламаларының жоспарланған нәтижесіне жету мүмкіншілігін қамтамасыз етеді. Технологиялық картаны қолдана отырып оқыту оқу процесін тиімді ұйымдастыруды, пәндік, метапәндік және тұлғалық біліктерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, мұғалімнің сабаққа дайындалуға кететін уақытын қысқартады [8-9].

Технологиялық картаны қолдану жобалаудың мәні ақпаратпен жұмыс жасаудың инновациялық технологияларын пайдалану, тақырыпты меңгеруі бойынша оқушыға арналған тапсырмалардың сипаттамасын беру, білім берудің болжалды нәтижелерін жобалау болып табылады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет