Сабақ. Сабақтың тақырыбы: «[Р],[Л] дыбыстарын буында,сөзде және сөйлемде бекіту»



Дата07.02.2022
өлшемі18,36 Kb.
#90674
түріСабақ
Байланысты:
0007ff5e-0f7be723





Логопедиялық жеке сабақ. 
Сабақтың тақырыбы: «[Р],[Л] дыбыстарын буында,сөзде және сөйлемде бекіту».
Сабақтың мақсаты:
а) Түзете дамыту: Артикуляциялық жаттығуларды және ұсақ моторика
жаттығуларын дамыту.[Р],[Л] дыбыстарын салыстыра отырып буында, сөзде,сөйлемде дұрыс, анық айтуға үйрету, фонетикалық есту
қабілетін жетілдіру. Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану.
ә) Тәрбиелігі: Оқушыны достыққа, татулыққа тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:Оқушы «Р», «Л» дыбыстарын дұрыс ажырата білуге,жазба жұмыстарында қатесіз жазуға үйренеді.
Дерек көздері: Магнитті әріптер, буын топшамалары, суреттер ,қосымша Интерактивті тақтада «Р», «Л» дыбыстарының артикуляциялық профилі
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Амандасу.
- Сабақтың тақырыбымен таныстыру.
-Көңіл-күй ахуалы: Мұғалім мен оқушы бір-біріне жақсы тілек айту.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.Айнаға қолдана отырып «Күрек», «Атта шабу», «Саңырауқұлақ», «Сылақшы», «Әткеншек»,
«Сағат», «Тәтті тосап». «Үстел», «Қарға» жаттығуларын орындату.
2. Ит қалай ырылдайды?
Раушан, Рахат, Рамазан
Қай дыбыстан басталған?
Ләйлек, лақ, лимон
Қай дыбыстан басталған?
«Ұстап ал» ф/о.
3. «Қосып оқы,тез оқы» б/о. (Берілген буындарды қосып,тез оқуға үйрету).
АКТ-ның көмегімен.
4. «Тез ойла, сөз ойла». (сөздер ойлап айту)
Рас, рай, рахмет, Раушан, , Рауан,
Лаура, лама, лауазым, лимон, лашын.
5. Сөйлемді соңымнан дұрыс қайтала.
Райхан мен Раушан сыныптас құрбылар.
Райхан теледидар қарап отыр.
Лаура гүлге су құйды.
Бал арасы тынбай егіс даласын аралайды.
Тал түсте дауыл басталды.
ІІІ. Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық.
Қолды алға созайық.
Алақанда бір ашып,
жұдырықты бір түйіп,
Шапалақтап соғайық.
ІV. Қорытынды: Бүгінгі сабағымызда қай дыбыстарды салыстырып, ерекшеліктерін білдік ?
[Р],[Л] дыбыстарынан басталатын сөздерді аташы.Сабақ саған ұнады ма?

Сабақ тақырыбы: Артиккуляциялық жаттығулармен таныстыру
Мақсаты:
Баланы түзету жұмысына ынталандыру, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйрету, зейін, тындау, ойлау қабілетін дамыту.
Арнайы логопедиялық тапсырмаларға қарай артикуляцияны дұрыс қалыптастыру, дыбысты қабылдау, ажырату .
Фонематикалық қателікті түзету
Күтілетін нәтиже: Баланың түзету жұмысына ынтасы артады,, саналы түрде тапсырмаларды орындауға үйренеді, зейін, тындау, ойлау қабілеті дамиды.
Арнайы логопедиялық жаттығулардың нәтижесінде сөйлеу тілінің артикуляциясы дұрыс қалыптасады, дыбысты дұрыс қабылдап, ажырата біледі.

Дерек көздері: Интерактивті тақтада артикуляциялық аппараттың профилдері,тіл, ерін қимыл жаттығуда қолданылатын, тіл қимыл суреттері, аталған заттар бейнелері.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру:
мұғалім оқушы
- Сәлеметсіңдер ме?
- Көңіл -күй қалай?
- бүгін қандай күн? 
Шаттық шеңберіне тұру:Бір-біріне жақсы тілектер айтқызу
ІІ. Жаңа сабақ:
Артикуляциялық жаттығуларды дұрыс қалыптастыру үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жаттығулар қойылатын дыбысқа байланысты жүйеленеді және ерін, тіл қимылдарын, қалпын дағдыландыруға бағытталады. Балаларды қызықтыру үшін және жаттығуды ойларына сақтап қалу үшін әр жаттығу әртүрлі атпен аталады.
«Күрекше» – жалпақ тілді шығарып астыңғы ерінге ұстап тұру керек. Бірнеше рет қайталау керек.
«Ине» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
«Төбешік немесе жота» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
«Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек.
«Ожау» – ауызды кең ашып, жалпақ тілді көтеріп жоғары тістерге созып, бірақ тигізбей ұстап тұру керек.
«Сағат тілі» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
«Алтыбақан» – жіңішке тілді ауыздан шығарып біресе мүрынға созып, біресе иекке созу жаттығуды жасағанда ауыз ашық болу керек. Осылай 10-15 рет қайталау керек.
«Тәтті тосап» – жалпақ тілді шығарып жоғары ерінді жалап, тілді ауыз қуысына тереңірек апару. /15 рет қайталау/.
«Тоқылдақ» – ауызды кең ашып тілдің ұшымен жоғарға альвеолоға немесе таңдайға жиі-жиі соғылғандай қимыл жасау керек.
«Аттын шабуы» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу.
Аталған жаттығулардан тек әр дыбысқа керекті жаттығулар алынады.
Дыбыстарды қою кезеңі фонемаларды дұрыс айтылуын алғашқы қалыптастыру қою кезеңі.
ІІІ. Сергіту сәті:
Оқушылар бұл жаттығуларды орындау барысында ауызымыз шаршайды, сондықтан да терең тыныс алу жаттығуларын орындап дем алып аламыз.
Кеудемізге ауа толтырамыз 1-2-3, енді барлығын шығарамыз. 5 рет қайталаймыз.
Сабақты бекіту: Біз сабақта қандай жаттығуларды орындадық. Естерінде қандай жаттығулар қалды, соларды орындап көрсетіңдерші.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет