Сабақ соңында, келесі сабақта қай тақырыпты өтетіндігі жайлы хабарлайды


«Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар» әдісі



бет11/11
Дата08.02.2022
өлшемі34,79 Kb.
#117353
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Геомет 11 сын ЖМБ КМЖ, 1606281078, 1553972817, The best language learner Лучший знаток языка, Шаблон 4 к.1сем рк1, null, жоспар рухани, Modern English period, Кіру билеті, 02 Мұғалімге арналған нұсқаулық, fizika-7-synyp-test-sratary-5-nsa..... (1), stud.kz-21511, Жетекшілік жоспар Раушан, Жетекшілік жоспар Раушан
«Көп нұсқалы жауаптарды қажет ететін сұрақтар» әдісі
- Не себепті қиын болды?
- Сабақта нені білдім, қандай жаңа нәрсе үйрендім?
- Сабақта сіздердің болжамдарыңыз орындалды ма?
- Бүгінгі сабақтан не алдыңыз?
- Сабақ сіздерге қандай ой тастады?


«Рахмет…» әдісі
Сабақтың соңында мұғалім әр оқушыға бір оқушыны таңдатып алып,ынтымақпен жұмыс жасаған балалар бір-біріне ілтипатын білдіріп,ынтмақтастықты түсіндіреді. Мұғалім мадақтау
сөзінен кейін ең аз мадақтау естіген балаға қошеметін білдіреді.


«Бүйір журналы» әдісі
Ақпараттың тіркелу түрінде сөздің кілті, графикалық модельдер, қысқа сөйлемдер, бекіту сұрақтары болады. «Бүйір журналын» оқушы жүргізеді, онда тақырыптың кілті, байланысы
болуы мүмкін, сол арқылы оқушы негізгі сұрақ тудырта алады.
«Күнделік» әдісі
Күнделіктің түрлері: кәдімгі көркемді альбом күнделігі, екі бөлімді күнделік бір жағында бақылау нәтижелері, дәйек сөздер, екінші жағында түсініктеме және т.б. Эссе мен «бүйір журналынан» айырмашылығы күнделік ұзақ мерзімді жүргізіледі мұнда оқушылар өздерінің ойларын сабақтан алған әсерін, іс -әрекеттерін салыстырмалы түрде жазады «Бөліп жинаған» рефлекция деп те айтуға болады.


«Үш «Ж» және Бір «Ә» әдісі
Мұғалім оқушыларға сабақта өздеріне ұнаған үш жақсы кезеңді таңдап алу ұсынылады, ал оқушы болса сабақты жақсарту үшін өзінің бір әрекетін ұсыну қажет.


«Сөз соңында менің айтарым"...» әдісі
Оқушыларға дәйекті түрде жауап беруге үш сұрақ беріледі.
-Сабақта сіздердің болжамдарыңыз қаншалықты орындалды және бұл үшін кімге рақмет (мұғалімнен басқа)?
-Не түсініксіз неліктен?
-Мен және біз болашақта нені күтеміз?


«Парталас көршіңе бір сөз таңда» әдісі
• Сен жарайсың.
• Сабақтағысеніңжұмысыңа мен қанағаттанамын.
• Сеніңмүмкіндігіңодандазор.


«Оқушылар СҰРАҚТАРЫН қалдырады» әдісі
Мысалы: Жаңа тақырыпты оқыған кезде не туралы білгіңіз келеді?, Білімді бағалау үшін мұғалімнен немесе басқа оқушылардан сұрау. Алдағы уақытта біліміңізді жақсартқыңыз келетін біліу/түсінбеу саласын көрсету. Қабілеттері шамалы оқушыларды «Не» сұрау есімдігін пайдаланып сұрақ қоюға, ал қабілеттері барынша дамыған оқушыларды «Егер де …, не болады?» деген үлгіде сұрақ қоюға ынталандыру.

«Пайыз» % әдісі
Сабақ аяғында сабақ тақырыбы қаншалықты түсінгендерін пайызбен көрсетеді. Мәселен, 0% түк түсінбедім, 50 % түсінген сияқтымын, әлі де көмек қажет, 75 % түсіндім,
100% өте жақсы түсіндім.
«20 секунд» әдісі
Мұғалім түйінді сұрақ қойып 20 секунд ішінде ойлануды ұсынады. (Бұл әдіс барлық оқушының өз жауабы туралы ойлануға мүмкіндік береді. Мұғалім сұрақ қойған соң 1-ші секунд ішінде жауабын сұрай бастайды, түсіну қабілеті жоғары 4-6 оқушы бірден жауап ұсынады. Ол басқа оқушылардың өз ойын білдіруіне мүмкіндік берілмейді). Орта және жоғарғы сынып оқушыларына талқылау барысында бір-бірлерінің ойлау үдерісін тежемеу үшін өз жауаптарын (идеялар, жеке сөздері) қысқаша түртіп алу ұсынылады.
«Үшминуттік кідіріс»
Мұғалім сабақ тақырыбының негізгі идеясын анықтап, өткендегі сабақпен байланыстырып, түсініксіз жерлерін анықтау мақсатында сабақта үшминуттік кідіріс береді.
ƒ-Мен ………. деген өз ойымды өзгерттім.
ƒ-Мен …………. туралы көп білдім.
ƒ-Мені …… таң қалдырды.
ƒ-Мен … сездім.
-Мен………… басқаша қарайтын болдым.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет