Сабақ. Пән: Қазақ әдебиеті. Күні: тақырыбы: Жамбыл Жабаев. Сабақтың мақсаты: а білімділік



бет4/5
Дата21.10.2022
өлшемі0,5 Mb.
#154455
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ашық сабақ Жамбыл Жабаев

"Өлең құрастыр" ойыны.
Үш топтағы оқушыларға Жамбылдың үш өлеңінің әрбір сөзін қиып беріп, қайта құрастырғызамын.
Тез және дұрыс құрастырған топқа бір ұпай беріледі.

Менің пірім - Сүйінбай,


Сөз сөйлемен сиынбай.
Сырлы сұлу сөздері
Маған тартқан сыйындай.

Қайтіп жаның ашымас,


Неткен заман қатыбас.
Еткен еңбек, төккен тер
Қалай түкке татымас,-
Батаңды маған бер, әке,
Тіліме менің ер, әке.
"Жапаның ұлы ақын боп,
Жақсы істепті"дер, әке.
Балалардың білімдерін жинақтау мақсатында «Топтастыру стратегиясы» бойынша жұмыс жүргізу.
«Үш топ өз топтарының атына тірек - сызбалар құрайды».


Жамбыл тобы:


Кенен тобы:
Сүйінбай тобы:


Баламалaқ тест өткізу.
Үш топтың жалпы жинаған ұпайларын есептейміз. Қайсы топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңген болып есептеледі.
Қорытынды. (4-5 мин)
Жамбыл жасы жұзге келіп отырғанда 1945 жылы 9 мамыр күні өзінің ең соңғы өлеңі "Жеңіс жырын" жырлаған. Бұдан азамат қартайса да, ақындық өнер, жыршылық рух қартаймайтынын көреміз.
Алатаудың өркешті ақбас шыңдарына көз жіберсек, өзі қатарлас өнерлі, дарынды ақындар арасында сол Алатаудың ең биік, ең еңселі шыңындай болып Жамбыл тұрады.
Тау мүжіледі, темір тозады, бірақ, халық мұңын мұңдаған, халық қуанышын жырлаған шынайы, көркем жыр мүжілмек те, тозбақ та емес. Жамбыл жыры – осындай жыр. Оны халқымыздың поэтикалық энциклопедиясы десе де болады. Ол төкпе жырдың дүлділі, халық бағының бұлбұлы.


Үйге тапсырма: Жамбыл өлеңдерін жаттап келу. (1-2 мин)


Мұғалім: .......................... Сарманов Акбархон.

Баламалaқ тест



  1. Жамбыл Жабаев 1846 жылы дүниеге келген.

Дұрыс

  1. Жамбылдың әкесі осы кездегі байлардың бірі болған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет