Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу



бет5/6
Дата23.10.2016
өлшемі1,2 Mb.
#86
түріСабақ
1   2   3   4   5   6

Сабақтың барысы : Сыртқы істері


Алаш Орданың ақтармен бұл бағыттағы алғашқы байланысы, 1918 жылы 8-ақпанда большевиктер тұтқындаған Сібір облыстық Думасының орнына құрылған Уақытша Сібір үкіметімен болды. Алаш Орда жетекшілері атаманДутовпенСамардағы Құрылтай жиналысы мүшелері Комитетімен (Комуч),Омбыдағы Уақытша Сібір үкіметімен де байланыс жасады. Басталып кеткен азамат соғысы Алаш Орданың ұстанар бағытында айқындауды қажет етті. Сөйтіп, қазақ аутономиясы өлкеде әлеуметтік-саяси негізі жоқ Кеңес үкіметіне қарсы күреске шығып, ақтарға қосылуға мәжбүр болды.

Уақытша Сібір үкіметі бастан-ақ қазақтарға ұлыдержавалық пиғыл танытты. Олар Алаш қайраткерлерінің ел ішіндегі беделін өздерінің мақсаттарын жүзеге асыруға мәселен, қажет кездерде әскер күшін жасақтау, соғыстың бүкіл салмағын халық мойнына арту т.б. жағдайларға пайдалануды көздеді. Бұл үкімет Алашорданың белгілі бір үкімет органы ретінде дербес, белсенді әрекет жасауына келісе қоймады. Архив деректері, Сібір үкіметінің мүддесін жүзеге асырушы эмиссарларға Алашорданың батыл қарсылық білдіріп отырғанын көрсетеді. Мұның соңы қазақ автономиясының өзін ресми тану туралы мәлімдемесін, Сібір үкіметінің «нағыз сепаратизмнің белгісі» деп айыптауымен аяқталды.Бұдан кейін Алашорда Бүкілресейлік биліктен үміткер тағы бір үкімет — Самарадағы құрылтай жиналысы мүшелері комитеті (Комучпен) қарым-қатынаста болды. 1918 жылы 8 маусымда өмірге келген негізінен эсерлер басқарған бұл үкімет, демократиялық принциптерге беріктігін бірден-ақ байқатты. Бұл олардың Алашордаға көзқарасынан-ақ байқалады. Тамыз айында Комуч құрылып жатқан басқа үкіметтердің қатарында Алаш Орданы да мойындайтындығын мәлімдеді. Комитет құрамына — Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, Ж. және Х. Досмұхамедовтер, А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, М. Шоқай және т.б. кірді. Бірақ бұл табыс та ұзаққа бармады.Оппозициялық күштерді біріктіру мақсатында Комуч ұйымдастыруымен 1918 жылдың 8-23 қыркүйегінде Уфа кеңесі өтеді. Кеңеске жоғарыда аталған қайраткерлер қатынасты. Бұратана халықтар атынан сөйлеген Ә. Бөкейханов өздерінің сепаратизмнен аулақ екендігін, демократиялық-федеративтік Ресеймен біртұтас екендігін айтты.Кеңес жүріп жатқан кезде 11-қыркүйекте Ә. Бөкейхановтың төрағалығымен Х. және Ж. Досмұхамедовтер, М. Тынышбаев, У. Танашев, Ә. Ермеков, А. Бірімжанов қатысқан Алашорданың төтенше мәжілісі өтеді. Онда қазақ автономиясын Алашорданың бір өзі басқаратыны, ал бұрынырақта (18-мамырда) батыс Қазақстандағы саяси жағдайға байланысты уақытша құрылған Ойыл уәлаяты таратылатыны шешілді. Оның онына жол қатынасы нашарлығымен соғыс жағдайы себебінен Алашорданың батыс бөлімшесі құрылды. Бұл болашақта шақырылатын Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы қарсаңында, бірауыздан құрылған автономия бар екенін Кеңеске қатысушыларға көрсету болатын.

23-қыркүйектегі Кеңестің соңғы күнінде Уақытша Бүкілресейлік үкімет — Директория жарияланды. Бірақ бұл Директория өзі жойылардан аз ғана бұрын 4-қарашада шыққан бұйрығымен, бөлінбейтін Ресейді қалпына келтіру үшін барлық облыстық үкіметтермен бірге Алашорданың орталық үкіметін таратып, оның облыстық, уездік ұйымдарын ғана қалдырды. Орнына мәдени-тұрмыстық мүдделерді басқаратын Бас Уәкілдік қызметін енгізді.Бас Уәкілдік мәселесі 18-қарашада Омбыдағы төңкеріс нәтижесінде өзін «Жоғары Билеуші» деп жариялаған адмирал Колчак кезінде қаралды. «Николайдың заманы мен тәртібі келген уақытта да» қазақ зиялылары көздеген мақсатынан таймады.

Колчак үкіметі Бас уәкілдің міндеті туралы Ережені талқылап, оған керекті материал жинау үшін қазақ даласына өз өкілдерін жіберді. 2-мамырда Семейге келген Ішкі Істер Министрлігінің өкілі Г. Малахов, аталған мекеменің Алашорда тағдыры туралы жоспарын бір топ қазақ интеллигенттеріне таныстырады.1919 жылы 6-мамырда А. Бірімжанов, М. Тынышбаев, Р. Мәрсеков, А. Қозбағаров, С. Дүйсембинов, Х. Ғаббасов өлкені басқару туралы жаңа Ережеге өз көзқарастарын білдіріп, Ішкі Істер министрлігінің «Бұратаналар» бөліміне Семейден хат жолдайды. Онда ұлттық-территориялық автономия құру туралы шешім қабылдаған ІІ жалпықазақ сьезі, 1917 жылдың өн бойында өткен облыстық сьездердің қорытындысы болғанын, сол съезд шешіміне қарай қажетті жағдайларда әрекет жасағандарын (Ресей мемлекетін қалпына келтіру үшін Кеңес үкіметіне қарсы ортақ күреске қосылғандарын) сондықтан да қазіргі ауыр жағдайда Ресей мемлекетін қалпына келтіруге кедергі келтірмес үшін ұлттық мүддені қоя тұрып, Уақытша Бүкілресейлік Өкіметтің 1918 жылғы 4-қарашадағы бұйрығына көніп отырғандарын, бірақ бұл жарлықтағы қазақ өлкесін басқаратын арнайы органның құрылуы туралы ереженің кешігуі, қазақ халқын алаңдатып тұрғаны айтылды.Одан әрі хатта, бұл мәселені шешуді жолсапарға өз өкілдерін жіберу арқылы емес, Омбыдағы үкіметпен келіссөз жүргізіп жатқан Алашорда өкілдері пікіріне жүгіну жолымен шешу дұрыс болатыны ескертілді. Сондай-ақ, хат иелері қазақ халқын басқару туралы Малахов әкелген жоспар-жобаға байланысты өздерінің мынадай ұсыныстарын да көрсетті:

1) Бас уәкілдік туралы. Алаш автономиясын құрайтын қазақ облыстарын басқаратын Бас уәкілдік жекелеген бір министрлік өкілдігі болмауы керек, ол қазақ халқын ұлттық басқару органы болуы тиіс. Сондықтан Бас уәкілдік Ішкі Істер министріне тәуелсіз болып, тек Министрлер Кеңесіне ғана бағынуы керек. Сонымен қатар Бас уәкілдіктің жанында жолдастарымен (орынбасар) қоса, Кеңес құрылуы тиіс.

2) Жергілікті жерлердегі басқару туралы. Бұл басқару ұлттық принципке негізделіп, облыстық әкімшілік және милиция басқармасы қазақ ұлттық басқару органына бағынсын. Ол үшін облыс-уез, болыстарда тікелей Бас уәкілдікке бағынатын ерекше органдар құрылуы қажет. Біздегі земство түрінде ойлайтын, өзін-өзі басқару органдарына келсек, қазіргі облыстық, уездік земстволар (барлық ұлтқа ортақ) сол күйінде қалып, ал болыстық земстволар қазақ, орыс халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерінің өзара айырмашылығы жер мен көктей болғандықтан, қазақтардікі орыс халқынан бөлек болғаны жөн. Болыстардағы әкімшілік органы земство мекемелеріне қосылып, оның міндеті земствоның бір мүшесіне жүктелсін.

3) Жекелеген мәселелер туралы. Діни істермен айналысатын жоғары инстанция — Бас уәкілдік жанындағы Кеңес болып, ол діни лауазымдары бар адамдармен толықтырылып отырса. Орыс бодандығындағы қазақтардың, шекаралас шет мемлекеттермен байланысы туралы істеріне қазақ ұлттық басқармасынан да адам қатыстырылуы қажет деп санаймыз.

Колчактың қазақ даласын басқаратын Бас уәкілдік тағайындау туралы жаңа Ережені жаңғыртқан әрекеті алайда жүзеге асқан жоқ. Мұның себебі, бір жағынан күннен-күнге жеңіліске ұшырап жатқан Ақ Армиядағы сәтсіздіктер болса, екінші жағынан ұлттық қозғалыстарға жауыға қарайтын орыс үкіметтеріне тән қасиетті бойына сіңірген Колчак билігінің өзінен болды.

Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин,Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.
Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алашорданың 1919 ж тарихи қалыптасқан жағдайлар барысындағы қызметі жайлы өз ойларыңды білдіріңдер ?

№ 21 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда және Кеңес өкіметі (1919-20ж.ж.)

Сабақтың мақсаты : Алашорда мен Кеңес өкіметі арасындағы байланыстарды аша отырып, толық мағлұматтар беру.

Сабақтың түрі : дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы : 1919 жылы жақсы қарулаыған және дайындықтан өткен Қызыл Армия Қазақстанның барлық майданында үлкен жеңістерге жете бастады. Кеңес республикасын Түркістанмен біріктіру үшін Түркістан майданының әскерлері тамыз айында жаппай шабуылға көтерілді. Астыртын жұмыстағы большевиктік ұйымдар мен партизан отрядтары Қызыл Армияның ұрысқа шыққан бөлімдерімен тығыз байланыста болды. Колчакшылар Қарқаралы совдепінің мүшелерін жазаға тартуды ойластырған 1919 жылы 1 желтоқсанға қараған түнде Семейде большевиктердің бастауымен қарулы көтеріліс болып, жеңіске жетті. Жаңа құрылған әскери-революциялық комитет қалада және өңірде Кеңес өкіметін қалпына келтіруге ұмтылды. Ескі шекарасы басқа губернияларға қарағанда кең ауқымды жерді алып жатқан, бір миллионнан астам халқы бар Семей облысында 1919 жылы 16 желтоқсанда уақытша облыстық революциялық комитет өз жұмысын бастады. Оның құрамында Скиба, Большаков, А. Бобра, В.А. Курамжина сияқты белгілі адамдар кірді. Қарқаралы өңірінде де сол күндері колчакшылардың жүгенсіздігіне қарсылық күшейді. Осы жылдың 12 желтоксанында Қарқаралыны Қызыл Армия бөлімдері азат етті. 1920 жылы 8 кантарда уездік революциялық комитет құрылып. А. Радченконың төрағалық етуімен Қарқаралы уезі делегаттарының съезі өткізілді. Осы жылғы 20 наурызда РКП(б)-нің Семей губерниялық бюросы Қарқаралы уездік бюросының құрамын бекітті.Жалпы, Кеңес өкіметі жеңгеннен кейін Қазақстанда да ескі мекемелер, оның ішінде Уақытша үкіметтің комиссарлары, отарлау-шенеуніктік, әкімшілік, қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сог жүйесі жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары Кеңестері арқылы жұмысшы, шаруалардың қолына өте бастады. Мұндай өзгерістердің іске асуында Қазақстан қалаларында құрылған төңкерістік комитеттердің ролі зор болды. Олар қызыл ұландар бөлімдерін, жұмысшы жасақтарын құрды, кедейлерге арқа сүйеп, қанаушы таптардың қарсылығына тойтарыс берді, өкімет билігінің Кеңестердің қолына өткендігін жариялап, олардың нығаюы үшін ат салысты. Кеңестер билікті ойдағыдай жүргізу қабілетіне ие болған жерлерде төңкеріс комитеттері өз міндетін Кеңестерге өткізіп отырды. Уездік төңкерістік комитет жанында еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулық, білім беру, әскери, жер, заң, пошта, телеграф, азық-түлік, жұмысшы-шаруа инспекциясы және халық шаруашылығы бөлімдері ашылды. Кейінірек бұл бөлімдердің саны өсті.1918-1920 жылдарда шетел басқыншылары мен елдің ішіндегі төнкерісті жақтайтын күштердің қарсылығы жеңілгеннен кейін, Қарқаралы өнірінде де экономиканы калпына келтіру, мемлекеттік құрылысты нығайту жұмыстары жүргізілді. Онын көкейкесті мәселелері қазақ жұртшылығының съездерінде талқыланды. Сол 1920-жылы алғашқы ауыл шаруашылық артельдері, коммуналар, совхоздар пайда болды. Қаланын жастарынан алғашкы комсомол ұйымы құрылды. Оны ұйымдастырып, іргесін қалаған осы қаланың үстін басып, Семейге қарай аттанған Разин атындағы қызыл әскер полкінің жауынгерлері еді.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Кеңес өкіметінің Алашордалықтармен байланысы

2. Алашорда үкіметінің ішкі саяси дамуы

№ 22 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда қозғалысы қайраткерлерінің Кеңестік Қазақстан тұсындағы қоғамдық –саяси қызметтері

Сабақтың мақсаты : Алашорда қайраткерлерінің Кеңес өкіметімен мәмілеге келуі, Кеңес өкіметі тарапынан амнистия жариялануы жайлы сабақта кең түрде ашып түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, ауызша баяндау

Сабақтың барысы : Алашорда сонымен бірге Кеңес үкіметімен байланыс жасауға тырысты. Халел және Жанша Досмұхамедовтер Ленин, Сталинмен, сондай-ақ Халел Ғаббасов ұлт ісі жөніндегі халық комиссары Сталинмен келіссөз жүргізді. Мұның нәтижесі — аутономияның мәдени мұқтажына орталықтың көмегі, бүкілқазақтық құрылтайды шақыру, өлкеде азаматтық бітімге келу туралы уәделер болды.Алаш қайраткерлеріне Бүкілресейлік Орталық Атқару комитетінің 1919 жылғы 4 сәуірдегі және 1920 жылғы 15 сәуірдегі шешімімен амнистия жарияланса да, Кеңес үкіметі күшіне мінгеннен кейін, олардың өткенін ешуақытта ұмыта да, кешіре де алған жоқ. Түрлі әдіспен бүркеленген қудалау ақыры, Алаш зиялыларын жаппай қырғынға ұшыратты. Бұл зобалаңнан аман қалған саусақпен санарлық зиялы қазақ, өмірлерінің соңына дейін Мемлекеттік Қауіпсіздік Комиеті назарынан тыс қалмады. Ал атылғандардың үрім-бұтақтары да соңғыларының кебін киді.Бұдан кейінгі Қазақстанның саяси тарихы бәрімізге белгілі. Алдымен 1920 жылы құрылған Қазақ Кеңестік Автономиялық социалистік республикасы, кейіннен 1936 жылы Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы болған тұсында қазақтар отаршылдық қамытынан қол үзген жоқ. Қазақ халқы өз тілін, дінін, әдет-ғұрпын, саяси санасын жоғалту алдында тұрды. Өз тілінен жеріген ұрпақ пайда болды, мәңгүрттік пайда болды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алаш қызметкерлерінің Кеңестік қазақстан тұсында атқарған қызметтерінің мәнін ашу.

2. Алаш мүшелері Кеңес өкіметімен байланыс жасаған қайраткерлер есімі

№ 23– сабақ

Сабақтың тақырыбы : Кеңес билігінің Алаш қозғалысына қатысушыларға қатысты көзқарасы мен шешімдері

Сабақтың мақсаты : Алаш қозғалысы , «Кіші қазан» науқанының қазақ халқына тигізген кері әсері жайлы айтып түсіндіру

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : баяндау, сұрақ жауап, лекция

Сабақтың барысы :  БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің бірінші хатшылығына 1925ж. қыркүйекке байланысты республикаға қысым жасау саясаты күшейіп, ерекше қатаң сипат алды. Бұл өкімет билігінің барлық демократиялық институттарын алмастырып біткен партия органдары енді, өздері құрған жүйенің тұтқынына айналды. Ф.И.Голощекин өлкелік комитеттің құрамына және хатшысы болып кооптация арқылы сайланды.

20ж. екінші жартысында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі күрт өзгерді. 1925ж. желтоқсанда өткен өлкелік партия комитетінің V Конференциясының “Ауылды кеңестендіру” туралы шешімі тап күресінің ишеленісуіне ықпалын тигізді. Республикада “Кіші қазан” төңкересін өткізу үшін идеологиялық негіз жасалды, бұл күшпен ұжымдастыру және 1937—1938жж. жаппай жазалау кезеңінде қазақ халқын үлкен қайғы-қасіретке ұшыратты.

Ұлттар мен ұлтшыл-уклонистер туралы қақтығысты ушықтыруға және жергілікті кадрларды құдалауға Н.И.Ежов аз “үлес” қосқан жоқ. Ол Марий обкомынан БК(б) П Семей губкомының хатшысы қызметіне жіберілді, одан кейін өлкелік партия комитеті ұйымдастыру-нұсқаушылық бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. Сол кезде, онымен қатар Қазақстанда голощекиндік-сталиндік үлгі бойынша “қайта құрумен” келіспеген ірі жауапты қызметкерлердің қарсылығы жанышталып тасталды. 1927—1929жж. көрнекті мемлекет қайраткерлері Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, М.Мырзағалиев республикадан аластатылды. Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы Ж.Мынбаев, Ағарту халық комиссары С.Сәдуақасов, Жер халық комиссары Ж.Сұлтанбеков және басқалар қызметінен алынды. Қазақ қызметкерлерінің көпшілік бөлігі топқа бөлініп, жікшілдік күресіне қатысты деп кінәләнді. Бұл жағдайға 1927ж. қарашада өткен 3-өлкелік партия конференциясының қарарлары куә. БК(б)П Орталық бақылау комиссиясы негізгі “топқа бөлінушілердің” бірі С.Сәдуақасовтың ісімен арнайы шұғылданғанына қарамай, мұндай топтардың бар екендігін таба алмады. И.В.Сталинге, В.М.Молотовқа, Л.М.Кагановичке жазған хатында Н.И.Ежов барлық қазақ кадрлары, барлық қазақ коммунистері ұлтшылдықпен және жікшілдік күреспен ұланған, олардың арасында діні сау партиялық күш жоқ деп мәлімдейді. Болашақ КСРО Ішкі істер халық комиссары Москваға ауысар алдында өзінің лаузымына осылай “даярланды”, 1937ж. жаппай жазалау соның жанталасуымен жүргізілді. 20ж. аяғына қарай жағдайды ұшықтыру мен күдікшілдік жаппай сипат алды. Орталықта троцскишіл-зиновьевшіл оппозициямен және “оңшыл оппортунистермен” күрестің күшеюі ұлт республикаларында ұлт-азаттық қозғалыстарының өкілдерін жазалау сипатында көрініс тапты. 1928ж. “буржуазияшыл ұлтшылдар” деген айдармен — бұрынғы Алашорда қайраткерлерінің ішінен 44 адам жалған айыптармен қамауға алынды. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Х.Ғаббасов және басқалар бар еді. Құрамында М.Тынышпаев, Х.Досмұхаметов, Ж.Досмұхаметов, Ж.Ақбаев, Қ.Кемеңгеров және басқалары бар (40 адам) басқа тобы 1930ж. қыркүйек-қазан кешікпей олардың ішінен 15 адам (М.Тынышпаев, Ж.Ақбаев, Х.Досмұхамбетов, Ж.Досмұхамбетов, К.Кемеңгеров және басқалар) Ресейдің Орталық-қаратопырақты облыстарына жер аударылды. Осылардың барлығына дерлік 1937—1938жж. жазаланды.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің қуғынға ұшырау себептері

2. «Кіші Қазан» идеясының тарихи мәні

№ 24 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Ұлт қайраткерлерін қуғындау, репрессиялау. 1937ж зұлмат

Сабақтың мақсаты : ХХғ 30-40 жж ұлт қайраткерлерінің қуғын – сүргінге ұшырауы, қуғын – сүргіннің демографияға әсері жайлы түсіндіре отырып, оқушылардың ой – өрісін дамыту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : лекция, түсіндіру, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы : 30ж. үшінші жартысы саяси репрессияның жаңа толқынымен белгіленді және ол жалпылама сипат алды. Сталиннің жеке басқа табынушылық саясатының күшеюі негізінде “халық жауларын” түгелдей тамырымен жою үшін партиядағы басқарушылар мен кеңес қызметкерлері арасында тазарту процессі жүргізілді. 1937—1938жж. “ұлтшыл-фашистер” мен сатқындық кінәсі Т.Рысқұлов, Н.Нұрмақов, С.Ходжанов, У.Құлымбетов, О.Исаев, О.Жандосов, А.Досов, А.Асылбеков, С.Садуақасов, С.Сафарбеков, Т.Жургенов және т.б. тағылды. Қазақтың ғылымы мен мәдениеті орны толмас шығынға ұшырады. Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж. және Х.Досмухамедовтар, М.Тынышпайұлы, М.Жұмабай, С.Сейфуллин, И.Жансүгүров, Б.Майлин, С.Асфендияров, Ж.Исанин, К.Кемеңгеров кінәсіз жазалаудың құрбандары болды. Оларға тағылған негізгі кінәлар ауыл шаруашылығындағы тоқыраушылық, 20—30жж. көтерілістер жапон разведкасымен байланыста болғандықтары, Қазақстан аумағын бөлуге жасаған шаралары болды. Қарағандыда және бірнеше аудандарда “халық жауларын” соттау процессі арқылы жүргізді. Алайда, “халық жауларының” негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешті.Қазақстан аумағы үлкен лагерьге айналды. Көптеген өндіріс өнеркәсіп орындарына жұмыс күші жазаланғандар санымен толтырылды. Қазақстан лагері бойынша жүздеген мың жазаланушылар өтті. 30ж. аяғында республикаға түгел халықтарды жер аудару процесі басталды. Қиыр Шығыстан корей халықтарын көшіру саясатынан басталды. 1937ж. “жапон шпионаждығынан сақтандыру” үшін 180 мың адам туған жерінен Қазақстан мен Өзбекстан көшірілді. Соғыс алдындағы жылдарда Қазақстанға Украина мен Белоруссиядан 102 мың поляктар жер аударылды. Жер аударылып келген халықтар жаңа жерлерін тастап кетуге және азаматтық құқықтарынан айырылды. Негізінен Қазақстанға басқа ұлт өкілдерін күшпен көшірілу процесі Соғыс жылдарында күшейтілді.

Сабақты бекіту сұрақтары

1. 1937 – 38 жж ұлт қайраткерлерінің қуғынға әділетсіз ұшырауы

2. Халық санының күрт төмендеу себептерін ашып көрсетіңдер ?

№ 25 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Кеңес өкіметі жылдарындағы Алаш туралы таным-түсінік эволюциясы.

Сабақтың мақсаты : Алаш жөніндегі түрлі пікірлердің шығуына, кейінгі ұрпақтың алашқа деген көзқарасы жайлы айтып түсіндіру.

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : кубизм стратегиясы, жеке шығармашылық жұмыс

Сабақтың барысы :

XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы дағдарысқа ұшырағанымен Кеңестік билік тұсында да өзінің идеялық жалғасын тапқандығы, тоталитарлық саяси жүйеге қарсы қазақ жастарының іштей наразылықтарының болғандығы, қоғамдық ұйымдарға бірігіп күрес жүргізуге тырысқандықтары байқалады. Өткен ғасырдың 20-жылдары қазақ зиялыларының бір тобы Ташкент қаласына шоғырланып, Х.Досмұхамедов, М.Әуезов, К.Жәленов және т.б. 1922 жылы қазақ халқының арасында мәдени-ағартушылық жұмыстарын ілгерілету мақсатында «Талап» қауымын құрған [72, 114 б.]. Қазақ жастарының арасында Кеңестік билікке қарсы наразылықтың болғандығын, комсомол ұйымының өзінде жікшілдіктіктің орын алғандығын 1928 жылы Ордада оппозициялық бағыттағы «Лениншіл жастар одағы» ұйымының құрылғандығы дәлдей түседі. Бұл ұйымның құрамына М.Бекқалиев, Г.Қайыржанов, Ғ.Бейсенов, Ә.Ілиясов, М.Шынтайбеков, Черников, Юсубалиев сияқты жастар кірген [73, 3-5 пп.].

Сонымен қатар Кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйенің қыспағына қарамастан Орал облысының Жалпақтал ауданының жастары 1941 жылдың қыркүйек айына қарай «Қазақ халқын қорғаушылар одағы» атты ұйым құрған. Бұл ұйымның құрылуына Ғ.Әнесов жетекшілік жасап, өзімен тілеулес жастар С.Бажекенов, Ғ.Тұрымов, С.Молдағалиев, С.Шорабаев, М.Нұралин, И.Мұхамбетқалиев, М.Әлиев, М.Ахметов, И.Насыров, К.Мақұлбаев, Ө.Аманов, С.Қаражанов, Қ.Сапаралиндерді ұйым мүшелігіне тартқан [74, 8 б.]. Зерттеуші Ж.Қыдыралинаның деректері бойынша 1951 жылы Б.Ысқақов, А.Нарешов, Темировтердің бастамасымен құрылған « ЕСЕП » (Елін сүйген ерлердің партиясы ), 1960 жылдардың басында З.Игіліков пен Қ.Жүнісовтың ұйытқысымен құрылған «Жас қазақ» ұйымдары өз қызметтерін ұлттық бағытта жүргізуге тырысқан [75, с. 109-110]. 1963 жылы Мәскеудің жоғарғы оқу орындарында оқып жүрген қазақ жастарының бір тобы « Жас тұлпар» атты шығармашылық бірлестігін құрған. Мұндай жерлес қазақ жастарының ұйымдары кейінірек Ленинградта, Украинада, Прибалтикада құрылған [76, 1 п.].

«Жас тұлпар» үлгісі бойынша қазақ жастарының жерлестер бірлестіктері мен топтары Қазақстанда және оның шет аймақтарында да құрыла бастаған. Мәселен, осы кезеңде Қарағандыда мединституттың бір топ студенттерінің ұйымы, Павлодарда Қаниев пен Р.Нұрбасаровтың ықпалымен «Жас ұлан» жасырын жастар ұйымы, Қостанай облысында Әжібаев пен Мырзабековтің басшылығымен «Жас түлек» ұйымы, ҚазМУ-дың студенттері Б.К.Төлеубаев пен Т.Т.Әлиевтің бастамасымен «Сарыарқа» ұйымы құрылған [75, с. 114-116].

Сабақты бекіту сұрақтары

1. Қазақ жерінде құрылған әр түрлі ұйымдар мен партиялардың жүргізген ұстанымдары және бағыт – бағдары жайлы қандай пікірдесіңдер ?

№ 26 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары, білім мен ғылым жайындағы пікір-пайымдары, рухани мұрасы

Сабақтың мақсаты : Алашорда қайраткерлерінің көзқарастары, білім мен ғылым жайындағы пікір-пайымдары, рухани мұрасымен таныстыру

Сабақтың түрі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, ауызша баяндау, сұрақ - жауап

Сабақтың барысы :Халыққа білім беру жүйесінің дамуы және жаппай сауатсыздықпен күрес-кеңестік тәртіп тұсындағы бірден-бір сөзсіз жетістік болды. 1918 жылы “Бірыңғай еңбекші мектебі Декларациясы мен “Бірыңғай еңбек мектебінің ұсынысы” қабылданып, онда кеңестік білім беру жүйесінің басты принциптері жарияланды – ақысыз, бірлескен ұлдар мен қыздар оқуы, құдайды уағыздап оқыту тәртібін жою, жазалаудың барлық түрін өзгерту, мектептік өзін-өзі басқару. Барлық мектептер екі сатыдан тұрды – бірінші, 8-13 жас аралығындағы балаларға арналған, ал екіншісі – 13-17 жас аралығындағы балалар. Кеңестік медрессе, мектеп және орыс-қазақ мектебі бірден белсенді жұмыстар атқарып кетті. Азамат соғысы аяқталған тұста Қазақстанда 2410 мектеп болып, онда 114 мың оқушы оқып, оның 31 мыңы қазақтар болды.

20-ш30-шы жылдары мектептерді әдістемелермен қамтамасыз ету үшін үлкен жұмыстар жүргізілді. 1921 жылы Семейде Ахмет Байтурсынов пен Міржақып Дулатовтың “Есеп құралы”, “Оқу құралы”, “Тіл құралы” атты оқулықтары басылып шықты, Мемлекеттік баспадан зиялылар редакциялық коллегиясының жаңа оқу құралдары басылды; А.Бөкейханның (“География”), М.Жұмабаевтың (История Казахстана; Педагогика), Ж.Аймауытұлының (“Дидактика”), Б. Омаровтың (“Алгебра”), және басқа да белгілі ұлттық интелегенция қайраткерлерінің жұмыстары басылды. 1927-28 оқу жылы қазақ мектептеріне арналып 30-ға жуық оқулық жалпы 575 мың экземпляр болып басылып шықты.

1929 жылы қазақ тілінің араб графикасынан латынға ауысуы білім беру жүйесіне ауыр соққы болып тиді. Біртіндеп жүргізілген сауатсыздықпен үкіметтің күресі қазақтардың ғасырлар бойғы рухани мұраларын жоя бастады, араб шрифіндегі кітаптар қолданыстан шықты. А.Байтұрсыновтың 1924 жылғы шыққан кітабын қазақтармен қатар түрік тілдес халықтар да түсінетін, бірақ араб графикасындағы кітаптарды оқу саяси қателік болып саналды. Жүздеген мың араб графикасымен оқи алатын қазақтар сауатсыздарға айналып, жаңа әліпбиге көшуіне тура келді.

ХХ ғасырдың басында қазақ әдебиеті жоғары деңгейде болды. Қазақ әдебиетінің классиктері – А.Байтұрсынов, Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытұлының шығармалары көпшілік құрметіне ие болды. Олар өз шығармаларында жалпы адамзаттың құндылықтарды, гуманизм принциптерін ұстанды. Сол жылдары “пролетарлық” әдебиеттің жас әдебиетшілер буыны пайда болды – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, С.Мұқанов, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтың және М.Хакімжанованың алғашқы еңбектері жарық көрді.

20-шы жылдардың бірінші жартысы әдебиеттегі Абай салған классикалық бағыттау үстемдігімен сипатталады. Бірақ үгіт–насихаттың әдебиет арқылы жүргізілуінің тиімділігін жақсы түсінген өкімет қазақтың “социалистік реализм” бағытын құруға үлкен күш салды. Бұл ойлар 1925 жылғы өлкелік партия конференциясында, 1924 жылғы Москвадағы жоғарғы оқу орындарындағы қазақ студенттерінің жиналысында және 1979 жылы Ташкенттегі қазақ студенттерінің жиналысында айтылды. 20-шы жылдардың ортасында қоғам өміріндегі әдебиеттің орны мен ролі және қазақ “пролетар” әдебиетінің көлемі жөнінде пікір-талас қыза түсті. Осы пікір-талас барысында М.Жұмабай, Ж.Аймауытұлы, А.Байтұрсын, М.Дулатұлы, К.Кеменгеров сынды ақын және жазушылар ұлтшылдықпен анықталынды. 20-шы жылдардағы осы авторлардың әдеби шығармашылығы антикеңестік қастандық деп айыпталып, репрессиялуға сылтау болды. Онымен қатар “пролетарлық” жазушылар мен ақындардың шығармашылығына саяси бақылау орнату жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай мақсатта 1926 жылы өзінің “Құс жолы” баспа органы бар қазақ пролетар жазушыларының ассоциациясы (КазАЛП) құрылды. Бұл альманах “буржуазияшыл” және “ұлтшыл” әдебиетшілерді сынаудың негізгі қаруына айналды. Осылайша, 30-шы жылдардың басында Қазақстанда әдебиетке қатаң бақылау орынаталады, бірнеше төл жанрлар, тақырыптар және бағыттардың жазылуына тиым салынады және қазақ әдебиетінің одан әрі дамуы үкімет саясатының жетегінде жүзеге асты.

Сабақты бекіту сұрақтары

1.Алаш зиялыларының әдеби құндылықтарының мәні неде ?

2. қазір «Оян, қазақ ! » ұранының өзектілігі жойылды ма?


№ 27 – сабақ

Сабақтың тақырыбы : Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейхан-ұлттық қозғалыс көсемі

Сабақтың мақсаты : Әлихан Нұрмұхаметұлы Бөкейханның өмірі, еңбектеріқайраткерлігі жайлы кеңінен тоқталу, оқушылардың қосымша білімдерін кеңейту

Сабақтың түрі : лекция сабақ

Сабақтың әдісі : түсіндіру, лекция

Сабақтың барысы : Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекетқайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашордаавтономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.



Каталог: uploads -> doc -> 0177
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
doc -> Ақан Сері Қорамсаұлының шығармашылық өмірбаяны Сабақтың мақсаты Білімділік
0177 -> 1. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; 2
0177 -> Тақырыбы: «Қызықты география әлемінде» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет