Сабақ реті: күні Тақырыбы


Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы



бет6/54
Дата11.12.2022
өлшемі468,5 Kb.
#162368
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
1-11-2-khimiyalyk-elementter-atom-molekulalar-d-i-mendeleevtin-periodtyk-zanyperiodtyk-zhujenin-kurylysy-54c8aeba33974

Электрондардың энергетикалық деңгейлер бойынша таралуы:
10-ЕТЖ-1 тексеру жұмысын жүргізу (20 бет,) 3нұсқа -№1,2,4; 4нұсқа-№2,3,4.

5-6

Жаңа сабақ түсіндіру кезеңі:

Білімділік міндеттері:
-оқушылардың өтілген материалды қабылдау ,есте сақтауын қамтамасыз ету;
-нақты қорытындылауға ,жүйелеуге әкелетін әдістермен тәсілдерді меңгеруіне жағдай туғызу;
- оқушыларды өтілген материалды қайта жаңғыртып, еске түсіру әдістерімен қамтамасыз ету;
-түсініктер,заңдар,ережелерді философиялық тұрғыдан түсінуге ,талдауға көмек ету;
-оқушылардың оқу материалын өз әдіс -тәсілдерімен бетінше қабылдауын қамтамасыз
Мұғалімнің толықтыруы
1.Берілген тақырыпты кітаппен өз бетінше оқу - 2.3 ( 55-56) жоспар бойынша:
Оқу және айтып беру:
1. Корпускулалық екі жақты қасиеті.
2. Орбиталь. Энергетикалық деңгейлер.
3. Бас квант саны.
4.Қорытынды.
Мұғалімнің толықтыруы.

Атомның орбитальдарының мөлшері әр түрлі. Электрон ядроға неғұрлым күшті тартылса, яғни ядромен неғұрлым берік байланысса, соғұрлым орбиталь мөлшері азаюы керек. Мөлшері жуық орбитальдардан электрондық қабаттар немесе энергетикалық деңгейлер қалыптасады. Энергетикалық деңгейлерді ядродан қашықтығына қарай нөмірлейді: 1,2,3,4,5,6,7. Кейде оларды сәйкесінше әріптермен белгілейді: K, L, M, N, O, P, Q. (2.4 сурет).
Электрондардың энергия қоры және ядро өрісіндегі олардың қозғалысының сипаты – атомдағы процестерді сипаттайтын, математикалық теңдеулерді шешкенде шығатын кванттық сандармен анықталады.

  • n бас квант саны

Электрондардың энергиясын сипаттайтын бүтін сан n бас квант саны деп аталады. Ол электрон орналасқан энергетикалық деңгейдің нөміріне тең. Бірінші энергетикалық деңгейдің электрондарының энергиясы аз, олар ядроға күшті тартылады. Келесі деңгейлердің электрондары үлкендеу энергия қорларымен сипатталады, олар ядромен әлсіздеу байланысқан. Сыртқы деңгейдің электрондары ядроға тым әлсіздеу тартылатыны анық.
Атомдағы энергетикалық деңгейлердің саны элемент орналасқан периодтың нөміріне тең: І период атомдарында – бір энергетикалық деңгей, ІІ периодта – екі, ІІІ периодта – үш және т.с.с. Энергетикалық деңгейдегі электрондардың максимал саны (V периодқа дейін) мынадай формуламен анықталады:

мұндағы N – электрон саны, ал n – деңгей нөмірі немесе бас квант саны.
Осы теңдеуге сәйкес, 1-энергетикалық деңгейде екі электрон: 2-де – 8,3-де – 18, 4-де – 32 электрон бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет