Сабақ Пән: Қазақ тілі Сынып: 2«А» сынып Мерзімі: 17. 02. 2016 Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жекеше және көпше түрлері



бет2/2
Дата13.02.2017
өлшемі298,45 Kb.
#9254
түріСабақ
1   2

* слайд
- Әнуарбек Дүйсенбиев туралы не білесіңдер?

- Әнуарбек Дүйсенбиев кім? (Балалар ақыны)

-Қай облыста туған? (Алматы облысы)

-Әдебиеттік оқу пәнінен қандай өлеңдерін оқыдық?

- Ә. Дүйсенбиев 1931 жылы Алматы облысы, Қарақастек атты тау етегінде дүниеге келген. Балалар ақыны, «Сыйлық», «Не деу керек?», «Қайырлы таң балалар» өлеңдер жинағы бар. Өлеңдер жинағы қырғыз, татар, украин тілдерінде де басылып шыққан.

-Әдебиеттік оқу пәнінен қандай өлеңдерін оқыдық?

( Ақылшы мұғалім, Шырша жыры, Атай өлеңдерін оқыдық)



*слайд. 343 – жаттығу. (Өлеңді оқу, көшіріп жазу)
Біздің ғалым ағалар,
Біздің ғалым апалар
Ашты жолды аспанға.
Әлі ұшамыз алысқа,
Алыс Айға, Марсқа.
- Қарамен жазылған сөздердің астын сызамыз. Бұл сөздерді түбір күйіндегі қалпымен салыстырайық.
аға - ағалар, апа - апалар.
- Ендеше осы жерден қандай қортынды жасауға болады?
- Зат есімнің 2 түрі бар: жекеше, көпше.


*слайд Тақтаға назар аударайық. (слайдта ереже жазылған.)
Зат есімнің жекеше және көпше түрі болады.
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің жекеше түрі дейміз:
ата, құс, түйе.
Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерді зат есімнің көпше түрі дейміз: аталар, құстар, түйелер.
V. Сергіту сәті
*слайд Дәптермен жұмыс
344 – жаттығу(Көптік жалғауларының тиістісін қойып жазу,көпше түрдегі зат есімдердің астын сызу)

Ауданда суретші (-тер,-дер, -лер) жарысы өтті. Бала(-лер, -дар,-лар) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаз (-дар,-дер, -тар) ға сыйлық (-тар, -дар, -тер) тапсырылды.



* слайд. Өзіндік жұмыс

345-жаттығу. Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.
(ине, елік, терек суреті берліген)


-2




(Инеліктер)



-Инеліктер ұшатын жәндік.

*слайд. V Жаңа сабақты бекіту.

*Топтастыру әдісі

346-жаттығу.(Берілген жалғаулардан сөздер тауып айту.)

Ойлан, тап!» ойыны арқылы қорытындылаймыз.


-тер

-лар

-дар

-тар

*слайд

Кім жылдам?” ойыны



Сұрақтарға жауап беретін сөздер табу

1-топ 2-топ 3-топ 4-топ

Кім? Кімдер? Не? Нелер?

Бекіту:

-Бүгін біз қандай тақырып өттік? (Зат есімнің жекеше,көпше түрлері)

-Зат есімнің түрлері? (Зат есімнің жекеше және көпше түрі)

-Сұрақтары қандай? (Кім? Кімдер? Не? Нелер?)

-Көптік жалғауларын атау? (- лар, - лер, - тар, - тер, - дар, - дер)

* слайд . Үйге тапсырма беру.347 - жаттығу ,127 - бет
*слайд Жақсы сөз - жарым ырыс

VII. Бағалау.
 
 




«Б.Тұрсынов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Ашық сабақ


Пәні: Қазақ тілі

Тақырыбы: Зат есімнің жекеше, көпше түрлері

Сынып: 2 «А»

Бастауыш сынып мұғалімі Болдыханова Г.К.
2016 жыл, ақпан
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет